В помощь педагогу.
Суббота, 18.05.2024, 22:48
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Казахский язык и литература

    Тіл дамыту
    Тіл дамыту

    Тіл дамыту – қазақ тілі әдістемесінің басты міндеті. Ұстаз шәкірттердің, нақты, лайықты әдеби тілмен сөйлеуге, айтылмақ ойдың түсінікті болуын, қадағалайды. Сонымен қатар олардың мәнерлеп оқуын сондай-ақ өз ойларын байланыстыра, жүйелі, логикалық тұрғыда жазу дағдыларын қалыптастыруға тырысады. Оқушының сөйлеу дағдылары – сөзді ауызекі сөйлеуден немесе жазу жұмысында орнымен қолдана латындай дағдылар жүйесінен, сұраққа қысқа да, толық та жауап құрастыруынан, оқыған немесе көрген жайларын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағдысынан, шығарма жазу, жоспар, конспект, реферат жазу дағдыларынан құралады.
    Сөйлеудің бейнелі, көрнекті, сезімге әсерлі және логикалық байланыстырып айту мен жазуға бірдей қатысты – түрі.
    Бағдарлама бойынша тіл дамыту бірнеше бағытта жүргізіледі:
    1. Оқушылардың сөздік қорын байыту, бұл сөздік жұмысы арқылы (әртүолі жаттығулар, мазмұндама, шығармалар жазумен байланысты) қамтамасыз етіледі.
    2. Мәтін арқылы игеру (дұрыс айту, сөз жасалуы, сөз тіркесі мен сөйлемдерді құрастыру, сөз таптары мен синтаксистік құрылыстардың стилистикалық мүмкіндіктерін таныстыру, лексикалық синонимдермен жалғау, жұрнақтардың синонимдігін таныстыру.
    3. Ауызекі сөйлеу және жазу түрінде ойды байланыстыра мазмұндау іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.
    4. Қазақша ерекше дыбыстарды айта білу.
    5. Сурет бойынша оқушылардың ойлау қабілетін дамытк.
    Бұл талаптарды сабақтың мақсатына ұштастарып отыру. Тіл дамыту жұмысын (оқушының жасына, сыныбына қарай) байланыстырып сөйлеумен тығыз байланысты. Мысалы, екінші санаптың лқушысы үшін төрт-бес сөйлемнен тұратын мәтіннің мазмұнын айтқанда ойдағы сөйлемдердің орнын ауыстырмай байланысты түрде тіл дамыту жұмысымен ұштасып келеді. Әсіресе екінші сыныптың қазіргі оқулықтары тіл дамытуға өте ыңғайлы деп есептелінеді.
    Ал, жоғары сыныптарда оқушылар мұғалімнің айтқанын түсініп, жауап беру, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айту, мәтін бойынша қысқаша жоспар жасап, сұрақ қоя білу, қиын сөз, сөз тіркестерін бөліп жазу, ал грамматика жағына келетін болсақ, мәтіндегі сөйлемдерді үшінші жаққа қою, немесе хабарлы сөйлемдерді сұраулы тұлғаға қою сияқты жұмыс түрлері жүргізіледі.
    Қазақ тілінен жүргізілетін жазбаша жұмыстар
    Қай сыныпта болмасын, қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жазбаша жұмыстардың практикалық дағдыға үйретуге үлкен маңызы бар. Оқушылардың жазба жұмысы әліппені үйрету кезінде-ақ басталып, грамматикалық жаттығу орындау барысында күрделене түседі. Ал, арнайы жазба жұмыстардың: диктант, мазмұндама және шығарма деп аталатын негізгі түрлері – бұрынна қалыптасқан жүйелер.
    І. Диктант – тіл сабағында жүргізілетін жазу жұмысының басты бір саласы.
    Көру диктанты – көргені бойынша есте сақтай отырып, тексті жазуға кіріседі. Бұған он, он бес минут қана уақыт бөлінеді. Демек көру диктанты - өзінше тұтас сабақ алмай, 15-20 минуттын ғана ұстауы тиіс. Көру диктанты есту сезімімен байланыстырылады.
    1. Шығармашылық диктант. Мұны өткізгенде, сөйлем құру, сөздерді сөйлемге енгізу сияқты текстер ұсынылады. Бұл көбінесе жаттығу түрінде жүргізіледі.
    2. Ерікті диктант. Бұл оқушыларға сөздің жасалуы мен грамматикалық ерекшеліктерін үйрету мақсатында жүргізіледі.
    3. Өздік диктант. Мұндай диктанттар оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырады.
    4. Ескерту диктанты. Бұл оқушылардың өтілген материалдардан алған білімін жетілдіре түсуге себебін тигізеді.
    5. Бақылау диктанты. Жұмыстың бұл түрі бір тақырыпты өткеннен кейін жүргізіледі.
    Мазмұндама. Жазбаша мазмұндау кезінде әңгіменің мазмұны ашылуымен бірге, орфографиялық жағынан сауатты жазылуы, тыныс белгілерінің де дұрыс қойылуы қосымша талап етіледі. Жазбаша мазмұндаманың мазмұны көоем жағынан аз болғаны дұрыс. Әр сыныптағы диктанттың сөз санынан 20-25 сөз артық болуы тиіс.
    Мазмұндаудың екі түрі бар:
    1. Мазмұндап сақтау мазмұндау: 2. Еркін мазмұндау.
    Мазмұндау дайын мәтін түрінде ғана еме, кейде сурет арқылы да өткізіледі. Бұл шығарма жазуға төсілдірудің алғашқы баспалдақтары.
    Шығарма жазу. Шығарма – оқушылардың өзіндік шығармашылық еңбегі. Тақырыпты толық аша білу үшін, материал іздеуге, оны талдай білуге, оларды жүйелі түрде орналастыра білуге, өз шығармашылығын жатық стильмен әдеби тілде жаза білуге үйретілуі тиіс.
    Шығарма жазудағы басты межелер:
    Сөз сұрыпиау; Сөйлем құру; Сөйлем мен сөйлем, бзац, абзац арасындағы байланыс; Стиль тазалығы; Ой бағдарлылығы; Тақырыпты жете меңгерту; Өзі жазатын тақырыпта айтпақ ойын, оның баяндалу жүйесін, көлем-мөлшерін алдын – ала топшылай білу; Шығарма (оның мазмұнын меңзетерліктей эпиграф сөздер қолдана білу); Шығарма тақырыбын ашуға қажетті оның жоспарын жасай білу; Шығарманың кіріспе бөлімі мен негізгі бөлімінің арасындағы байланысты қиюластыра білу; Қорытынды пікірін, өзінің шығармаға көзқарасын, алған әсерін пайымды түрде сипттай білу; Тақырыптың тәрбиелік мәнін аша білу.
    Шығарма жазуға үйрету өте күрделі де қиын жұмыс. Бұған төсілдіру оқушыларға көптеген жазу, жаттығу жұмыстарын беруді қажет етеді.
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Аксауле (15.01.2015) | Автор: Аксауле E
    Просмотров: 900 | Комментарии: 5 | Теги: Базылова | Рейтинг: 1.0/1
    Всего комментариев: 5
    4 Аксауле  
    Рахмет!

    3 КАРЛЫГАШ  
    Сабағыңыз маған өте ұнады. Шығармашылық табыс тілеймін.

    1 майра  
    Өте жақсы сабақ!Осындай сабақтар оқушыларға үлкен көмек болары сөзсіз!

    2 КАРЛЫГАШ  
    Рахмет

    5 Аксауле  
    Рахмет!

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024