В помощь педагогу.
Вторник, 07.05.2024, 03:39
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Компьютеры и информатика

    Құжатта сілтемелерді ұйымдастыру. Атау. Иллюстрация тізімі. Қиылыс сілтемелер. Мазмұнды баптау.
    Сыныбы ________ Күні________
    Сабақтың тақырыбы: Құжатта сілтемелерді ұйымдастыру. Атау. Иллюстрация тізімі. Қиылыс сілтемелер. Мазмұнды баптау.
    Сабақтың мақсаты
    Білімділігі : Оқушыларға сілтеме құрып, мазмұндарды баптап үйрету, сілтеме қай жерлерде қолдану керектігін үйрету.
    Дамытушылығы : сілтеме құрып, мазмұндарды баптап қолдануды тәжірибеде үйрету арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
    Тәрбиелік: Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
    Сабақтың барысы
    І Ұйымдастыру кезеңі
    ІІ Өткен материалды қайталау
    ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
    ІV Сабақты бекіту
    V Үйге тапсырма
    Өткен материалды қайталау сұрақтары
    1. Бет өрістерін рәсімдеу әдістерін сипаттаңыз.
    2. Бет нөмірлерін қалай қоюға болады?
    3. Колонтитулдар деген не? Онда қандай хабарламалар болуы мүмкін?
    ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.
    Нұсқамалар
    Нұсқамалар әр түрлі түрдегі үлкен құжаттардың қажетті атрибуты болып табылады. Әсіресе олар әр түрлі ғылыми жұмыстар, рефераттардан бастап, дипломдық жобалар және ғылыми мақалалар жазу кезінде маңызды. Word бағдарламасында нұсқамаларды автоматты түрде құру мүмкіндігі бар. Бұл тәсілдің ерекшелігі, бағдарлама нұсқаманы беттің төменгі жағына автоматты түрде орналастырады, оған лайықты қәріп өлшемін таңдайды және құжатта қандай да бір өзгеріс болса, онда нөмірлеуді сақтайды.
    Нұсқама екі бөлімнен тұрады: мәтіннен және құжаттың сәйкес келетін сөзінің жанында сан түріндегі сілтемелер. Мәтіннің орналасуына байланысты нұсқамалар екі түрде болуы мүмкін:
    • Қарапайым- мәтін сілтеме орналасқан бетте болады;
    • Соңғы- мәтін құжаттың, дәрістің т.б. соңында орналасады
    Нұсқамаларды құру
    Нұсқамаларды жылдам құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
    1.Құжаттың нұсқаманы орнату қажет жеріне курсорды орналастырыңыз;
    2.Лентада Сілтемелер қосымшасындағы Нұсқамалар тобында Нұсқаманы кірістіру батырмасын басыңыз. Соңғы нұсқаманы кірістіру үшін Соңғы нұсқаманы кірістіру батырмасын басыңыз;

    3.Нұсқама мәтінін енгізіңіз . Егер қарапайым нұсқамалардың мәтіні өте ұзын болса, онда Microsoft Word бағдарламасы оны келесі бетке көшіретінін есте сақтаңыз.
    Нұсқамалардың қосымша параметрлерін беру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
    1. Құжаттың нұсқаманы орнату қажет жеріне курсорды орналастырыңыз;
    2. Нұсқамалар тобының төменгі бөлігіндегі, төменге бағытталған бағыттауыш түріндегі батырмаға басыңыз.

    Нұсқамалар терезесін шақыруға арналған батырма
    Нұсқамалар диалогтық терезесінде құжаттағы нұсқама түрін таңдаңыз:
    • Нұсқамалар- бұлардың мәтіні беттің төменгі өрісінде орналасуы мүмкін (Беттің төменгі жағында параметрі) немесе сілтеме орналасқан беттің соңғы жолынан төмен негізгі мәтінде орналасады (Мәтінің төменгі жағында параметрі);
    • Соңғы нұсқамалар- мұндай нұсқамалардың мәтіні Құжат соңында немес Бөлім соңында орналасуы мүмкін;

    Нұсқамалар диалогтық терезесі
    • Пішім аймағында нұсқамаларды нөмірлеу тәсілін таңдаңыз. Әдетте бұл араб сандары болады, бірақ сіз кез келген басқа да символдарды бере аласыз;
    ... бастау өрісінде нөмірлеуді бастау қажет символды орнатыңыз;
    • Нұсқамаларды баптауды аяқтаған соң Кірістіру батырмасын басыңыз және нұсқама мәтінін енгізіңіз.
    Нұсқама мәтінін редактілеу
    Егер сіз Беттерді белгілеу режимінде жұмыс жасап отырсаңыз, онда нұсқама мәтіні беттің төменгі жағында көрініп тұрады (7.5. Сурет). Сіз оны қарапайым мәтін сияқты кез- келген уақытта редактірлей аласыз. Егер Черновик режимінде жұмыс жасап жатсаңыз, онда нұсқама мәтіні нұсқама аймағында бейнеленеді және сіз редактірлеуді аяқтап, аймақтың жоғарғы бөлігіндегі Жабу батырмасын басқан кезде жоғалып кетеді.
    Сілтеме таңбасына курсорды әкелу арқылы мәтінді көруге болады (мәтін экрандык көмек түрінде бейнеленеді).

    Нұсқама мәтіні экрандық көмек түрінде бейнеленеді
    Жаттығу. Нұсқамаларды құру және редактілеу
    1. Кез келген құжатты ашыңыз. Түр қосымшасын өтіңіз. Өзіңіздің Черновик режимінде жұмыс жасап отырғаныңызға көз жеткізіңіз.
    2. Құжаттың нұсқамаларды кірістіру қажет жеріне курсорды орналастырыңыз, Сілтемелер қосымшасына өтіңіз және Нұсқамаларды кірістіру батырмасын басыңыз.
    3. Пайда болған нұсқамалар аймағына нұсқама мәтінін енгізіңіз
    4. Нұсқамалар аймағындағы Жабу батырмасын басыңыз. Сілтемелер жанындағы нұсқамаға курсорды орнатып нұсқамалар қосылғанына көз жеткізіңіз .
    5.Түр қосымшасын өтіңіз және Беттерді белгілеу батырмасын басыңыз. Бұл режимде таңдалған параметрге сәйкес, нұсқама беттің төмен жағында көрінетініне көз жеткізіңіз.
    6. Курсорды нұсқамалар аймағына орналастырыңыз және нұсқама мәтінін редактрлеңіз.
    ІV Сабақты бекіту
    1. Нұсқама қанша бөлімнен тұрады?
    2. Нұсқама дегеніміз не?
    3. Нұсқаманы қалай құрамыз?
    V Үйге тапсырма
    Құжатта сілтемелерді ұйымдастыру. Атау. Иллюстрация тізімі. Қиылыс сілтемелер. Мазмұнды баптау.
    Категория: Компьютеры и информатика | Добавил: карла (20.01.2015) | Автор: Жуманазарова Қарылға Бекмурзаевна E
    Просмотров: 2834 | Теги: Информатика | Рейтинг: 5.0/2
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024