В помощь педагогу.
Суббота, 18.05.2024, 20:33
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Казахский язык и литература

    Есік Алтын адамы. Қос сөз.
    Сабақтың тақырыбы: Есік Алтын Адамы. Қос сөздерді қайталау.
    Сабақтың мақсаты: Білімділік: Мәтінді түсіне оқи отырып, оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, мазмұнын өз сөздерімен байланыстыра айтуға жаттықтыру, тарих пәнінен алған білімдерін мәтінмен салыстыру. Қос сөздерді қайталау.Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, ой – өрісін дамыту, тақырыпты деңгейлік тақырыптық тапсырмалардың көмегімен меңгерту. Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу.
    Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
    Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ – жауап, аударма, оқулықпен жұмыс, топпен жұмыс.
    Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі, әдебиет.
    Көрнекілігі: интерактивті тақта, семантикалық карта
    Сабақтың барысы:
    I. Ұйымдастыру кезеңі.
    II. Үй жұмысын тексеру.
    1) - Қос сөз дегеніміз не?
    - Қос сөз нешеге бөлінеді?
    2) Семантикалық картамен жұмыс.
    III. Жаңа сабақ. «Ой шақыру» Бұл адам жай адам емес, өзі бір ерекше адам болған. Ол бүкіл әлемге танымал және бүкіл дүние жүзінде жалғыз – ақ. Ол адам б. з. д. V – IV ғасырларда өмір сүрген, бай отбасынан шыққан. Байлығы сонша асып - тасыған, тіпті бас киімі мен аяқ киімінде алтыннан тіккізген...
    - Балалар, бұл адам кім?
    - Елімізде қанша Алтын адам табылды?
    IV.Тыңдалым.
    Тарихи тағылым Қазақстанда үш «Алтын адам» бар.
    Алғашқы «Алтын адам». Алматы облысындағы Есік қорғанынан «Алтын адам» табылған кезде алыс –жақын елдердің барлығы елең еткен-ді..Бұл 1970 жыл болатын. Археологиялық олжаны тапқан тарих ғылымдарының докторы Кемел Ақышев басқа да ғалымдармен кеңесе отырып бұл біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген сақ ханзадасы деген шешімге келді. Аталмыш олжаның көшірмесі Алматыдағы Орталық мұражайға қойылды, кейін қазақ елінің басты символы ретінде басқа елдерде қойылған көрмелерге шығарылды. Оңтүстік астананың орталық алаңында (Республика алаңы) Тәуелсіздік монументінің негізгі бейнесі де осы «Алтын адам».
    Екінші «Алтын адам». 1999 жылы Атырау облысының Аралтөбе қорғанынан табылған. Олжаны қазу жұмыстарын тарих ғылымдарының кандидаты Зейнолла Самашев жүргізген. Біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырға жататын осынау алтынмен көмкерілген жанды оның болат семсеріне қарап, ғалымдар сарматттардың көсемі деген қорытындыға келген екен.
    Үшінші «Алтын адам». 2003 жылы табылған. Профессор, тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Төлеубаев бастаған археологтар қауымы бұл олжаны Шығыс Қазақстан облысының Шілікті жазығынан қазып алған. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл «Алтын адам» біздің дәуірімізге дейінгі VII-VIII ғасырларда өмір сүрген. Мекен еткен жеріне және үстіндегі құйма алтыннан жасалған аң- құс белгілеріне қарағанда сақ патшасына келетін бұл олжа әлі де зерттелу үстінде.
    Міне, сонымен күні бүгінге дейін бір емес үш « Алтын адам» табылғанынан хабардар болдыңыздар. Ұлан байтақ жері бар Қазақстан жерінде әлі қанша «Алтын адам» жатқаны белгісіз. Оны зерттеу уақыттың еншісінде.
    V.Сөздікпен жұмыс.
    шошақ төбелі – остроконечный әшекейленген – разукрашенный
    безендірілген - оформлен жәдігер – экспонат, реликвия
    оба – курган мүрдесі – останки зерттеу – исследовать
    VI.Оқылым. Есік Алтын адамы.
    Алтын адам – Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969 – 1970 жылдары археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында.Қып – өызыл қамзолы құрастырмалы ап – ауыр белбеумен буылған. Алтын адам Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.
    VII.Сөйлесім.
    - Алтын адам деген кім?
    - 5 ғасырдағы сақ жауынгері.
    - Сақ жауынгері қай жерден табылған?
    - Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы Есік обасынан табылған.
    - Қандай сақ жауынгері жерленген?
    - Бұл қабірде басын батысқа беріп шалқасынан жатқан
    - 17-18 жастағы жауынгер жерленген.
    - Оның басында не бар?
    - Ол басына 200-ден астам алтын әшекеймен безендірілген шошақ төбелі биік бас киім киген.
    - Үстіне не киген?
    - Үш мыңға жуық алтынмен әшекейленген қып - қызыл былғары бешпент, оның ішіне матадан тоқылған ішкөйлек киген.
    - Сен ол Алтын адамды мұражайдан көрдің бе?
    - Әрине. Сен де барып көре аласың. Ол экспонат Орталық мұражайда тұр.

    VIII. Деңгейлік тапсырмалар.
    III деңгей.
    1. Сөйлемдерге мәтін бойынша қажетті сөздерді қойып жазыңдар.
    1) Алтын адамды 1969-1970 жылдары ... . 2) Алтын адам киімі төрт мыңға жуық ... .
    3) Бас киімінің ұзындығы ... . 4) Алтын адам – Қазақстанның ... .
    5) Оның тұлғасы Алматы қаласының ... .
    2. Мәтіннен қос сөздерді тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
    II деңгей.
    1. Алтын адамға сипаттама беріңдер.
    2. Сөздерді бағдарсызықпен сәйкестендір.
    Алтын Ақышев
    IV - V жылдары
    Кемел адам
    қып – қызыл ғасыр
    1969 – 1970 символ
    Азаттық бешпент
    3. Мәтіннен қос сөздері бар сөйлемдерді теріп жазып, талдау жасаңдар.
    I деңгей. «Сен қалай ойлайсың?» Қиял – ғажайып әңгіме құру.
    Тірек сұрақтар:
    Алтын адам қандай жауынгер болды?
    Ол не үшін күресті?
    Қалай қаза тапты?
    Ол халқының мақтанышы бола алды ма?
    Оны неге мұражайға қойды?
    IX.Сабақты қорытындылау. Тест.
    1. Алғашқы Алтын адам қайдан табылды?
    А) Алматы облысы Есік қаласы Б) Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы
    В) Түркістан қаласы Д) Шығыс Қазақстан облысы
    2. Алтын адам Қазақстанның ... айналды. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңдар.
    А) бостандық белгісіне Б) тәуелсіздік тұғырына
    В) адалдық символына Д) азаттық символына
    3. Қос сөз нешеге бөлінеді?
    А) 3 Б) 4 В) 2 Д) 5
    4. Қайталама қос сөздерді табыңыз.
    А) бала – шаға Б) бір - бірінен В) апақ – сапақ Д) жақсы – жаман
    5. Қосарлама қос сөздерді табыңыз.
    А) бетпе – бет Б) үйді – үйіне В) кәрі – жас Д) оқу - тәрбие
    Жауаптары:
    1. А 2. Д 3. В 4. Б 5. В
    X.Бағалау.
    XI.Үйге тапсырма: «Менің қаламдағы мұражай» тақырыбына әңгімелеу.
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Жайнагүл (10.02.2015) | Автор: жунусова жайнагул муратжановна E
    Просмотров: 2731 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 1
    1 arhatkz  
    Сабақ құрылымы жақсы құрылған

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024