В помощь педагогу.
Воскресенье, 19.05.2024, 01:02
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Казахский язык и литература

    Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармалары.
    Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармалары. "Жазғы таң", "Сен сұлу", "Туған жер", «Шолпанның күнәсі», «Батыр Баян» поэмасы.

    Сабақтың мақсаты:
    а) білімділігі: Жыр пырағы – Мағжан туралы деректер беру, шығармалары туралы түсініктер беру арқылы жаңа тақырып бойынша білімділіктерін қалыптастыру.
    ә) дамытушылығы: Ақын шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген таным - біліктерін шыңдау.
    б) тәрбиелілігі: Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру
    Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, екі жақты күнделік, топтастыру
    Көрнекі құралдар: Ақын кітаптары, ақын суреті, интерактивті тақта, слайд, бейнежазба, оқулықтар.

    Сабақтың құрылымы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
    Жаңа материалға тірек болатын білім мен іскерлікті жаңғырту.
    2. Жаңа сабақ / Хронологиялық кесте бойынша ақын өмірі, шығармашылығы туралы айту/
    3. Мағжан өлеңдерімен танысу
    а) Мәнерлеп оқу
    ә) Өлеңді құрылысына қарай талдау, көркемдегіш құралдарды табу
    б) Екі жақты күнделік
    4. Қорытындылау
    5. Үйге тапсырма, бағалау

    САБАҚ БАРЫСЫ

    3.Ұйымдастыру кезеңі: Студенттремен амандасу, оларды түгендеу.

    4.Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тапсырмалар бойынша тексеру.

    5. Жаңа сабақ: 1.Мұғалімнің кіріспе сөзі. М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармалары, атқарған қызметтері жайлы жазған шығармалары туралы олардың көтерген мәселелері туралы қысқаша тоқталу және лекция жазу.
    2. «Шолпанның күнәсі» әңгімесі бойынша айту. Ондағы көтерілген мәселелер, қай кезеңдегі оқиға баяндалған. Шығарманың негізгі тақырыптық идеясы.

    - Ал, енді бүгінгі сабағымызға назар аударалық.
    Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
    Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
    Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,
    Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?-
    - Бұл өлең жолдарының авторы кім, қане, есімізге түсірелік. (Мағжан Жұмабаев).
    - Есімізге түсірелік, Мағжан кім?
    Мағжан:
    Прозашы, аудармашы, ақын, Абайдың ізбасары, лирик, поэмашы, Бес арыстың бірі
    - Өте жақсы, Мағжанның қандай өлеңдерін білеміз?
    -«Түркістан», «Сорлы қазақ», «Қазағым», «Күз», «Толқын», «От», т. б.
    - Ендеше, мен сендерге Мағжан Жұмабаев өмір жолы мен шығармашылығымен толығырақ таныстырып өтейін.

    Өмірдерек кестесі. Тарихи күн. Болған оқиғалар
    1893ж. 25. 06. Мағжан Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл басында туған.
    1909 ж. Мағжан Абайдың Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, содан сусындайды.
    1910 - 1913жж. Уфада Ғалия медресесінде оқиды.
    1913 - 1917жж. Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны алтын медальмен тәмамдайды.
    1917 - 1923жж. "Бостандық туы", "Ақжол","Шолпан" газет - журналдарында жұмыс жасай жүріп, халық ағарту ісіне белсене араласады.
    1923 - 1926жж. Мәскеуде көркем - әдебиет институтында оқиды.
    1927 - 1929жж. Бурабайда, одан соң Петропавлда оқытушылық қызмет атқарады.
    1912ж. Қазан қаласында алғашқы "Шолпан" атты өлеңдер жинағы басылды.
    1922ж. Келесі өлеңдер жинағы Қазанда, Ташкенде басылады. Атақты "Батыр Баян" дастаны дүниеге келеді.
    1922 - 1923жж. "Педагогика"
    1925 ж. "Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жайы" еңбектері жарияланады.
    1927 ж. Қызылжар педагогикалық техникумы мен совет партия мектебінде сабақ беріп жүреді.
    1929 ж. Москвадағы Бутырка түрмесіне қамалады. Содан 10 жылға сотталып, Карелияда 10 жыл айдауда болады.
    1935 ж. М. Горькийге хат жазып, ұлы жазушының көмегімен абақтыдан босайды.
    1937ж. 18. 03 С. Сейфуллиннің шақыруымен Алматыға келеді. Бірақ
    1937ж. 30. 12. қайтадан тұтқынға түседі. Сөйтіп аяулы ақын сталинизмнің құрбаны болады.

    Мағжанның әкесі Бекен мен анасы Гүлсімнен тараған 7 ұл мен 2 қыз да қуғын – сүргінге ұшырайды. Олардың айыбы біреу ғана – олар Мағжанның іні - қарындастары болғандары үшін.
    Қазіргі заманда Мағжаннан басқасының бәрінің де арттарында қалған ұрпақтары бар. Ал Мағжан жасында мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін, Қызылжар қаласында тұратын Шоқан Тастеміров деген кісінің қызымен
    ( Зейнеп ) қосылады. Бірақ 1 - 2 жылдан соң Зейнеп қайтыс болады. Азамат соғысы заманына қатысты атын Граждан деп қойған кішкентай нәрестесі де келесі жылы көз жұмады. Сол жылдары ақын қаламынан жары мен ұлына арналған талай мұң мен зарға толы өлеңдері дүниеге келеді.
    - Мағжан Шығыс поэзиясы, Батыс, орыс әдебиеті және фольклор (халық ауыз әдебиеті) арқылы сусындап, мол тәлім алды.
    - Ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр енгізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын – Мағжан.
    Ол 8 - 9 буынды жаңа өлшеу енгізді.
    (Мағжан өлеңдері, поэмалары, прозасы туралы толық түсініктер беру)
    - Жаңа сабақ бойынша сұрақтарына жауап беру.
    Оқулықпен жұмыс.
    - Ақын өлеңдерімен таныстыру. Мәнерлеп оқу.
    - Өлеңдерін құрылысына қарай талдау. ( Тақтаға шығып орындату)
    - Көркемдегіш құралдарды табу.( теңеу, эпитет, метафора)

    Интерактивті тақтамен жұмыс.
    - Алдын - ала жазылған кестені толтыру.
    Өзің таңдаған жолды оқу. Бұл үзіндіні неге таңдадың, себебі.

    - Оқулықтан тыс өлеңдер жинағын оқушыларға жатқа оқыту, талдау.

    «Мағжан ілімі кімге бұйырады?» ойыны.
    - Сіздерге ең бірінші сұрақ беріледі. Ол сұрақтың 3 түрлі жауабы бар. Оның біреуі ғана дұрыс. Сіз ойынның қатысушысыз. Сізге 3 жеңілдік бар. Бірі – менен сұрау. Екіншісі – қатысып отырған ұстаздардан сұрау. Үшіншісі – достарыңыздан сұрау.

    1. Мағжан поэмасын атаңыз.
    а) Манас батыр
    ә) Батыр Баян
    б) Ержүрек Темірұл

    2. Мағжанның махаббат тақырыбындағы жыры.
    а) Қайың
    ә ) Қоңыр жыр
    б) Айырылғанда

    3. Мағжанға баға берген кім?
    а) Абай
    ә) М. Әуезов.
    б) Ш. Құдайбердиев.

    4. Мағжан қандай әдебиеттен сусындады?
    а) Солтүстік, оңтүстік
    ә) Батыс, шығыс
    б) Америка, Англия

    5. Бес арыстың бірін ата.
    а) Ш. Уәлиханов.
    ә) Ы. Алтынсарин.
    б) М. Дулатов.

    6. Мағжанның алғашқы ұстазы кім?
    а) Ахметдин Ақанов
    ә) Ғалымжан Ибрагимов
    б) Мұхаметжан Бегішов

    7. Мағжанның Абай өлеңдерімен сусындауы...
    а) 1900 жыл
    ә) 1902 жыл
    б ) 1909 жыл

    Қорытындылау.

    - Мағжан ақын ұстазы ұлы Абай екеуі де бір мәуелі бәйтеректей. Қане, бәріміз қосылып Абайдың бір әнімен сабағымызды аяқтайық.

    6.Үй тапсырмасы:1. М. Жұмабаевтың өмірбаяны, жалпы шығармалары.
    2. «Шолпанның күнәсі» әңгімесін оқу.
    3. М. Жұмабаевтың өлеңдерін жаттап келу. Ақын туралы мәнжазба дайындау.
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Мира (30.09.2014) | Автор: Мейрамкул E
    Просмотров: 2598 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 1
    1 888777  
    Сәлеметсізбе,сабақ жоспары жақсы құрылған,көрнекіліктер ұтымды пайдаланылған,рахмет!

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024