В помощь педагогу.
Суббота, 18.05.2024, 20:05
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Казахский язык и литература

    Қазақ тілінің білгірлері
    «Қазақ тілінің білгірлері»
    Сабақтың мақсаты:
    Білімділік: оқушылардың өткен тақырыбтар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін,білім деңгейін кеңейту.
    Дамытушылық:түрлі әдіс- тәсілдер арқылыоқушылардыі тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
    Тәрбиелік:оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру,Отанын, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
    Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
    Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, кеспе қағаздар.
    1 – бастаушы:
    Барлық тілді үйренерсің сен әлі,
    Жігіт болып саналы.
    Қайда жүрсең өз еліңді ұмытпа,
    Өз еліңнің туын көтер жоғары.
    2-бастаушы:
    Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі,құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен дариды. Тіл байлығы – әрбір елдің мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
    1-бастаушы:
    Құрметті ұстаздар, оқушылар «Қазақ тілінің білгірі» атты сыныптан тыс тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
    Баршаңызды алдағы келе жатқан Тілдер күнімен құттықтай отырып,сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт,заманымыз тыныш болсын деп тілейміз.
    2-бастаушы:
    - Біз қай Республикада тұрамыз?
    - ҚР қандай рәміздері бар?
    - Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
    - Ал мемлекеттік тіл қай тіл?

    1-бастаушы:
    Балалар, Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған қандай тақпақтар білесіңдер?
    2-бастаушы:
    Мемлекеттік тілді меңгеру – әрбір қазақстандықтың азаматтық және адамгершілік борышы.
    - Балалар, тіл туралы мақал- мәтелдер білеміз бе?

    1- бастаушы:
    Бүгінгі сайыс сабағымыз мынадай кезеңдерден тұрады:
    1.Таныстыру.
    2.Әрі оқу,әрі ойын.
    3.Мәтінді аудару.
    4.Адасқан суретті орнына қой.
    5.Терме диктант.
    6. Ойлан, тап.
    Әр кезеңнің шарттары түсіндіріліп, әділқазылар сайланады.Сайысқа алты адамнан құрылған екі топ қатысады.

    2-бастаушы:
    1 кезең «Таныстыру». Екі топ өз ұрандарымен таныстырады.
    2 кезең «Әрі оқу,әрі ойын» көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, ұйқасын тауып оқу.
    1 топ. 2 топ.
    Знай –біл Готов –әзір
    Язык -..... Сейчас -.....
    Совесть – ар Осень -күз
    Есть - .... Сто - .....
    Шерсть – жүн Вчера - кеше
    Ночь - .... Мама - .....
    Благословление –бата Сон - түс
    Дедушка - ..... Птица - .....
    Воротник – жаға Звук - үн
    Старший брат - .... Солнце - ....

    1- бастаушы:
    3 кезең «Мәтінді аудар» Берілген мәтінді жаңа сөздерге сүйене отырып,аудару.
    Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Мұнда қазақ, орыс, неміс, тәжік,татарлар тұрады.Олар өте тату. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
    2-бастаушы:
    Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
    Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!
    Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,
    Қазақ тілі жасау керек мәңгілік! –дей отырып, сайысымызды жалғастырамыз.
    4 кезең «Адасқан суреттер». Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін суреттерді интерактивті тақтаның көмегімен дұрыс орналастыру.
    Суреттер Кім? Не?
    Ата +
    Кітап +
    Алма +
    Мұғалім +
    Орындық +

    1-бастаушы:
    5 кезең «Терме диктант» Өлең жолдарында кездескен сан есімдерді теріп жазу.
    2-бастаушы:
    6 кезең «Ойлан, тап». «Шаңырақ» деген сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөз құрастыру.
    1-бастаушы:
    - Қазақ жері маған да болған мекен,
    Дүниеде дәл мұндай ел бар ма екен?
    Досқа дархан, дұшпанға сонша қатал,
    Сүйем оны, сағынып самғап жетем.
    Орыс, қазақ туыс боп араласып,
    Ту ұстадық, сан ұлт қолдасып.
    Күрестерде, еңбекте, мерекеде
    Қаны, тілі жатыр ғой араласып.- дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Ospanova75 (27.11.2014) | Автор: Оспанова Гулбахыт Сагинтаевна E
    Просмотров: 876 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 3
    3 Аксауле  
    Сабағыңыз маған ұнады. Сізге шығармашылық табыс тілеймін!

    2 kalamkas  
    Сабағыңыз жақсы құрылған. Рахмет.

    1 Жотик  
    Бұл сабақ оқушылардың тіл байлығын,ойлау және еркін сөйлеу шеберлігін дамытуға үлкен үлес қосады.Қазақ тілінде таза сөйлеу қоғамдағы негізгі мәселелердің бірі.Осы мәселелердің алдын алу үшін осындай сабақтар көптеп өткізілу керек.

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024