В помощь педагогу.
Суббота, 18.05.2024, 20:33
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Казахский язык и литература

    План урока
    Оқытушы: ф.ғ.к., Кадина Ж.З.
    Ашық сабақ жоспары

    Сабақтың тақырыбы: Қарағанды-болашақтың қаласы
    Сабақтың мақсаты:
    а) білімділік: сөздік қорларын молайту, жаңадан меңгерген сөздерді сөйлемдерде дұрыс пайдалана білу, сөйлеу сауатылығына үйрету;
    ә) дамытушылық: жеке тұлғаның ой қабілетіне әсер ету арқылы студенттердің жекелей өздігінен жұмыс істеу әрекеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, сөйлемдер құрастыру, сөйлеу шеберліктерін дамыту.
    б) тәрбиелік: Туған мекенге деген сүйіспеншілік рух тәрбиелеу, қаламызды сүюге, аялауға тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру, бейнематериалдар арқылы саяхат жасау, патриотизмге, өз жерін мақтаныш етуге тәрбиелеу, еліміздің көркеюі, жаңа құрлыстар әр қаладағы мәдениет пен экономиканың өсу көрсеткіштерін дәріптеу
    Сабақтың көрнекілігі: Бейне фильм, слайдтар, қиықша, суреттер
    Сабақтың түрі: Ұжымдық түрде бірлесіп білім алу, мультимедиялық сабақ
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі
    II. Кіріспе (Оқытушының сөзі)
    1) Пікір алмастыру Студенттерге қаланың тарихына байланысты кіріспе сұрақтар қойылады:
    а) Қала атауы неге байланысты шыққан?
    ә) Алғаш көмірді тапқан кім еді?
    б) Қаламызда Аппақ Байжановқа арналған ескерткіш бар ма? Т.б.
    III. Жаңа сабақ. 1 слайд ( қаланың белгісі , карта) «Қарағанды-болашақтың қаласы»

    2) 2 слайд ТІРЕК СӨЗДЕР:

    тұрғындар
    мәртебе
    сәулетті
    өкілдері
    қарқынды
    тірек
    парыз
    ойын – сауық
    ығыстыру

    (оқытушы оқиды, студенттер оқиды, тірек сөздерді пайдаланып, сөз тіркестері мен сөйлем құрастыру) Мысалы: тұрғындар ---тұрғындары қөп ---Қаланың тұрғындары көп.

    3) Тыңдалым. Бейне мәтін тыңдау: (мәтін студенттерге таратылады)
    Қарағанды- болашақтың қаласы
    Қарағанды қаласының алғашқы сызбасы –1930 жылдары жасалды. Алайда, 1960 жылдары тұрғындардың көбеюіне байланысты қаланы кеңейту қажеттілігі туындады. Содан бастап, қалада понельді үйлердің дәуірі басталды. Осылайша, Қарағанды сәулетті тұрғын үйлермен ерекшеленді.
    Биыл Қарағанды қаласына – 80 жыл, дәлірек айтсақ 1934 жылдың ақпан айында қала мәртебесі берілген болатын.
    Қарағанды-бүгінде әр түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің тұрағы. Қаланың негізгі өндірісі – көмір. Сонымен қатар, өңірде орта және шағын бизнес қарқынды дамуда. Шаһар еліміздің өндірісті, мәдени және ғылыми орталығы, экономикалық және саяси тірегі.
    Тәуелсіздік бұл – өткеннің алдындағы парыз, болашақтың алдындағы жауапкершілік, –дейді, елбасы Н.Ә. Назарбаев.
    Қарағанды қаласының дәл ортасында орналасқан Тәуелсіздік манументі 2011 жылы, тәуелсіздік мерекесінің 20 жылдығына орай орнатылыпты. Сондай-ақ, Қарағанды – Арена, С. Сейфуллин атындағы драма театры қалаға көрік беріп тұр. Түрлі ойын – сауық орталықтары да бой көтермек, алдағы уақытта халықтың көбеюіне байланысты Қарағандының орталығы Қарағандының оңтүстік – шығысына ығыспақ. 2004 жылы кенді аймақ 70 жылдық мерейтойын 427 мың тұрғынымен бірге тойласа, 80 жылдығын 465 мыңнан астам адаммен қарсы алмақ. Мереке тек ақпан айында ғана емес, жыл бойы аталып өтеді. Осы айда «Мерейтойлы қала», сонымен қатар әр ай сайын «Гүлденген Қарағанды», «Кеншілер қаласы», «Өндірісті Қарағанды» деген атаулармен мерекелік шаралар өтеді.
    4) Оқылым. Студенттер мәтінді бөлімге бөліп оқиды. (жаңа сөздерге тоқталамыз, мәтіндегі тіркескен сөздерімен оқиды).
    5) Сөйлесім. Мәтін бойынша бір-біріне сұрақтар: 1...
    6) Жазылым. Қиықша бойынша мәтінді толықтыру.
    Қарағанды бүгінде әр түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің тұрағы. .....
    Қаланың негізгі өндірісі – көмір. ....
    Өңірде орта және шағын бизнес қарқынды дамуда. ....
    Шаһар еліміздің өндірісті, мәдени және ғылыми орталығы, экономикалық және саяси тірегі. ....
    7) Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. 3 слайд, 4 слайд Суреттер сөйлейді




    8) Ойын. Өз қалаң туралы оқы, біл, сүй!

    Қарағандыда Елбасы қандай қызмет атқарды?
    Қарағанды облысының орталығы болған қала?
    Н.В.Гоголь атындағы кітапхана қай жылы құрылды?
    С.Сейфуллин атындағы драма театр қай жылы құрылды?
    «Шахтер» стадионының ескі атауы-
    Қаланың ертедегі халықтық атауы-
    9) 5слайд Қарағанды обл жататын қалалар мен аудандары атау (кластерді толтыру)


    10) 6слайд Қортынды сұрақтар Қойнауы толы қазыналы өлкенің болашағы жарқын.

    11) Ән тыңдау. (Бейне көрсетілім) Қалаға сырттай саяхат
    12) Үй жұмысы: (түсіндіру)
    1) Тірек сөздерді жаттау;
    2) Түрлі тақырыпқа эссе жазу
    Кенді өлке – Қарағанды.
    Елдің атын ер шығарады.
    Мерейтойлы қала-Қарағанды.
    13) Студенттерді бағалау.

    Источник: http://Сұлтанова Ғ., Сатқаева З. Жаңаша оқыту-заман талабы. Алматы, 2011.
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Зекеновна (21.01.2015) | Автор: Кадина Жамбы Зекеновна E
    Просмотров: 706 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 2
    2 Аксауле  
    Сәлеметсіз бе Жамбы Зекеновна! Өте жақсы сабақ!Осындай сабақтар оқушыларға үлкен көмек болары сөзсіз! Рахмет!

    1 Зекеновна  
    Танымдық сабақ жоспарының тапсырмалары бір-бірімен байланысты, оңайдан жеңілге қарай сатылап, қызықты етіп берілген. Қортынды сұрақтар өте қызықты, өз тәжірибеме алары бар. рахмет.

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024