В помощь педагогу.
Пятница, 03.05.2024, 12:47
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Биология

    Абиотикалық факторлар
    Сабақтың тақырыбы:Абиотикалық факторлар
    Сабақтың мақсаты: Температура, температураға қатысты жануарлардың экологиялық топтары, өсімдіктердің экологиялық топтары, ылғал, ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары туралы түсінік беру.
    Сабақ барысы:
    І.Ұйымдастыру сәті. Оқушылардың сабаққа қатысы, оқу құралдары, сынып бөлмесінің сабаққа дайындығы.
    ІІ. Жаңа сабақ жоспары:
    1) Абиотикалық фактор туралы түсінік.
    2) Температура, температураға қатысты жануарлардың экологиялық топтары.
    3) Өсімдіктердің экологиялық топтары.
    4) Ылғал, ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары.

    Дене температурасының сипатына қарай организмдер

    Пойкилотермді Гомойотермді
    (дене температурасы (дене температурасы
    қоршаған ортаның тұрақты
    температурасына тәуелді организмдер)
    түрде өзгеріп отырады )

    Барлық омыртқасыздар, Құстар мен
    омыртқалылардан балықтар, сүтқоректілер
    қосмекенділер және бауырымен
    жорғалаушылар
    Төменгі температураға шыдауына байланысты өсімдіктер

    Жылу сүйетіндер Суыққа төзімділер

    Жүзім, шабдалы, өрік, Мүктер, қыналар,
    алмұрт, т.б. қарағай, шырша,
    самырсын, т.б.
    Кейбір жануарлардың төменгі температурадан қорғану жолдары

    Қысы қатты аймақтан Тері жабындыларындағы Уақытша ұйқыға
    жылы жаққа орын жүн және май қабаты немесе тыныштық
    ауыстырады қалыңдап, қысқа күйге көшеді
    дайындала бастайды

    жыл құстары, кейбір аңдар, құстар, суыр, борсық, аю,
    сүтқоректілер итбалықтар, тышқан т.б.

    Ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары:
    1)Ксерофиттер(грекше «xeros»-құрғақ, «phuton»-өсімдік; құрғақсүйгіш өсімдік) Ылғал тапшы аймақтарда өседі, жапырағы, сабағы түрін өзгертуге бейімделген Сексеуіл, жүзген, жусан, қылша, теріскен, селеу, күйреуік, т.б.

    2)Суккуленттер(латынша «succulentus»-шырынды; шырынжапырақ өсімдіктер) Жапырақтары, сабақтары етжеңді болып жұмырланып немесе тікенектерге айналған:Алоэ, агава, кактус, т.б.
    3)Мезофиттер(грекше «mesos»-аралық) Ксерофиттер мен гигрофиттер арасындағы аралық топ, ылғалы жеткілікті топырақта өседі:Беде,атқонақ, інжугүл, саумалдық, т.б.
    4)Гигрофиттер(грекше «hugros»-ылғал) Ылғалы мол жерде өседі Ылғалды тропиктік орманда өсетін өсімдіктер
    5)Гидрофиттер(грекше «hudor»-су) Төменгі бөлігі суда болады, грунтқа бекініп өседі Элодея, балдырлар, т.б.
    Ылғалдың әсеріне байланысты жануарлар

    Су жануарлары Құрлық жануарлары Қосмекенділер
    Балық, судағы Сүтқоректілер, Көл бақалары,
    сүтқоректілер құстар, теңіз
    (кит, дельфин), бауырымен жорғалаушылар, тасбақалары,
    буынаяқтылар, жәндіктер, т.б. т.б.
    губкалар,
    былқылдақ-
    денелілер,
    құрттар, т.б.
    ІV Жаңа сабақты бекіту. Оқушылар деңгейлік сұрақтарға таратпа материалдар арқылы жауап береді.
    А (жеңіл):
    1) Температураға қатысты жануарлар мен өсімдіктердің экологиялық топтарын атап, мысал келтір.
    2) Анабиоз дегенді қалай түсінесің?
    В (орташа):
    1) Ылғалға қатысты өсімдіктер қалай жіктеледі?
    2) Төмендегі мысалдардың қайсысы абиотикалық факторға жататынын анықтап, астын сызыңдар.
    1) Топырақтың эрозияға ұшырауы
    2) Температура
    3) Көшет отырғызу
    4) Жер жырту
    5) Ылғал
    6) Жарық
    7) Жапырақтың түсуі
    8) Ауа
    9) Балық
    10) Жауын-шашын


    С (күрделілеу):
    1) Мына аталған абиотикалық факторлардың қайсысы табиғаттағы маусымдық өзгерістердің көрсеткіші бола алады?
    А) Жарықтың түсу қарқындылығы
    Ә) Жауын-шашын мөлшерінің өзгеруі
    Б) Температураның өзгеруі, жарықтың түсу
    қарқындылығы
    В) Күннің түсуінің өзгеруі
    Г) Қоректік заттардың жетіспеуі
    2) Кестенің бірінші бағанында берілген өсімдіктердің экологиялық топтарына екінші бағанындағы сипаттамалардың қайсысы сәйкес келетінін анықтап, бағдар сызықпен көрсетіңдер.
    Өсімдіктердің экологиялық топтары
    1)Ксерофиттер
    2)Суккуленттер
    3)Мезофиттер
    4)Гигрофиттер
    5)Гидрофиттер
    1)Ылғалы жеткілікті топырақта өсетін өсімдіктер.
    2)Төменгі бөлігі суда болатын, грунтқа бекініп өсетін су өсімдіктері.
    3)Ылғалы мол жерде өсетін өсімдіктер.
    4)Ылғал тапшы аймақтарда өсетін, жапырағы, сабағы түрін өзгертуге бейімделген өсімдіктер.
    5)Жапырақтары, сабақтары етжеңді болып жұмырланып немесе тікенектерге айналған өсімдіктер тобы.
    V Қорытындылау. Бүгінгі сабақты қорытындылау үшін оқушыларға кесте толтырту.
    Кестенің бірінші бағанындағы толық емес сөйлемдерді екінші бағанындағы қажетті сөздермен толықтырыңдар.
    1)__________ _______ дегеніміз- организм тіршілігіне әсер ететін өлі табиғат факторлары.
    алоэ және агава
    2)Гомойотермді топқа _______ ___ ______________ жатады.
    зат алмасуды, тіршілік
    3)Температураның қалыпты мөлшерден ауытқуы кез келген организм денесіндегі ___ _________ тежеп, жасушадағы биохимиялық реакцияларды бұзып, одан әрі біртіндеп жасушалар кристалданып, жалпы _________ баяу тоқтайды.
    ылғал, шөлге
    4)Суккуленттер тобына _____ ____ _____ мысал бола алады.
    құстар мен сүтқоректілер
    5)Температура көтерілген жағдайда, ______ азайып, табиғат зоналары жылжып, бүкіл экожүйелерде _____ айналу процесі жүруі мүмкін.
    Абиотикалық фактор
    VII .Үйге тапсырма. А, В, С деңгейлік сұрақтарына жауап беру
    Категория: Биология | Добавил: МОЛЯ (09.11.2015)
    Просмотров: 1213 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024