В помощь педагогу.
Воскресенье, 19.05.2024, 03:39
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Казахский язык и литература

    Қазақстан-тәуелсіз ел. 10-сынып.
    Сабақтың мақсаты: оқушыларға Қазақстанның қалалары жайлы кеңінен насихат жасау,олардың тарихын меңгерту. Ал балалардың кіші отаны жайлы ақпараттар көзін молайту сабақтың басты міндеті.

    Білімділігі: жаңа тақырыпты меңгерте отырып,оқушылардың сөздік қорын молайту, астаналар жайлы өз ойын еркін жеткізуге үйрету;

    Дамытушылығы: тақырып бойынша мейлінше мол ақпарат беру жолымен оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту;

    Тәрбиелілігі:өзі тұратын қала тарихын білетін,оны қастерлей алатын ұрпақ тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: аралас

    Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, салыстыру,баяндау

    Сабақтың формасы: жұппен,топпен

    Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар,үлестірмелі материалдар

    Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,география,орыс тілі

    Сабақтың барысы:
    І.Ұйымдастыру кезеңі.
    ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
    ІІІ. ушылықты ояту.
    3.1. шабуыл. Балалардан астаналар жайында жауап алу.

    Үндістан-Дели,Франция-Париж,Түркменстан-Ашхабад,Армения-Баку,Англия-Лондон,Қырғызстан-Бішкек,Өзбекстан-Ташкент.

    ІҮ. Мағынаны тану.
    4.1. Оқулықтағы 1- тапсырманы жұппен орындау. Ауызша.
    4.2. Сабақ мақстаымен,жоспарымен таныстыру.
    І бөлім «Менің елім» сұрақ жауап
    «Ти» кестесін толтыру
    Қала байлығы
    Жезқазған мыс
    Қарағанды көмір
    Алматы апорт алмасы
    Теміртау қара көмір
    Ақтау мұнай
    Қызылорда күріш
    4.3. Қазақстан астаналарының тарихы туралы

    Сөздік
    рухани-духовный
    ежелгі - древний үкімет- правительство
    көне - древний шаһар- город

    1- тапсырма. Мына сөз тіркестерін аударыңдар.

    Я живу, родился и вырос, мой город, молодой город, широкие проспекты, зеленые улицы, своя особенность, красивые здания,
    государственный дом, история края, жители города

    2- тапсырма. Ақпаратты пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер.

    Жезқазған-Қарағанды облысындағы қала, темір жол стансасы. Қазақстандағы түсті металлургияның ірі орталығы. Сарыарқаның батысында, Ұлытау тауларының оңтүстігіндегі Қарақеңгір өзенінің бойындағы Кеңгір бөгенінің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан. Тұрғыны 96 мың адам . Іргесі 1939 жылы 3 мың халқы бар Кеңгір ауданының орнында тұрғызылған. 1941-54 жылдары Үлкен Жезқазған кенті аталды. 1954 жылдан қала мәртебесін алды. 1973-97 жылдары Жезқазған облысының орталығы болды.
    Қалада«Қазақмыс» корпорациясы, «Казкат» біріккен кәсіпорны, «Жезқазғансирекметтал республикалық мемлекеттік кәсіпорны», «Кеңгір» химия өндірістік кәсіпорны, «Ұлытау»қазақ-қытай біріккен тоқыма-киім тігу және тағы басқа бар. Қалада түсті металлургия ғылыми-зерттеу институты, Жезқазған университеті,ботаника бағы, медициналық. колледждер, 36 мектеп, 10 аурухана, 47 амбулаторлық пункттер, 7 кітапхана, 2 мұражай және тағы басқа мәдени мекемелер бар. Жезқазғанның тарихы қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Сәтпаев есімімен тығыз байланысты.

    3-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
    «Кіші Отаным»
    Орталық Қазақстан республикасының шағын әрі тұйық Нұра және Сарысу өзендерінің алабы алып жатқан ортанғы бөлігі – ежелгі таулы өлке – Сарыарқаға, батысында Оралдан және шығысында Кузбастан бірдей қашықтықта орналасқан. Тас көмір, мыс, темір және марганец кендері , полиметалдар, сирек және шашыранды металдар, әр түрлі отқа төзімді балшықтар, басқы да құрылыс материалдары бар .
    Қарағанды облысының тарихы 1932 жылдан бастау алады. Сол жылы орталығы Петропавл қаласы болып белгіленген Қарағанды облысы құрылды. Арада төрт жыл өткенде ол екіге бөлінді. Біреуі Солтүстік Қазақстан аталып, екіншісі Қарағанды қаласы және 14 аудан қараған жаңа аймаққа айналды.Өзіміз тұратын Жезқазған қаласы да осы облысқа қарайды.
    1. Мәтінге ат қою.
    2. Мәтін мағынасын ашатын сөйлемдерді оқу.
    3.Мәтінге 3 сұрақ құрастыру.

    Ү. Жаңа сабақты бекіту.
    5- тапсырма. Өлеңмен өрілген өлке.
    Жезқазған маршы
    Сарыарқаның сағымымен бірге ұшқан,
    Сәулетімен сәніменен нұр құшқан.
    Салтанатты Жезқазғанның қаласы-ай,
    Асты алтын, үсті күміс гүлстан.
    Жезді бойы жез қалам,
    Жер түбінен жезді алам.
    Алтын қалам, кең далам,
    Жеқазғаннан айналам.
    Асқаралы асқарысың жерімнің,
    Мақтанышы, дастанысың елімнің.
    Көзін ашқан кеше Қаныш ағамыз,
    Тусыраған тұл бойында кенімнің.
    Әні:Ж.Сейіловтікі, сөзі: Н.Бәрменбаеванікі
    6- тапсырма. Берілген сөйлемдерден көмекші есімдерді анықтаңдар.
    Қаланың шетінде үлкен саябақ бар. Саябақтың ішінде кішкентай көл бар. Көлдің астында құм жатыр. Демалыс күні көлдің қасында көп адам жүр. Көлдің айналасында орындықтар бар. Орындықтардың маңында гүл бар.

    І. Ой қорыту.
    6.1. «Арайлы Жезқазған» тақырыбына 5 минуттық эссе жазу.

    ҮІІ. Үйге тапсырма. «Менің қалам» диалог жазу.

    ҮІІІ. Бағалау,сабақты қорыту.
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Гульшад (20.04.2014) | Автор: Жумабекова Гульшад Бейсебековна E
    Просмотров: 901 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 1
    1 888777  
    Қазақстан қалалары туралы сабақ жоспары жақсы құрылған,маған ұнады.Рахмет!!!

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024