В помощь педагогу.
Воскресенье, 19.05.2024, 00:22
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Казахский язык и литература

    план урока
    Оқытушы: г.ғ.м., Сатеева Б.С.
    Ашық сабақ жоспары

    Білімділік мақсаты:
    1. Студенттердің пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттырып, әлеуметтік, танымдық мотивтерінің қалыптасуына жол ашу. Білімдері интерактивті технология, кешенді жаттығулар мен тапсырмалар арқылы пысықталып, студенттің алған білімін бекіту.
    Дамытушылық мақсаты: Қалыптастыру мен дамыту студент құндылығының негізі :
    1.Ақпараттық: әр түрлі ақпараттық құралдармен жұмыс жасай білу; мәтіннен ең негізгі мәселені көре білу; алынған ақпаратты кесте, слайд, тезис түріне айналдыра білу.
    2. Коммуникативтік: ауызша сөйлеудің негізгі тәсілдерін меңгере алу: диалог сұрақтарға қысқа жауап қайыра білу, өз ойын сауатты, анық , дәлелді жеткізе білу; өз көзқарасын қорғай білу.
    3. Оқу-зерттеушілік: жұмысты орындаудың ең тиімді жолдарын өз бетінше орындай алу; оны жүйелей білу.
    4. Әлеуметтік: белсенді жеке тұлға рөлін орындау.
    5. Технологиялық: тапсырмаларды орындау барысында өзіндік қолтаңбасын (элементін) қалдыру;

    Сабақ типі: аралас
    Пәнаралық байланыс: әдебиет, сурет
    Қызығушылық іс-әрекетін ұйымдастыру:
    Жалпылай
    Жекелей
    Топпен
    Оқыту әдістері: баяндау, иллюстрациялық түсіндіру, сипаттау, салыстыру, сұрыптау, жинақтау, талдау, интерактивті, тірек белгілері.
    Көрнекілік (слайдтар, суреттер) интерактивті тақта.
    Сабақта енгізілетін терминдер мен түсініктер: «адамның келбеті», «мінез», «портрет».

    Сабақтың барысы:
    Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздер ме? Көңі-күйлеріңіз қалай? Қазір қай мезгіл? Бүгін нешесі? Ауа райы қандай?
    Жылы, суыққа байланысты мезгілдік киім киеміз. Қазір сендер жассыңдар не кисеңдер де жарасады. Әдемі, сұлу кездерің.
    Қалай ойлайсыңдар: «Әдемі адам, сүйкімді кісі» деп қандай адамды айтуға болады?

    Мұғалімнің сөзі: Иә, «Адамның ұяты бетінде
    Адамгершілігі ниетінде» іші мен сырты бірдей сай жағымды болғанда ғана толық сүйкімді адам дей аламыз. Бүгінгі тақырыпта осы төңіректе әңгіме қозғаймыз.

    Сабақ тақырыбы: Адамның сыртқы келбеті және мінезі

    Тірек сөздер
    қылжақбас-шутник еңбекқор-трудолюбивый
    қызғаншақ-ревнивый әкіреңдеу-грубый
    сөзшең-разговорчивый тәкаппар-высокомерный
    кекшіл-злопамятный сотқар-драчун
    қарапайым-скромный тартымды-привлекатеьный, обаятельный
    қызба-горячий мақтаншақ-хвастливый
    талантты-талантливый берекесіз-неорганизованный,бестолковый
    сараң-скупой беделді-авторитетный
    білімді-образовонный мылжың-болтун
    әйгілі-знаменительный сезімтал-чувствительный

    Тірек сөздерді жағымды, жағымсыз қасиеттерге бөліңіздер

    Сөздерді сәйкестіріңіздер
    • Кірпігі бұйра
    • Шашы кең
    • Мінезі орташа
    • Түрі әдемі
    • Бойы ұзын
    • Мандайы жұмсақ

    1- тапсырма: Көрген фильмдердеріңіздегі кейіпкерлерді еске түсірейік

    Киноның бас
    режиссері Кино аттары Кейіпкер
    БСоқпақбаев «Менің атым Қожа» Ахметов (мектеп директоры)
    Б.Тілеуханов “Ағайындар” Шыңғыс
    Б.Тілеуханов “Жетімдер” Арман

    2-тапсырма :Үзіндіде кімнің портреті берілген?

    Фильмдерден үзінді Кімнің портреті?
    ... Ой, сауатсыз, - сүйтіп те тарта ма екен. Жап-жақсы шылымды босқа қор етуін қарашы. Ішке тарт. Міне, былай. Аузыңа түтінді толтырып ал да, жұтып кеп қал.
    Сәлеметсің бе Салтанат! Қал-жағдайың қалай? Денсаулығың жақсы ма? Ата-анаңның денсаулықтары жақсы ма? Қандай жаңалықтар бар? Мен де бәрі жақсы. Әскер қызметі ойдағыдай жүріп жатыр.
    Ертегідегі сияқты ақшасы бар сандық тауып алсақ немесе алтын балық ұстап алсақ онда анам мен әкемнің тірі болсыншы деп сұрар едім. Мен оларды қатты сағындым.
    - Ура! Ұтылдың! Мақтаншақ Қожа. Мен енді сені бұдан былай мақтаншақ Қожа деп айтамын.
    - Мені, былай... Сен менің мына пешкамды жедің бе? Жедің. Онан соң мен былай жеп, биге шықтым. Әй, мақтаншақ Қожа. Ұтамын деп мақтанып едің.

    3-тапсырма: Мәтін бойынша жұмыс. Мәтінді тыңдаймыз.
    ... Мейлі біздің сынып жетекшіміз Майқанова мені жамандай берсін, сотқар деп, ұрса берсін. Мен өзімнің көкейтесті арманымды, жанымның түпкірінде маздап жанған құпиямды Жанарға бір жөні келгенде ақтарып берсем, менің кім екенімді ол таныр еді. “Е, бәсе, Қожа осындай екен ғой. Талант деген түбінде жарып шықпай қоймайды”, - дер еді. Шіркін-ай, былай болса: адам әуелі үлкен болып жаралса. Өмірдегі өзіне тиісті қызмет мамандығын атқарып болғаннан кейін барып, балаға айналса. Сонда маған Майқанова қалай қарар еді. Үлкен кезінде ол әйгілі жазушы болған, оның есімі бүкіл дүние жүзіне мәлім. Олай болса, менің оған әкіреңдей бергенім жарамас, жазушыны сыйлау керек деп, тәубасына келер еді.
    Біріқ амал қанша, өмірде бұлай болмайды, болмақ емес. Әуелі беделсіз, білімсіз бала болып жараласың. Сенің үлкейгенде қандай адам болатыныңда ешкімнің шаруасы жоқ. Екінің бірі саған ақыл айтып, үстемдік жүргізбекші болады. Ақ, қараңды айырып, жаныңның түкпірінде не бар, не жоғына үңілмейді.
    -Қожа тәртіпсіз!
    -Қожа оңбаған!
    Осылайша шу көтеріп, даңғазалап алып кеп жөнеледі.
    («Менің атым Қожа» Бердібек Соқпақбаев)

    Мәтінде адамның мінезіне, сыртқы келбетіне байланысты қандай сөздер бар

    Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құраңыз
    1) Өмірдегі өзіне тиісті қызмет мамандығын атқарып болғаннан кейін барып, балаға айналса.
    2) Үлкен кезінде ол әйгілі жазушы болған, оның есімі бүкіл дүние жүзіне мәлім.
    3) Әуелі беделсіз, білімсіз бала болып жараласың.

    4-тапсырма: Қожаны суреттеуде пайдаланылған көркемдеуіш сөздерді кесте бойынша жүйеле

    Бет пішіні Дене бітімі Қимыл-қозғалысы, тұлғасы
    Дөңгелек Шымыр Ширақ
    Қара торы Бойы орташа Жылдам



    5-тапсырма “Менің атым -Қожа” әңгімесіндегі Жантасқа мінездеме бер

    6-тапсырма “Менің атым - Қожа” әңгімесінде Қожа өз-өзіне қандай уәде береді?

    7-тапсырма Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш
    Қас пен көздің арасында
    Аузына құм құйылды
    Бет моншағы үзілу

    8-тапсырма Мақал – мәтелдерді жалғастырыңыз
    1) Шебердің қолы ортақ,
    Шешеннің тілі ортақ
    2) Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,
    Жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа
    3) Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады,
    Құлағы жоқ, көзі саудың ақылы озады

    ЕРЕЖЕ Кейіпкердің сыртқы келбетін оның бет пішіні, дене бітімі, киім киісі, қимыл-қозғалысы, жүрісі, өзін-өзі ұстау әдебі құрайды.

    Өз портретіңді, досыңның немесе тағы басқалардың портретін суреттеңіз

    Үйге тапсырма
    • 1-тапсырма: Көрген фильміңізден таңдаған кейіпкерңіздің бейнесін дәптерге жазып келіңіздер.
    • 2-тапсырма: Адамның мінез құлқын көрсететін жағымды, жағымсыз сын есімдер жазыңыздар.
    • 3-тапсырма: Мәтіндегі соңғы абзацтағы «Әуелі беделсіз, білімсіз бала болып жараласың» сөйлеммен үндес Абайдың қара сөзін жазып, оқып келіңіздер.

    Источник: http://Құрман Ж.Н. Қазақ тілін оқытудың әдістемелік негіздері. Алматы, 2009
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Серикбеккызы (21.01.2015) | Автор: Сатеева Ботагоз Серикбеккызы E
    Просмотров: 970 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 1
    1 Аксауле  
    Сәлеметсізбе Ботагоз Серикбеккызы! Сабағыңыз маған өте ұнады. Осындай сабақтар оқушыларға үлкен көмек болары сөзсіз! Сізге шығармашылық табыс тілеймін!

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024