В помощь педагогу.
Воскресенье, 19.05.2024, 04:00
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Казахский язык и литература

    Дауыссыз дыбыстар, қатаң дауыссыз
    1.Пән аты: Қазақ тілі
    2.Сыныбы: 5
    3.Күні, айы, жылы:
    4.Тоқсан:
    5.Мұғалім: Лекерова Арайлым Мукаметовна
    Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар, қатаң дауыссыз
    Сабақтың мақсаты:
    1.Білімділік: оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, оқушылардың қатаң дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
    2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
    3.Дамытушылық:деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру,оқушылардың дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру, талдау дағдыларын арттыру.
    Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
    Сабақтың түрі: дәстүрлі
    Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
    Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
    Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
    Сабақтың барысы:
    I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
    2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
    3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
    II. Жаңа сабаққа дайындық

    1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
    III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

    Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Олар:б,в,г,ғ,ң,қ,һ,й,ц,к,н,ш з,х,,ф,п,,р,л,д,ж,ч,с,м,т.(у). Қазақ тілінде барлығы 25 дауыссыз дыбыс бар. Щ – дыбыс емес, әріп. Ол щ созылыңқы( қос) ш дыбысының таңбасы.
    Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі:
    1. Дауыссыздарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды.
    2. Дауыссыздарды айтқанда, үн бәсең, солғын болады.
    3. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
    4. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді.
    Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығысып, салдыр пайда болады. Сонықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады. Дауыссыз дыбыстардың түрлері
    Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай: қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа бөлінеді.
    Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз. Қатаң дауыссыздар мыналар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.
    IV. Түсінік тексеру
    1.Оқулықпен жұмыс
    261-жаттығу(ауызша)
    * Мәтінді оқып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратыңдар.

    262 –жаттығу
    Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар. Фонетикалық талдау жұмысын жүргізу
    І топ
    1) Алматының аспаны ашылмағандықтан, жаңбыр жауып тұр. (Қ. Найманбаев.)
    ІІ топ
    2) Кедір-бұдыр жермен дөңгелектері тоқылдап, арба ырғала жылжып келеді.
    (Т.Нұрмағамбетов) 1.Оқулықпен жұмыс
    264– жаттығу (жазбаша)
    * Мәтінді көшіріп, қатаң дауыссыздардың астын сыз.
    265 –жаттығу(ауызша)
    • Төмендегі жұмбақтың шешуі болатын дыбыстарға сипаттама бер.
    270 – жаттығу
    • Мәтіннен қатаң дауыссыздардан басталатын сөздерді теріп жаз.

    V. Жаңа сабақты бекіту
    1.Перфокартамен жұмыс

    Сөйлем Дауысты дыбыстар саны Дауыссыз дыбыстар саны Ашық дауысты
    лар Қысаң дауыс
    тылар Жуан дауыс
    тылар Жіңіш
    ке дауыс
    тылар Еріндік дауыс
    тылар Езулік дауыс
    тылар
    Шешесі жалғыз болғандықтан, Айсұлу жылдың басында сырттай оқуға ауысқан еді.
    Ауыл ұйқыға кетісімен, уәделі жерге келдім. (Ж. Сайн)

    Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады (М.Әуезов)
    Кісі неғұрлым көп болса, канал соғұрлым тез бітеді. (С.Мұқанов)
    Қалжыңы, күлкісі араласып, шай өте көңілді ішілді.


    2.Деңгейлік тапсырмалар:
    І деңгей
    1. Дауыссыз дыбыстарды ретімен жазып шық
    2. мәтіннен дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
    Абай – өз заманының жаршысы. Оның шығармалары – сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс – тірішілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі – бедерімен, өзіндік бояу өрнектерімен мейлінше айқын да толық бейнеленген. (Ж.Смағұлов)
    ІІ деңгей
    1.Дауыссыз дыбыстардың дауысты дыбыстардан айырмашылығы неде?
    2. Дауысты дыбыстардың салдыр мен үннің қатысына қарай бөлінуін жазып шық және мәтіндегі дауыссыз дыбыстарға фонетикалық талдау жаса.
    Адамның бір атаның балалары екені рас болса, беолгі бір заманның баласы екен де даусыз.
    ІІІ деңгей
    5. Жұп дауыссыздарды жаз және мысал келтір.
    6. Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? Төмендегі сөздерге фанетикалық талдау жаса және дыбыс болмайтын әріптерді тап.
    Қою, қоян, ноян, фельетон, стиль, аю, кею.

    VI. Сабақты қорыту
    1. Бағалау
    2. Үйге тапсырма:
    1. Дауыссыз дыбыстар туралы түсінік .
    2. 265-270 -жаттығулар
    Қатаң дауыссыздар туралы түсінік
    267-269- жаттығулар
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: 888777 (02.05.2014) | Автор: Кымбат E W
    Просмотров: 6124 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 2.0/1
    Всего комментариев: 2
    2 Хасанова_Маржан  
    Сабақ жоспарыңыз ұнады. Сабақта көптеген әдіс-тәсілдер тиімді қолданылған.Ең алдымен  оқушылар фонетиканы дұрыс меңгеруі қажет, сондықтан біз дауысты және дауыссыз дыбыстарға , төл дыбыстардың жазылуына,айтылуына көп көңіл бөлеміз. Еңбегіңізде табыс тілеймін. Рахмет!

    1 888777  
    Сәлем Арайлым,сабақ жоспарыңыз жақсы құрылған,көрнекіліктер ұтымды пайдаланылған.Рахмет!

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024