В помощь педагогу.
Воскресенье, 19.05.2024, 04:31
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Казахский язык и литература

    Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. (Сыныптан тыс жұмыс)
    Сабақтың тақырыбы:Қазақстанның болашағы–қазақ тілінде.
    (Сыныптан тыс жұмыс)

    Сабақтың мақсаты:
    Білімділік: қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру. Қазақстан, қазақ елі туралы білімдерін толықтыра отырып, бір жүйеге келтіру.
    Дамытушылық: тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ой-өрістерін арттыру, өз пікірін сауатты айтуға дағдыландыру.
    Тәрбиелік: оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеу, өз еліне, тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

    Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
    Көрнекіліктер: плакаттар, интербелсенді тақта, үлестірме кестелер.

    Сабақтың барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі.
    1. 5-оқушыдан тұратын топтар құру.1- топ "Тұлпарлар",2-топ "Қырандар"
    2.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
    Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде деп аталады. Мемлекеттік тілді оқытудың мақсаты - өзге тілді оқушыларды дұрыс оқуға, сауатты жазуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға үйрету болғандықтан, оның мәртебесін көтеру бүгінгі таңда маңызды мәселесі болып отыр.
    Жүргізуші:
    Тіл мәртебесі – еліміздің мәртебесі. Қазақ халқының көркем, бай, сұлу тілін басқа ұлт өкілдері оқып – үйреніп, таза сөйлеуі – мемлекеттік тілге деген құрмет. Осы орайда жүргізілетін жұмыс түрлері әр алуан. Соның бірі-ойын. Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Бірнеше бөлімдерден тұрады. Әр топтың оқушылары кезек-кезек шығып, бөлімдер бойынша сұрақтарға жауап береді.
    3.Жүргізуші: Оқушылардың жауаптарын бағалайтын әділқазыларды сайлау.
    ( 5-баллды жүйемен бағалау ).

    ІІ Негізгі кезең. Жүргізуші:

    1.Блиц-турнир сұрақтары. ( 30 сұрақ беріледі )

    1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қай тіл?
    2.Қазақстан қандай мемлекет?
    3.Қазақстан Республикасының президенті - кім?
    4.Қ.Р. астанасы қай қала ?
    5.Қ.Р. тәуелсіздігін қашан алды?
    6.Астанаға елордасы қашан көшірілді?
    7.Ұлттық валютамыз қай жылы шықты?
    8.Бәйтеректің биіктігі қанша метр?
    9. Қ.Р. рәміздерін ата?
    10.Елтаңбаның авторлары кімдер?
    11.Әнұранның авторлары кімдер?
    12.Тудың түсі қандай?
    13.Қазақстан халықтары тілдері күні қашан?
    14.Тудың авторы кім?
    15.Айт(ораза, құрбан) қандай мереке?
    16.Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
    17.Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл?
    18.Тәуелсіз мемлекетіміз Б.Ұ.Ұ.-на қашан мүше болды?
    19.Ынтымақтастық сөзі қалай аударылады?
    20.Қ.Р. Коституциясы ( Ата Заңы ) қашан қабылданды?
    21.А.Құнанбайұлы – кім?
    22.Қазақ әдебиетінде « Үш бәйтерек » деп кімдерді атаған?
    23. «Бес арысты» ата.
    24.Қазақтың атақты хандарын ата.
    25.Қазыбек, Әйтеке, Төле- кімдер?
    26.Жеті жарғы қай ханның тұсында жазылған?
    27.Қазақтың ұлттық киімдерін ата.
    28.Қандай ұлттық тағамдарды білесің?
    29.Қандай салт-дәстүрлерді білесің?
    30.Бала алғаш мектепке барғанда жасалатын той қалай аталады?

    Жүргізуші:
    2.Сөздің көркі – мақал. Бұл бөлімнің мақсаты: мақалдарды бір жүйеге келтіріп, тақырыбын анықтау.

    1. Ел бірлігі-ел теңдігі.
    Бірлік болмай – тірлік болмас.
    Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.
    Бірлік, ынтымақ – байлық, бақ.

    2. Халық – дана.
    Халық – қатесіз сыншы.
    Өзін-өзі білген ер бақытты, өзін-өзі билеген ел бақытты.
    Халыққа қарсы жүру, ағысқа қарсы жүру.

    3. Еңбек түбі зейнет.
    Еңбек етсең емерсің.
    Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
    Жеріңді сатпа, теріңді сат.

    4. Шығыс шықпай, кіріс кірмейді.
    Ақшада көз жоқ.
    Оңай олжа – оңалтпас.
    Ақша ашпайтын құлып жоқ.
    Теңге тиыннан өсер, жылқы құлыннан өсер.

    5. Білім арзан – білу қымбат.
    Білегіңе сенбе, біліміңе сен.
    Білімі жоқ ұл, жұпары жоқ гүл.
    Ғылым – теңіз, білім – қайық.
    Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер.
    Залыммен жақын болсаң, басың кетер.

    Жүргізуші:
    3.Мақалды жалғастыр.Сөйлеудегі ең жақсы қасиет – адамның ой-пікірін қысқа, дәл айтып жеткізушілік. Ол үшін мақал-мәтелдердің маңызы зор. Сондықтан келесі бөлім мақалды жалғастыр деп аталады. Тапсырма мақалдың екінші бөлігін тауып айту.

    1. Батыр бір өледі, ...
    2. Ер жігіт елі үшін туады, ...
    3. Көз қорқақ, ...
    4. Кісі елінде сұлтан болғанша, ...
    5. Елің панаң, ...
    6. Сумен ойнама батарсың, ...
    7. Қой тілегі амандық, ...
    8. Көп сөз көмір, ...
    9. Шебердің қолы ортақ, ...
    10. Ер жігіттің екі сөйлегені, ...
    11. Әлін білмеген ...
    12. Туған жердей жер болмас, ...
    13. Тіліңмен жүгірме, ...
    14. Оқымаған бір бала, ...
    15. Әкеге қарап ұл өсер, ...
    16. Оқу білім бұлағы, ...
    17. Балалы үй базар, ...
    18. Өнер алды ...
    19. Білім инемен ...
    20. Тек жүрсең, ...

    Жүргізуші:
    4. Фразеологиялық тіркеске синоним табу.
    Әрбір оқиға, құбылыс, жамандық, жақсылыққа әркімнің көзқарасы әділетті, тура болуы керек. Оны шын жүрекпен сезініп, ұғына білу керек. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды деп Абай атамыз өсиет айтқан. Ендігі тапсырма фразеологиялық тіркестерге байланысты. Фразеологиялық тіркестерге синоним сөздер табу.

    1. Ит өлген жер.
    2. Жүрек жұтқан.
    3. Зәресі ұшу.
    4. Аузын қу шөппен сүрту.
    5. Қой аузынан шөп.
    6. Айрандай ұйыған.
    7. Бөркін аспанға лақтыру.
    8. Жаны мұрнының ұшына жету.

    Жүргізуші:
    5.Салт-дәстүрлер,әдеп-ғұрып.
    Тәртіп-әдептің бір түрі. Ол адамның жеке және қоғамдық өмірінде, күнделікті тұрмыста, рухани тіршілігінде маңызы зор. Бәленің көбі тәртіпсіздікпен туындайды. Тәртіпті жүзеге асыру тәсілдері: дәстүр, әдет-ғұрып, қоғамдық талаптар. Ендігі тапсырма қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпымен байланысты болмақ.
    Суреттелген салт-дәстүрдің қандай түрі екенін анықтау.

    1. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастархан жайылып, жастар домбыра тартып, ән салып, ұлттық ойындар ойналады.

    2. Нәрестенің туғанына қырық күн толғанда, ыдысқа қырық бір қасық су құйып, соған шомылдырады. Сәбидің қарын шашын , тырнағын алады. Ит жейдесін шешіп алып, сақтап қояды. Мерекелік дастархан жайылады.

    3. Сәби қаз-қаз тұра бастағанда, тез жүріп кетсін деп, ала жіп есіп, екі аяғын тұсап, сүрінбей жүретін адамға тұсауын кестіріп, баланы қолынан ұстап, тез-тез жүгіртеді.

    4. Бірін-бірі сүйіп ұнатқан қыз бен жігіттің ата-анасы, ағайын-туысқандарының жасайтын тойы.

    5. Ол-қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Оны отпен аластап, баланы бөлейді.

    Жүргізуші:
    6.Тыйым сөздер
    Тыйым сөздер-халықтың тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Тыйымсыз елдің жастары дуана деп айтылатын қазақ мәтелінің астарында үлкен ой-тұжырым жатыр. Тыйым сөздер арқылы ата-бабаларымыз жас баланың санасына қоршаған орта, табиғатқа деген ізгі сезімдерді ұялатуды көздеген. Келесі тапсырмамыз тыйым сөздердің мағыналарын түсіндіру.

    1. Бөркіңді теріс киме.
    2. Малды теппе.
    3. Табалдырықты баспа.
    4. Ақты төкпе.
    5. Үлкеннің сөзін бөлме.
    6. Құстың ұясын бұзба.
    7. Аққуды атпа.
    8. Бұлақтың көзін бітеме.
    9. Суды ысырап қылма.
    10. Көкті жұлма.

    ІІІ. Қорытынды кезең. Жүргізуші:
    Сонымен, құрметті сайысқа қатысушы топтар, әділқазылар алқасы жеңімпаз топты анықтағанша, өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар. Ойын барысында көптеген қызықты тапсырмалар орындадыңыздар, бұл тапсырмалар, ойындар бізді неге тәрбиелейді? Неге үйретеді?

    IV. Жүргізуші:
    Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.

    V. Жеңіске жеткен топ мүшелерін марапаттау.
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Хасанова_Маржан (18.05.2014) | Автор: Хасанова Маржан Амангельдиновна E
    Просмотров: 2825 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 1
    1 Тимок  
    Өте қызықты материал.Балалар осындай тәрбие сағатынан көп нәрсе алады деп сенімдімін.Рахмет.

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024