В помощь педагогу.
Вторник, 07.05.2024, 00:26
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Компьютеры и информатика

    3D-кеңістігінің бағдарына кіріспе.
    Сабақтың тақырыбы: 3D-кеңістігінің бағдарына кіріспе.
    Сабақтың мақсаты:
    Білімділік: Оқушыларға 3D STUDIO MAX-тың құрал-жабдықтары мен командалары қайда орналасқанын және не үшін қолданылатынын үйрету.
    Дамытушылық: Оқушылардың ақпараттық-технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.
    Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
    Сабақтың түрі: дәстүрлі
    Сабақтың типі: аралас сабақ
    Сабақтың жоспары:
    I Ұйымдастыру кезеңі.
    II Үй тапсырмасын тексеру.
    III Үй тапсырмасын бекіту.
    IV Жаңа сабақты меңгертуге дайындық кезеңі.
    V Жаңа сабақты меңгерту.
    VI Жаңа сабақты бекіту.
    VII Үйге тапсырма беру және бағалау.
    Сабақтың барысы
    I Ұйымдастыру кезеңі.
    • Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу
    • Оқушылардың назарын сабаққа аудару
    II Үй тапсырмасын тексеру.
    1. Shape (Фигура) нысаны арқылы не салуга болады?
    2. Туды салу процедирасында Rectangle деген нені білдіреді?
    3. Мұнда қандай процедуралар қолданылған?
    4. FillStyle қасиетіндегі Solid деген нені білдіреді?
    5. Күннің суретін салу ціиін қандай фигуралар қажет?
    V Жаңа сабақты меңгерту.
    3D-кеңістігінің бағдарына кіріспе.
    Қазіргі уақытта копьютерлік технология әлемінде үшөлшемді графика мен анимацияны зерттеу ерекше орын алады. Үшөлшемді анимацияны құрастыру үшін графикалық модельдеу программасы бойынша терең білім қажет. Осындай программалардың бірі 3D STUDIO MAX болып табылады. Бұл программа дүние жүзінде ең көп таралған. 3D STUDIO MAX-ті кинофильмдер мен теледидар үшін анимациялар мен арнайы әсерлер үшін қолданылады. Сонымен қатар 3D STUDIO MAX-ті дизайнерлер мен архитекторлар өз жұмысында кеңінен пайдаланады. Дүние жүзі бойынша мыңдаған дизайнерлер үшөлшемді ойындарды және Web-бетінің тамаша үшөлшемді графикалық элементтерін жасау үшін осы тамаша программа қолданылады. Өткен ғасырларда өмір сүрген аса танымалы суретшілер қазіргі уақытта біздің қатарымызда жүрген болса, онда олар үшөлшемді модельдеу программасының ұсынып отырған мүмкіндіктерін қолдануды қолдан жібермес еді. Алғашқыда суретшілер үшөлшемді бейнені тек қана көлеңке, перспектива және рең көмегімен бейнеленетін екіөлшемді кенеппен шектелген болатын. Енді оларда камера көмегімен “Кенептің” ішіне кіріп өзінің шығармашылығын үшөлшемді кеңістіктің кез-келген бұрышынан көру мүмкіндігі пайда болды. Екіөлшемді суретті салғаннан кейін бейне ойластырылған қалпында қалады. Ал үшөлшемді кеңістікте жұмыс істегенде барлығы өзгеше. Текстуралар және жарық көздері үшін уақытша есептеулер мен бекітулержасалған соң, барлық объектілерді өз позицияларына орналастырғаннан кейін үшөлшемді кеңістікте бейнені кез-келген бұрыштан қарап, еркін қозғалуға болады. Қандай да болмасын дәстүрлі екіөлшемді сурет “біркелкі” туынды болса, ал үшөлшемді композициялар үшін шексіз кқп суретті кадрлар алуға болады.
    Фильмдер пайда болмай тұрып суретшілер барлық мүмкін сәттің тек қана бір сәтін қозғалтқан, ал қазір олар қозғалыстың тізбегін жасай аламыз және оларды тіпті жандандыра алады. Үшөлшемді кеңістікте қозғалыс дегеніміз төртөлшемді қозғалыс(төртінші кеңістікке уақыт жатады). Жылдамдығы аса үлкен компьютерлік құрылғының және жаңа программалық құралдар көмегімен суретшілердің арманы үшөлшемді кеңістікте орындалады.
    3D STUDIO MAX-тың құрал-жабдықтары
    3D STUDIO MAX-тың құрал-жабдықтары мен командалары нақты операцияларды орындау үшін қолданылады. Сондықтан олардың қайда орналасқанын және не үшін қолданылатынын білу қажет. Программаның меню жолы және құрал-жабдықтар панелінің жиынтығы орналасқан.
    Меню жолы бұл - 3D STUDIO MAX терезесінің жоғарғы жағында орналасқан аталған элементтердің тізбегі. Осы жолдағы кез-келген элементке тышқанды апарып басқанда оған сәйкес пункттер пайда болады. Менюді жабу үшін экранның кез-келген жеріне тышқанды апарып, оны басу керек.
    Салым панелі терезенің жоғарғы жағында орналасқан. Егер оның біреуі таңдап алынса, онда оған сәйкес құрал-жабдықтардың тізбегі пайда болады.
    Құрал-жабдықтардың негізгі панелі салым панелірің төменгі жағында орналасқан, мұнда 3D STUDIO MAX-тың негізгі құрал-жабдықтары орналасқан. Бұл панельдің құрал-жабдықтарының батырмалары сахнадағы объектілерді бейнелеу, модельдерді организациялау үшін арналған.
    Проекция терезесінің төменгі жағында басқарудың тағы бір аймағы бар. Бұл аймақ екіге бөлінген: анимацияны басқару элементтері және проекция терезелерін навигациялау элементтері.
    Анимацияны басқару элементтері аты айтып тұрғандай, анимацияны іске қосады.
    Проекция терезелерін навигациялау элементтері 3D STUDIO MAX терезесінің төменгі оң жағында орналасқан. Бұл басқару элементтері 2 қатарға орналасқан батырмалардың тізбегін құрайды: Zoom (Масштабтау), Zoom All (Барлығын масштабтау), Zoom Extents (Толтырғанша масштабтау), Zoom Extents All (Барлығын толтырғанша масштабтау), Region Zoom (Аймақты масштабтау), Pan (Панорамировациялау), Arc Rotate (Бұру), Min/Max Toggle (минимизацияны/максимизацияны қайта қостырғыш).
    Бұлардың көмегімен біз сахнадағы объектіні жақыннан көре аламыз, масштабын қзгерте аламыз, бейнетаспаны оңға/солға немесе жоғары/төмен жылжыта аламыз және оны айналдыра аламыз. Проекция терезелерін навигациялау элементтері көрсетілген.
    1.2 Проекция терезелері және жұмыс кеңістігін келістіру
    Проекциялар терезелері сахнадағы элементті әр бұрышынан көруге мүмкіндік береді. 3D STUDIO MAX программасын ашқанда экранда 4 проекциялар терезесі пайда болады (5-сурет). Олар:Top (үстінен қарағандағы көрініс), Front (алдынан қарағандағы көрініс), Left (сол жағынан қарағандағы көрініс) және Perspective (Нақты). Тор көздер объектілерді бір-бірінен алшақ етіп орналастыру үшін және үшөлшемді модельдердің өлшемдері берілгенде өлшеуіш аспап ретінде қолданылады. Біз күрделі объектілерді салғанда оның әр элементін әр проекция терезесінде салуымыз мүмкін. Мысалы, біз үйдің терезесін салуымыз керек. Біз терезені әрине Top терезесінде салмаймыз, себебі оны қайда орналастырып жатқанымызды көре алмаймыз. Сондықтан оны біз Front немесе Left терезесінде саламыз.
    Біз проекция терезелерін өз қалауымызша өзгерте аламыз. Оның түсін қарайтып-ағартуға, ондағы торларды алып тастауға, оларды қайта қоюға болады. Сонымен қатар проекция терезелерінің параметрлерін өзгертуге болады, яғни олардың өлшемдерін өз еркімізше өзгертуге болады.
    VI Жаңа сабақты бекіту.
    1. 3D STUDIO MAX-ті қандай салада кеңінен пайдаланады?
    2. Проекция терезелерін навигациялау элементтері 3D STUDIO MAX терезесінің қай жағында орналасқан?.
    3. 3D STUDIO MAX программасын ашқанда экранда қанша проекциялар терезесі пайда болады?
    VII Үйге тапсырма беру және бағалау.
    3D-кеңістігінің бағдарына кіріспе.
    Категория: Компьютеры и информатика | Добавил: карла (31.01.2015) | Автор: Жуманазарова Карылга Бекмурзаевна
    Просмотров: 2454 | Рейтинг: 5.0/1
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024