В помощь педагогу.
Пятница, 03.05.2024, 15:48
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Биология

    Экологиялық жағдай және оның тірі организмдерге әсері
    Сабақтың тақырыбы:Экологиялық жағдай және оның тірі ағзаларға әсері
    Сабақтың мақсаты:
    Білімділігі: Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселелердің бірі екендігін, ол біздің елімізде де әсіресе индустриялы дамыған орталықтарда да, оның ішінде ауыл шаруашылық аймақтарда да, өткір күйінде қалып отырғанын оқушыларға түсіндіріп, ауаның, судың және жердің ластануы нәтижесінде адам өміріне, өмір сүру ортасына қауіп төніп келе жатқанына назар аудару.Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе Арал экологиялық апатты аймағы, Семей аймағы және қарт Каспийге, ғарыш аймағы Байқоңырға тоқталу. Қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігі туралы әңгімелеу, оқушылардың таным деңгейін толықтыру.
    Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, алған білімдерін кеңейту, ізденушілік қабілеттерін дамыту. Өзіндік ұғым қалыптастыра алатын азамат даярлау.
    Тәрбиешілігі:Оқушылардың жоғарғы экологиялық санасын қалыптастыру, өздерін қоршаған әлемді қорғауға ат салысуына ықпал ету, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, жерге деген мейірім мен ықыласын ояту, байлығы мен әсем табиғатын қорғай білуге үйрету.
    Сабақтың түрі: іздену, зерттеу сабағы.
    Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, тірек белгілер.
    Сабақтың барысы
    І. Ұйымдастыру кезеңі.
    Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, журналға белгілеу, сабаққа кірісу.
    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
    Жаңа сабақ:
    Тоғай еді, Қарасудың ар жағы
    Қайда кеткен қамысы мен талдары,
    Не күзетіп, нені бағып жүр екен?
    Қайда кеткен мына ауылдың бағбаны?
    Тоғай тозған, топалаң боп сиреген
    Аяулы еді ата - баба тимеген.
    Есек мініп бара жатыр қария,
    Қыршын талды қиып алып сүйреген.
    Тау орманға, мына титтей тоғайда
    Топ - топ киік жайылатын, сол қайда?
    Үміт үзіп, үріккен аң, ұшқан құс
    Енді қайтып бұл өңірге жолай ма?
    Жасауы жоқ жаққа оралу оңай ма?- деп ақын Мұқағали жырлағандай дәл қазіргі табиғаттың күйі адам қолының жылуын аңсап тұрғандай. БҰҰ айқындап, ресми түрде жариялаған. Он үш жаһандық мәселенің ішіндегі ең бастыларының бірі;
    - экологиялық проблема.
    - ядролық соғыс қаупін сейілту
    - ұлтаралық қақтығыстарды шешу
    - демографиялық ахуал
    - адамдардың денсаулығын сақтау
    - халықаралық лаңкестікпен күрес.
    Экология - грекше мекен туралы ғылым. Экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
    1 - сызба
    Республикамызда табиғат байлық қорлары өте көп. Бізде 48000 көл, 85022 өзен бар. Менделеевтің периодтық системасындағы элементтердің 108 – і кездеседі. Осы байлықты дұрыс пайдаланбасақ оның арты үлкен өкінішке ұрындырады. Қазақстан 272 млн гектар жерді алып жатыр, соның 222 млн гектары ауыл шаруашылығына жарамды жерлер.
    • Су барлық тірі организмдердің аса маңызды материалдық негізі болып табылады. Биосферадағы судың жалпы аумағы 1, 5 млрд км3, оның не бары 3% - ы ғана тіршілікте қолдануға жарайтын тұщы су. Жер тұрғындарының тең жарымынан астамы су тамшылығын тартып отыр. Жердің сулы қабығын гидросфера дейміз. Соңғы жылдары мұхиттар мен өзен - көл суларының ластануы су сапасын нашарлата түсуде. Мұхиттарда мұнай тасымалдайтын кемелер мен танкерлердің көбеюі, атом қаруларын сынау, радиоактивті қалдықтардың тасталуы тіршілік ырғағын өзгертіп отыр. Біздің республикамызда су ресурстарының ластануы Арал, Балқаш, Каспий, Ертіс, Жайық, Нұра, Тобыл, Іле, Шу, Талас өзендерінде байқалып отыр.
    • Атмосфера негізінен газ тектес ластанушылармен бүлінеді. Олардың бастыларына көмірқышқыл газы және басқа улы газдар жатады.
    2 – сызба
    • Топырақтың тозуы. Топырақтың адам үшін аса маңыз қасиеті оның құнарлығы. Ал қазірде кейбір аймақтарда топырақтың құнарсыздануы және жарамсыз жерге айналуы байқалуда.
    Жарамсыз топырақтан еш уақытта мол өнім ала алмаймыз. Ал өнім аз болған жағдайда халықты азық - түлікпен қамтамасыз ете алмау проблемасы туады. Топырақтың ластануы сол аймақтарда егін шаруашылық өнімдері мен жеміс – жидек, көкөніс түсімін күрт азайтты.Жануарлар әлеміне төнген қауіп. Адамзат қауымы пайда болғаннан бастап оның жануарлар дүниесіне әсері уақыт еткен сайын күшейіп келеді.
    Америка бизаны
    Кезбе кептер
    Африка пілі
    Атлас аюы
    Алжир
    Құланы
    Қазіргі дүние жүзінде шамамен 850 зоологиялық сабақ бар. Олардың жойылып кету қаупі бар аң - құстар түрлерін көбейтудегі маңызы зор. Біздің республикамызда Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларда зоологиялық сабақ бар.
    4 - сызба
    Алматы
    Барсакелмес
    Ақсу - жабағылы
    Наурызым
    Қорғалжын
    Марқакөл
    Үстірт
    Батыс Алтай
    Алакөл
    Осы табиғаттағы барлық байлық көздерін, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауда. Қызыл кітаптың орны ерекше «Қызыл кітап» туралы пікірі ағылшын табиғат зерттеушісі Питер Скотт айтқан болатын. 1963 ж халықаралық «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы жарық көрді.
    «Қызыл кітапқа» енгізілген аң мен құстарды, өсімдіктерді біле тұра аулауға, жоюға тыйым салынған.
    Мақал - мәтелдер
    1. Көлдің көркі құрақ
    Таудың көркі - бұлақ
    2. Орман ел дәулеті, өнер сәулеті
    3. Сулы жер - нұрлы жер
    4. Бағбан болсаң бақ өсір
    Балама деп тағы өсір
    5. Арманымен ел сұлу
    Орманымен жер сұлу
    6. Ағаш ексең аялап
    Басыңда болар саябақ
    7. Өрісіңе қарай мал өсір
    Өзеніне қарай тал өсір.

    Адам экологиясы
    Ғасырлар бойы адам табиғатта өмір сүріп, оның туындысы ретінде дамып келеді. Адам баласы салауатты өмір сүру үшін денсаулығын сақтаудың түрлі жолдарын іздестіріп, аурудың алдын алу үшін күресіп келеді.
    Денсаулықтың кепілі - табиғаттың тазалығы мен азық - түліктің сапасына байланысты. Халық даналары адам баласының ауруы табиғат әсерінен екенін біліп, одан қорғану үшін түрлі дәрі - дәрмек ойлап тапты. Жұқпалы аурулардың таралу жолдарын іздестіріп, емдеу тәсілдерін зерттеді.
    Тапсырма:
    1. Эколог
    2. Дәрігер
    3. Демограф
    4. Тарихшы
    5. Географ
    6. Психолог
    7. Экономист
    Жаңа сабақты бекіту сұрақтары
    1. Экология дегеніміз не?
    2. Салауатты өмір салтын ұстану дегенді қалай түсінеміз?
    3. Экологиялық проблемаларды шешудің қандай тиімді жолдары бар?
    4. Адам денсаулығын қалай қалыпты деңгейде сақтап қалуға болады?
    5. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қалай қорғауға болады?
    6. Жер планетасын қалай қорғаймыз?
    7. Қоршаған ортаны қорғауға қандай үлес қосып жүрсіз?
    Үй тапсырмасының зерттеу тақырыптары:
    1. Арал проблемасы
    2. Каспий теңізі
    3. Байқоңыр
    4. Қазақстандағы қорықтар
    5. Құстар әлемі
    6. Жануарлар дүниесі
    7. Өсімдіктер әлемі
    8. Қазақстандағы демографиялық ахуал
    Үйге тапсырма: 1. Тақырыпты оқып мазмұнын түсіну, сұрақтарға жауап іздеу.
    2. Сызбаларды дәптерге түсіріп, мағынасын ашу.
    3. Зерттеу тақырыптары бойынша іздену.

    Источник: http://экология
    Категория: Биология | Добавил: Мұғалім (30.11.2014) | Автор: Жанназаров Нұрлыбек Темірбекұлы E
    Просмотров: 798 | Комментарии: 1 | Теги: экологиялық жағдай, адам денсаулығы | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 1
    1 kalamkas  
    Сабағыңыз өте қызықты. Шығармашылық табыстар тілеймін.

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024