В помощь педагогу.
Воскресенье, 19.05.2024, 00:23
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Казахский язык и литература

    Қазақ тілі сабағында өзге ұлт өкілдерінің тілін жазба жұмыстары арқылы дамыту.
    ХХІ ғасыр білім үрдісіндегі ақпараттық-коммуникативті технологиялар, озық әдіс-тәсілдер шығарылып, оқыту үрдісіне енгізіліп, оң нәтижелер беруде. Сол секілді өзге ұлт өкілдеріне өткізілетін қазақ тілі сабағында әр түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану өз нәтижелерін беруде. Сондықтан өзге ұлт оқушыларының ауызша сөйлеу тілін ғана емес, жазбаша тілді де дамытқан жөн.
    Тілді үйретуде жаттығу жұмыстарын жүргізген тиімді деп ойлаймын. Бүгінгі таңда жаттығу жұмыстарын ғылымда екіге бөліп қарастыруға болады. Олар: тілдік және сөйлеу. Тілдік жаттығулардың міндеті – грамматиканы меңгерту. Бұл жаттығулар арқылы оқушылар тілдік тұлғаларды қолдана отырып, оны сөйлеген кезде пайдалана білуге үйренеді. Сөйлеу жаттығулары сөздік қорды белгілі бір тілдік ойға байланысты дұрыс қолдана білу. Яғни, бұл – сұраққа дұрыс жауап бере білу, сұрақ қоя білу, сөйлемдерді дұрыс құру, аудару, шығарма жұмыстарын жаза білу, суреттерге байланысты әңгіме құра білу болып табылады. Сөйлеу жаттығуларын орындауда оқушылар қазақша сөйлеуге жаттығады. Қазақ тіліне тән әріптерді дұрыс қолдана алу арқылы, сөйлеудің монолог, диалог түрін, яғни ауызша, жазбаша сөйлеуді оқушы сөйлеу жаттығулары арқылы меңгереді. Қазақ тілінде сөйлеу мен сөйлесудің түрлерін толық меңгерген оқушы ғана өз ойын толық жеткізе алады, өйткені оған үйренген сөздік қоры негіз болады. Сондай-ақ оқыған кітабын мазмұндай алу, сөйлегенде мақал-мәтелдерді, тұрақты сөз тіркестерін дұрыс қолдана білу, тақпақ, өлең айту да оқушының тілін әбден жетілдіреді, дамытады. Осы жұмыстарды оқушы жиі қолданып отырса, тілі жаттығады, ол өз ойын еркін жеткізе алуға үйренетін болады.
    Оқушылардың тілдерін дамыту кезінде ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір-бірімен тығыз байланыстылығы басты орын алады. Адам сөйлеу арқылы бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу тілі арқылы адам екінші адамның сөзін естиді, тыңдайды, онымен пікір алысады. Адам осындай сөйлесу барысында тілдің түрлі көркемдеуіш құралдарын пайдаланады. Мысалы, теңеу, салыстыру, әсірелеу сөзге екпін түсіріп айту, ерекше үнмен, ырғақпен айту, ымдап, т.б. әрекетер арқылы сөйлеу процесінде екінші адамға ойын жеткізеді.
    Ал жазба жұмыстары-графикалық жазу таңбалары арқылы жүзеге асады. Жазбаша сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлеммен де, құрмалас сөйлеммен де бере алады. Демек, жазбаша сөйлеу тілінде белгілі жүйелі байланыс болады. Адам сөйлеммен ойын жүйелі беруде тілдегі түрлі жалғау, жұрнақ, түрлі тыныс белгілерін (нүкте, қос нүкте, үтір, сызықша, тырнақша, леп белгісі, сұрау белгісі т.б.), синоним, омоним, теңеу, салыстыру сияқты тілдік құралдарды пайдаланады.
    Ауызекі сөйлеу тілін жақсы меңгерген, оған жаттықан оқушы ойын жазбаша да дұрыс әрі жүйелі бере алады. Сондықтан бұл екі процесс бір-бірімен байланысты әрі бірге жүргізіледі.
    Жаттығу жұмыстары грамматика, орфография, пунктуация және әдебиетпен байланыстыра жүргізу принципі де ерекше орын алады.Оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білудің, тыныс белгілерін дұрыс қоюдың, көркем әдебиетті көп оқудың үлкен мәні бар.
    Жазба жұмысын стилистикамен байланысты жүргізу принципі де басты орын алады. Стилистикамен жұмыс грамматиканы, лексиканы, фонетиканы оқытумен тығыз байланысты жүргізіледі.Стильдің түрлерін жақсы меңгерген оқушы тілдің морфологиялық құрылысын, яғни сөздердің мағынасына, тұлғасына және синтаксистік қызметтеріндегі өзіндік ерекшеліктерін ажыратып, күрделі сөз тіркесінің құрамын негізгі және көмекші сөздер, олардың өзара байланысын ажырату, жазуы қиын орфографиялық ережелерді меңгертіп, дұрыс сауатты жазуға дағдыланады. Сайып келгенде, қазақ тілі сабақтары бойынша жүргізілетін жазба жұмыстары жоғарыда айтылған принциптерді ескере отырып ұйымдастыру пайдалы. Жазба тілді дамыту жұмыстарының жолдары алуан түрлі. Оқушының ойы сөз арқылы құралады. Сондықтан адамның тәрбие, білім алуы айналадағы, өмірдегі оқиғаны қабылдауы тіл арқылы, сөз арқылы іске асады.
    Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептің бесінші сынып оқушыларына қазақ тілі сабағында мынадай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады.
    Мысалы, бағдарлам бойынша лексикалық және грамматикалық тақырыптар деп қарастырайық.

    Лексикалық тақырып Грамматикалық тақырып
    Отбасы мүшелері. Зат есім
    Бір үйде біз нешеуміз?
    Менің анам мен әкем Атау септік
    Менің атам мен әжем Жалпы, жалқы есімдер
    Менің сүйікті әпкем мен сіңілім
    Менің ағам мен інім
    Отбасымыздағы дәстүрлер. Тәуелдік жалғау
    Жекеше,көпше түрі

    1-тапсырма
    Төмендегі сөздерге зат есімнің көптік жалғауын жалғаңыздар.
    І-нұсқа ІІ-нұсқа
    Отбасы, әже, ана, іні Ата, аға, әке, қарындас
    2-тапсырма
    Жалпы және жалқы есімдерді ажыратып жаз.
    Әке, мектеп, Қазақстан, ата-ана, Ертіс, отбасы, Мұхтар Әуезов, қарындас, Семей, «Менің атым-Қожа».
    3-тапсырма
    Берілген сөздерді тәуелдеңіздер.
    Шаңырақ Отбасы
    4-тапсырма
    Отбасы, ата-ана, туыстық туралы мақал-мәтелдер жаз.
    1 Отан-отбасынан басталады.
    2 Інісі бардың тынысы бар,
    Ағасы бардың жағасы бар.
    3 Ата-бәйтерек,
    Бала-жапырақ
    4. Атаның көңілі балада,
    Баланың көңілі далада.
    5 Бала-ананың бауыр еті.
    5-тапсырма.
    Бір үйде біз нешеуміз тақырыбына байланысты шағын әңгіме құрау.
    Мысалы:
    Біздің отбасымыз онша үлкен емес. Отбасымызда 4 адам бар. Олар: әкем, анам, ағам және мен. Біз Семей қаласында тұрамыз. Менің атым-Ерасыл. Мен 11 жастамын, 5-сыныпта оқимын. Әкемнің мамандығы-құрылысшы. Анам-дәрігер. Ағамның аты-Дәулет. Ол-студент. Оның болашақ мамандығы-заңгер. Біздің отбасымыз өте тату. Мен өз отбасымды жақсы көремін.
    Жазба жұмыстарының бір түрінде хат жаздыру жұмысы арқылы да оқушының тілін дамытуға болады. Мұғалім мұндай жұмыс түрін хабарлы, сұраулы, лепті, сөйлемнің бірыңғай мүшелерін, сондай-ақ лексиканы оқытуға орай жүргізе отырып, оқушының қаншалықты сөздерді білетіндіктерін байқауына болады. Хатты жолдастарына, үй-ішіне, туған-туыстарына жаздырудан бастау керек.
    Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру мен дамыту, сапалы білім беру – қазіргі кезде мектеп мұғалімдерінің, тіл мамандарының алдынды тұрған басты міндеттердің бірі. Сондықтан ұстаздар мемлекеттік тілді меңгерту мәселесіне байланысты әр-түрлі әдіс-тәсілдерді, озық технологияларды іздестіруде.
    Орыс тілді мектеп оқушыларын қазақ тілінде сөйлеуге үйрету, оны оқыту әдістемесін жетілдіру-бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Менің жүргізіп жүрген пәнім орыс мектебіндегі қазақ тілі орайында әңгіме болды. Қазақ тілі пәні бойынша жазба жұмыстары арқылы тілді дамыту әрбір сабақтың ең негізгі мақсаттарының бірі болатындығы осы жұмыста дәлелденді деп ойлаймын.
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Tokymtaeva (21.10.2014) | Автор: Токымтаева Акбота Галымовна E
    Просмотров: 1800 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024