В помощь педагогу.
Суббота, 27.04.2024, 07:59
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Компьютеры и информатика

    Тармақталған алгоритмдерді программалау.Шартты көшіру операторы
    Бағдарлама бөлімі: «Паскаль тілінде программалау»
    Сынып: 9
    Сабақтың тақырыбы: «Тармақталған алгоритмдерді программалау.Шартты көшіру операторы».
    Сабақтың типі: аралас сабақ.
    Сабақтың түрі: дәстрүрлі емес (сайыс сабақ)
    Сабақтың көрнекілігі: компьютер класы, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, көрнекі суреттер, «зерделер».
    Құрал – жабдықтар: ойыншық ұялы телефон
    Сабақтың мақсаты:
    1. Оқыту – Паскаль программалау тілі бойынша алған білімдерін жалпылау және жүйелеу. Тармақталу алгоритмін программалау барысында шартты көшіру операторын қолдануға үйрету.
    2. Дамыту - алгоритмдік ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, зейінділігіін, информатика – математика пәнаралық байланысыын дамыту.
    3. Тәрбиелік – оқушыларды компьютерге отыру барысында ұқыптылық пен жауапкершілікке тәриелеу.

    Дайындық кезеңі
    Сынып екі топқа бөлініп, оның мүшелері банк басқармасының мүшелері болады. Әділ қазы алқасының қызметін мұғалім өзі атқарып, сабақты жүргізеді. Оқушыларды бағалау мақсатында оларға ұпай ретінде «Зерделер» (фишкалар) беріледі.

    Ойын ережесі
    1. Ойынға екі топ қатысады. Әр топ банк президентін сайлайды.
    2. Топтың бастапқы капиталы – 10 зерде.
    3. Топтарға әр түрлі тапсырмалар беріледі, олар тапсырманың деңгейіне байланысты «Зерделермен» бағаланады.
    4. Егер топ дұрыс жауап берсе, онда сол топтың капиталы өседі.
    5. Жеңімпаз болып ең бай банк есептеледі.

    Сабақ жоспары:
    1. « Сергектік » сайысы.
    2. « Банкирлер » сайысы
    3. « Банк Президенттерінің » сайысы.
    4. « Кассирлер » сайысы.
    5. «Менеджерлер» сайысы.

    Сабақтың жүргізілуі
    I. Сыныпты ұйымдастыру
    a) Сәлемдесу
    b) Оқушыларды түгендеу
    II. Үй тапсырмасын сұрап тексеру.
    1. «Сергектік» сайысы .
    Оқушыларға жалпылама сұрақтар қойылады.
    1. Паскаль тілінің негізін салған кім және қай жылы?
    2. Паскаль программасының құрылымы синтаксистік жағынан неше бөліктен тұрады?
    3. Программаның блок бөлігі қалай сипатталады?
    4. Паскаль тілінде қандай типтер пайдаланылады?
    5. Қарапайым типтерге не жатады?
    6. Стандартты типтерді ата.
    7. Енгізу және шығару операторларының жазылу форматы қандай?

    III. Өткен материал бойынша оқушылардың білімін жан - жақты тексеру.
    « Банкирлер » сайысы. ( 3 - зерде)
    Семантикалық картада Паскаль тілінде жазылған есептің қатесін тауып, түзету .

    « Банк Президентінің » сайысы.(5 - зерде)
    Презентациядағы тапсырманы таңдап, компьютерде орындайды.
    1. Турбо - Паскаль программасын қалай іске қосуға болады?
    2. Паскаль программасының меню қатары және олардың атқаратын қызметтері жайлы айтып бер.
    IV. Жаңа сабақты түсіндіруге даярлық.
    Компьютерде шығыс музыкасы ойналады.
    Мұғалім әңгімелейді:
    Ертеде Бағдат шаһарында Алладин атты жас жігіт болыпты. Ол жігіт өзі кедей, тұрмысы төмен екен. Бір күні көшеде шал ескі шам сатып жүр екен. Алладин шалды аяп кетіп, шамды сатып алады. Шамның шаң болғаны сондай,Алладин шамды жеңімен үйкей бастайды. Сол сәтте шамның ішінен алып жын пайда болады. Жын оның барлық тілегін орындайды. Ал, шамға тиіспесе жын шам ішінен шықпайды. Балалар, бұл жерде алгоритмнің қай түрі орындалып тұр?
    -Тармақталу алгоритмі.
    Олай болса , кім маған тармақталу алгоритмінің алгоритмдік тілде жазылу форматын, блок-схемасын интерактивті тақтада жазып көрсетеді?
    Екі оқушы тақтада Activstudio бағдарламасында жазып көрсетеді. Енді осы тармақталу алгоритміне Паскаль тілінде программа құрай аласыңдар ма?
    -Жоқ!
    Ол туралы мен сендерге бүгінгі сабақ барысында баяндап беремін.
    Жаңа сабақтың тақырыбы:
    Тармақталу алгоритмдерін программалау. Шартты көшіру операторы.
    Сабақтың мақсаты:
    Паскаль тілінде тармақталу алгоритмдерін программалауды үйрену.
    V. Жаңа сабақ
    Тармақталуы бар процесстерді ұйымдастыру үшін шартты оператор пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына байланысты басқарылады.Бұл оператордың толық түрі алгоритмдік тілдегі тармақталу командасына сәйкес келеді.
    IF шарт Then 1 серия
    Else 2 серия

    Мұндағы 1 және 2 операторлардың өзі қарапайым немесе құрама болуы мүмкін.
    Егер IF сөзінен кейінгі жазылған шарт сақталса, (ақиқат болса), онда THEN сөзінен кейінгі жазылған оператор сериясы орындалады да, ELSE сәзінен кейінгі 2-серия операторлары орындалмайды.
    IF сөзінен соң жазылатын шартты жазу үшін Паскаль тілінде өрнектерді салыстыру: =,>, >= , <, <=, <> пайдаланылады.Кей жағдайларда шартты операторды басқаша да жазуға болады. Мына математикалық есепті қарастырайық:
    Y = x2+3, егер х<4
    3х2-2,егер х>4
    Program esep;
    Uses crt;
    Var x,y : real;
    Begin
    Clrscr;
    Writeln(‘х-тің мәнін енгіз:’);
    Readln (X );
    If x<4 then y=x2+3 else y=3x2-2;
    Writeln (‘y=’,y)
    End.
    VI. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.
    Келесі сайыс « Кассирлер » сайыссы . (2-зерде)
    Есеп шарты:
    Бірде Алдар Көсе мен Қожанасыр қайсысының жасы кіші екенін біле алмай дауласыпты. Балалар, осы ертегі кейіпкерлерінің жас мөлшерін оның ішінде жасы кіші қайсысы болматынын анықтайтын программа құру керек. Осы программаны компьютерде орындап, оны бумада сақтау қажет. Есепті компьютерде орындап болсаңдар – көк карточканы, ал қиналған,түсінбеген тұстарың болса – қызыл карточканы көтеріңдер.
    Бекіту.
    «Менеджерлер» сайысы ( 1-зерде )
    Бекіту ретінде сұрақтар беріліп, жауабын білетін оқушылар ойыншық ұялы телефондарды шырылдату арқылы белгі береді.
    Бекіту сұрақтары:
    1. Алгоритм түрлерін ата?
    2. Оператордың қай түрін білесіңдер?
    3. Құрама операторлар дегеніміз не?
    4. Құрама операторларңа қандай операторлар жатады?
    5. Қандай жағдайда шартты операторлар пайданылады?
    6. Шартты көшіру операторында қандай қызметші сөздер қолданылады?
    7. Else сөзінің алдында белгі жазылады ма?
    VII. Үйге тапсырма
    Математика пәніндегі кез келген функциялық 2 есепке блок-схемасы мен программасын құрып келу.

    VIII.Сабақты қорытындылау. Топтардың ұпай санын есептеп, бағалау.
    Категория: Компьютеры и информатика | Добавил: ayaulu (22.03.2014) | Автор: Еликбаева Айгуль Мамырбековна E
    Просмотров: 2899 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024