В помощь педагогу.
Суббота, 18.05.2024, 22:24
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Казахский язык и литература

    шығармашылық жұмыстар
    Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы
    Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жолдыбаев Сансызбай Насировичтің шығармашылық жұмыстары

    Астана
    Астана отанымның бас қаласы,
    Асқақтаған биіктен бас шайқалады.
    Күллі әлем Астанада таң тұрады,
    Көрген әлем жұртты таң қалады.
    Биік зәулім үйлерден әр уақытта,
    Бәйтерек көрініп алыстан тік тұрады.

    Елбасыға рахмет әр уақытта,
    Мақсаты мен мүддесі бір қазақты.
    Шақырады “Мәңгілік ел” құруға
    Шақырып шартараптағы қазақтарды
    Елімізді тұғырын қондыруда.

    Қазақтың астанасы Алтын Ордам.
    Қазақтың басын қосқан жас қаласы.
    Жасыл елде қазақтың болашағы,
    Жасай берсін Нұрлы ел болашағы.

    Ана мен бала
    Ана сүйеніш болар тірегің
    Бала болып омырауынан сүт емдік
    Сол себепті ақтау керек әр қашан
    Кір келтірмей таза жүру міндетің

    Ана мен баласы егіз дейміз
    Ана баласыз жасау қиын дейміз
    Анасының іштей түрлі ой-житінің
    Бала болып, еш уақыт сезінбейміз.

    Соғыстарды тоқтатар ана-деген
    Жақсылықтың жаршысы ана-екен
    Тыныштықты бәрінен көп
    Баласының бақытын тілеп жүрген.

    “Мұқановтың туғанына 100 жылдық” мерей
    тойына арнау
    Сәлем бердім әуелі Сәбит ата.
    Тасыпты жасың бір ғасырға,
    Тойлап жатыр ұрпақтарың көз-көрген
    Сіз туралы естеліктер айтуда.

    Әдебиетке бағалы үлес қостың
    Сүрелерден орын алып шығармаң
    Оқырмандар шығарманды қарсы алып
    Жарық жұлдызы болдыңыз әдебиеттің

    “Мөлдір Махаббат” романы мен ғашықтарға
    Жас жазып өттің.
    Ғашықтар ортасындағы қиындықты.
    Айтып кеттің өмірдегі ғашықтарға.

    Махаббат символы-деп романды,
    Қолдан-қолға тигізбей бәрі оқиды.
    Роман арқылы барлық ғашықтарда
    Өз ғашығын табуға көп ұмтылды

    Әйел-қыздар теңсіздігін көп жырлап
    Жазып бердің “Ботагөз” романын
    Ботагөз бен Асқарды үлгі етіп
    Осыларға жөндеп жүруі жігіт пен қыз өздерін
    “М.Мақатаевтың 70-жылдық” мерей
    тойына арнау.
    Құтты болсын жетпіске толған жасыңыз
    Арта берсін әр уақыт беделді абыройыңыз
    Сізге қарап үлгі алады әр қазақ.
    Сізге арнап ақындар өлең жазат.

    Толыпты биыл жетпіске жасың,
    Құрметпен тілге алуда балаларың,
    Сіз жазған өлең жолдарын,
    Домбыра мен айтуда ұрпақтарың

    Поэзия жанрының жанған оты едің,
    Шіркін ажал ерте алды ортадан ,
    Бірақ қалды артыңда өшпес мұраң
    Сол мұаңмен мәңгі жасайсың ақын ағам.

    Әнге қосты өленіңді сазгерлер,
    Жазып кеттің Махамбеттей ерлерді,
    Өлең жолдарынан сөз алып басқарды,
    Той-думан кештерді басқарушы.

    Мұқағалиға!

    Туылған күнің бүгін сенің ағам-ай,
    Өлең жазды ұрпағың сенің жалықпай.
    Бағаңды білмей өтті,қайран ғасыр-ай,
    Өмір жолың қиын-қыстау болғанменен,
    Сөздеріңді әнге қосып ұрпақтарың айтудай.

    Табиғаттың бар болмысын жырладың,
    Тау мен тасты,көл мен шөлді барлығын.
    Абай мен Мағжанды оқып- біліп,
    Шығармаларын үлгі етіп олардың
    Тұрмыстың тауқыметін көре жүріп,
    Қара өлеңнің шебері атандыңыз!

    Құрмет көрсетуде «қазақ елі»өзіңізге
    Аруағыңмен желеп-жебеп жүргейсіз біздерді де,
    Сиқырлы сазды сөздеріңізбен,
    Мұзбалағы атандыңыз осы елдің де!

    Тәуелсіз егеменді қазақ елім!
    Тәуелсіз елім менің тірегім,
    Тәуелсіздік елім деп,соғады менің жүрегім.
    Тәуелсіздік туын қашан да биік көтеріп,
    Тәуелсіздік жырын жырлап келемін.

    Егемендік оңай бізге келген жоқ,
    Егемендік алу да жастарға оңай тиген жоқ.
    Егемендік самалмен терең тыныс алып,
    Егемендік жастары ойнауда асыр салып.

    Қазақ жері айналайын кеңдігіңнен,
    Қазақ халқы пайда болған кіндігіңнен.
    Қазақ жері тарихқа болған анық,
    Қазақ халқы шіркін-ай дархан халық!

    Наурыз
    Наурыз келді елімізге аралап,
    Гүл,бәйшешек екеуін де бірге алып.
    Оянды жер жүзінде барлық жәндік,
    Наурыз самалынан тыныс алып.

    Қойлар туып,ойнақтайды қозылар,
    Ойналады ойын түрлі қазақы.
    Көкпар тарту,бәйге шабу,қыз қуу ең тазасы,
    Жүгіреді үйден-үйге бозбалалар!

    Наурыз көже жасалуда әр үйде,
    Кіріп-шығып үлкен-кіші кәрі де.
    Дәм татады үйде піскен көжеден,
    Береді үлкен қариялар батасын!

    Наурыз күні барлық адам бойында,
    Жақсылықтың көрінеді көп ісі.
    Күлімдейді осы күні күн көзі,
    Қыздардың естіледі сыңғырлаған күлкісі!
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Жотик (24.12.2014) | Автор: Жолдыбаев Сансызбай
    Просмотров: 740 | Комментарии: 2 | Теги: Сансызбай | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 2
    2 Аксауле  
    Сәлеметсізбе Сансызбай Насирович! Өлеңдеріңізді оқып шықтып. Өте жақсы жазылған. Әсіресе маған өқатты ұнағаны "Мұқағалиға". Сізге шығармашылық табыс тілеймін!

    1 Алтын  
    Өлеңдеріңіз өте керемет екен.Сіздің өлеңдеріңізді оқушымен жұмыста пайдалануға болады .Шығармашылық табыс тілеймін!

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024