В помощь педагогу.
Воскресенье, 19.05.2024, 04:59
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Казахский язык и литература

    МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ИНТЕРАКТИВТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ.
    Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, №10 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хасанова Маржан Амангельдиновна.

    МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ИНТЕРАКТИВТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ.

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік- экономикалык жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында жүктелген міндетке сәйкес елімізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданған болатын. Жоспардың басты мақсаты - Қазақстанда білім саласын жетілдіру үшін негізгі бағдар ретінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылар шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету.
    Функциональдық сауаттылық – өмір сүріп жатқан әр адамның жасына қарамай қоғамдық-саяси, мәдени қызметтерге белсене араласуы және бүгінгі жаһандану дәуірінде заман ағымынан қалыспай ілесіп отыруы, мамандығын үнемі білімін жетілдіріп отыруы ретінде түсіндіріледі. Мұндағы басшылыкқа алынатын функциональдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай білу сияқты қабілеттіліктер.
    Функциональдык сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары елімізде білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілді. Осындай маңызды құжатты басшылыққа ала отырып, менің ұстаз ретіндегі басты мақсатым - білім нәрімен сусындатып отырған жеткіншектерді интеллектуалдылыққа тәрбиелеу, салауатты және рухани тұрғысынан дамыған азамат тұлғасын қалыптастыру, білім алудағы кажеттіліктерін канағаттандыру. Әрине, мұғалім білім алушының бойына алған білімін әдістемелік жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіре білуі қажет. Сондықтан, білім алушының басқарушылық, ақпараттық білімін көтере білу қабілеті, коммуникативтік карым-катынас жасауы, әлеуметтік ортада іс-әрекет жасай алу кабілеті, тұлғалық қалыптасуына қажетті білім, білік, дағдыларды игеруі, таңдаған кәсібін өзі анықтауы, азаматтық (халқынын салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі мен тілін меңгеруі, ақпараттық технологияларды, сандык технологияны, білім беру технологияларын сауатты пайдалануы сияқты негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік кұзыреттіліктерді меңгеруі тиіс.
    Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазакстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегінде оқулық мәселесіне ерекше тоқталған болатын. Күні бүгінге дейін оқулық мәселесі күн тәртібінде әлі де талқыланып келе жатыр. Оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны мен құрылымы функциональдық сауаттылыктың құзыреттіліктеріне сай жазылуы тиіс.
    Функциональдық сауаттылықтың екінші механизмі - оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. Бағалау жүйесі функциональдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау - оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау және мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты өлшеміне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Сырттай бағалау - әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелеріне сәйкес, сондай-ақ халықаралық зерттеулерге қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Нақты айтқанда, сыртқы бағалау белгілі бір мамандык иелеріне қатысты болса, іштей бағалау көбіне білім алушыларға катысты. Сонымен бірге, білім алушының өзін-өзі бағалауы, ұйымдастыруы, жетілдіруі және жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады.
    Осы аталған білім алушының бағалау жүйесі ұлттық төл технологиямыз - сатылай кешенді талдауда қолданылып келеді. Бұл жоғарыдағы аталған басқарушылық, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік, тұлғалық, азаматтық, пәндік құзыреттіліктерді білім алушы бойына дарытады. Оның дәлелі - «Сатылай кешенді талдау» технологиясымен білім алып отырған оқушылар мен оларға білім беруші мектеп мұғалімдерінің жыл сайынғы жетіп отырған жетістіктері, ягни, мектеп бітіруші түлектердің ұлттық бірыңғай тестіде жоғары пайыздық көрсеткішке жетуі және республикалық командалық олимпиадаларға бастауыш сыныптан бастап орта, жоғары буын сыныптарынан оқушылардың қатысып, жүлделі орындарға ие болуы.
    Мен көп жылғы іс-тәжірибемде мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырып келемін. Интерактивті тақтамен оқытудың әдеттегі оқыту әдісінен айырмашылығы көп емес. Ең алдымен, сабақтың белгілі бір мақсатқа бағыттап нәтижеге жететін нақты жоспарын құрамын. Мұның бәрі де оқушыға материалды жақсы меңгерулеріне көмектеседі және өз білетіндерімен сәйкестендіруге септігін тигізеді.
    Интерактивті оқыту әдістері оқушыға өздігінен ізденуге үйретеді. Мысалы, «Миға шабуыл», топтардағы жұмыс, ойындардың оқушыға берері көп. Топтағы жұмыстардан түйгенім: оқушы сабаққа бар ынтасымен кіріседі; оқу тәсілі өзгереді; оқушының өзіне деген сенімі нығаяды; бірлесе жұмыс істеу оқушылар арасында ынтымақтық пен бірлестік қасиеттерін қалыптастырады.
    Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті оқыту әдісі сабақты қызықты ететіні анықталды. Егер дұрыс жұмыс жасалса, мұғалім оқушы білімін тексере де алады. Кейбір идеяларды түсіну үшін қойылған дұрыс сұрақтар дискуссияны өрбітіп, оқушылардың материалды жақсы түсінулеріне мүмкіндік туғызады. Талдау жүргізуді басқара отырып, оқытушы оқушылардың шағын топтарда жұмыс жасауларына жол сілтейді. Егер де керекті материалдардың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқында өтуін қамтамасыз етеді.
    Интерактивті оқытудың мүмкіншілігі аса зор және ол кеңінен қолданыс тауып, білім беру үдерісіне барынша дендеп енді. Мұның ең тиімді жағы – мұғалімнің мағлұматтарды бере алу мүмкіндігі артып, уақыттан ұтатындығы дәлелденді. Егер тиімсіз жағы не деген сұраққа келсек, дайын үлгіні қолдану арқылы мұғалім шығармашылығы тоқырауға ұшырауы мүмкін. Сондықтан оқушыны жалықтырмайтындай етіп, шығармашылық деңгейге жеткізетіндей технологияларды қолдана білу арқылы сабақты қызықты өткізуге болады.
    Әдебиет тарландарының дауыстық дыбысқа жазып алынған жазба және бейнефильмдерді пайдаланудың маңызы зор. Оларды пайдалану арқылы оқушылардың тіл дамыту жұмысын интерактивті тақтада жүргізуге болады. Осы тұрғыда шығарма жанрындағы шығармаларды ауызша оқыта отырып, игертудің әдіс-тәсілдерін қолдана отырып дамыту жұмыстарын жүргізе аламыз. Мысалы, поэзияны мәнерлеп оқытуда оқушының оған деген көзқарасын қалыптастыруға болады. Лирикалық шығармаларды құлақпен емес жүрекпен сезініп қабылдау керек десек, лириканы оқытуда жазбаша тіл дамытудан гөрі ауызша тіл дамыту жұмыстарының тиімділігі көрінеді.
    Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың пікір айту, ауызша, жазбаша сауатты сөйлеу, қоғамның өзге өкілдерімен дұрыс қарым-қатынас жасау, яғни, әрбір адамға керекті коммуникативті дағдыларды қалыптастыру мәселелерін шешуге міндеттіміз.
    Сондықтан, интерактивті құралдарды пайдаланудың функционалдық ерекшеліктерін зерттеу қажет, себебі, полифункционалды әдістемелік жүйе құру мүмкіндігіне ие, яғни белгілі бір таңдап алынған мақсат оқу-әдістемелік, ақпараттық-анықтамалық үшін интерактивті құралдарды қолданғанда, бір мезгілде,ақпарат бірлігі мен бағдарламалық құралдармен анықталатын басқалары да белсендендіріледі; интерактивті құралдарды қолданудың пәндік-мазмұндық ерекшеліктерін есепке алу, бұлар интерактивті құралдардың тәжірибелік пайдалануымен қатар, білімді бақылау мен оқытудың әдіс-тәсілдерін қарастырады. Осы интерактивті құралдар көмегімен жүргізілетін бақылау әдістері, мұғалімнің іс-әрекетінде белгілі бір нәтижелерге алып келетіні сөсөз.
    Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқыту мазмұнына орай әдіс-тәсілдерін таңдай біліп, оқулықтар жағы сапалы, материалдық-техникалық база ыңғайлы болса оқушы ынтасымен көптеген көптеген жетістіктерге жетуге болады.

    Пайдаланған әдебиеттер:

    Назарбаев Н. Әлеуметтік- экономикалык жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты: Қазақстан халқына жолдауы 27 қаңтар 2012 жыл // Үкімет бюллетені.- 2012.-№ 1.-3 б.
    Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысы //Актілер жинағы.-2012.-№ 58.-40-54 б.
    Оразахынова Н. Функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру жолдары // Қазақ тілі мен әдебиеті.-2013.-№ 2.-18-23 б.
    Жаримбетова Г. Интерактивті тақтаның жұмыс жасау мүмкіндіктері // Педагогика мәселелері.-2008.-№3.-130-131 б.
    Рымбаева К. Интерактивті тақтаны қолданудың негізгі мәселелері // Қазақстан мектебі.-2009.-№12.-53-55 б.
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Хасанова_Маржан (16.05.2014) | Автор: Хасанова Маржан Амангельдиновна E
    Просмотров: 3070 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024