В помощь педагогу.
Суббота, 18.05.2024, 21:29
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Казахский язык и литература

    Лексикадан өткенді қайталау
    Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау.
    Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, меңгерген білімдерді ұмытып қалуға жол бермеу, білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру, білімдегі олқылықтарды жою.
    ә) Дамытушылық: Сөз байлығын молайту, сөздік қорын байыту, ойлау қабілеттерін дамыту. б) Тәрбиелік: Білімге құштарлыққа тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу.
    Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жаттығу, тест жұмысы.
    Сабақтың түрі: бекіту, қайталау.
    Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,үлестірмелі карточка.
    Сабақтың барысы:
    I. Ұйымдастыру бөлімі:
    а) Оқушыларды түгелдеу
    ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

    I. «Қызығушылықты ояту» стратегиясы (психологиялық даярлық)

    Алыстан сермеп,
    Жүректен тербеп,
    Шымырлап бойға жайылған.
    Қиядан шауып,
    Қисынын тауып,
    Тағыны жетіп қайырған.
    Толғауы тоқсан қызыл тіл,
    Сөйлеймін десең, өзің біл,-деп Абай атамыз айтқандай, 5-сыныпта өткен «Лексика» бөлімі бойынша қайталау сабағымызға көшейік.

    II. Балалар, сендер «Лексика» сөзін естігенде қандай сөздер ойларыңа келеді?
    « Топтастыру» стратегиясы.

    III. Енді осы тарауларға анықтама береміз, мағынасын ашамыз. («Кубизм»)

    1. Лексика ғылымы нені зерттейді?
    2. Омоним дегеніміз не?
    3. Синоним дегеніміз не?
    4. Антоним дегеніміз не?
    5. Диалект сөз дегеніміз не?
    6. Мақал-мәтел дегеніміз не?
    7. Табу дегеніміз не?
    8. Эвфемизм, дисфемизм неңдей сөздер?
    9. Тұрақты тіркес туралы не білесің?
    10. Кірме сөздер дегеніміз не?
    Тапсырмалар
    1. Мына үзіндіден көнерген сөзді тауып, көнерген сөздің қай түріне жататынын айт.

    Айтулы ерлер бар екен,
    Жүйріктері баптаулы.
    Найзалары саптаулы,
    Дұшпанға атар жебесі
    Қорамсақпен қаптаулы.

    2. Үзіндіден кірме сөзді тап.

    Дастархан жайып құрметтеп,
    Төкті түрлі жемісті
    Жез самаурын қайнаулы,
    Союға бағлан байлаулы.

    3. Антоним сөздерді тап.

    Көл дария, көл болса,
    Бай мен жарлы тең болса,
    Диханшылық көп болса,
    Қатерсіз-дағы ел болып.

    Жаман сөз –жанға кірген тікен,
    Жақсы сөз –таусылмайтын ем.

    IY. « Сергіту» ойынын ойнаймыз.
    «Бір сөзбен атаңдар» ойыны. (Фразеологизм)
    - Мен сендерге тұрақты тіркестерді оқимын, оның қандай мағына беретінін бір сөзбен атау керек:

    1. Тайға таңба басқандай.
    2. Төбе шашы тік тұрды.
    3. Ит арқасы қиянда.
    4. Қырық пышақ болу.
    5. Жұмған аузын ашпау.
    6. Қой аузынан шөп алмас.
    7. Тонның ішкі бауындай.

    V. Оқулықпен жұмыс: 221-жаттығу. Өлеңнен ұлттық тағам атауларын теріп жазу:
    Кесел сөзінің синонимін табу.

    222-жаттығу. Махмұд Қашқаридың ақыл сөздерін жаттап айту.

    « Баламалы тест» орындаймыз. Мұнда «ия» немесе «жоқ» деп жауап бересіздер.

    1. Қоза, шиіт, терімші, балдаң сөздері ауылшаруашылық кәсібіне байланысты.
    2. Синоним, антоним, диалект-математикалық терминдер.
    3. «Жұмыртқа» сөзін Оңтүстік Қазақстанда «тұқым» деп атайды.
    4. Бөтелке, сөмке, бәтеңке араб-парсы тілінен енген.
    5. Жаңа сөздер неологизмдердеп аталады? Дұрыс па?
    6. «Сыныққа сылтау»-мәтел
    7. «Тайға таңба басқандай»-әдемі
    8. Екі я одан да көп мағынаға ие болатын сөздер көп мағыналы сөздер деп аталады.

    VI. Жазылған синонимдерді сәйкестендіріп тапсырманы орындау.

    Алыс баяғыда
    Үлкен ауқат
    Кішкентай дәу
    Ажар биттей
    Тамақ келбет
    Таңертең шалғай
    Ертеде азанда

    Тақтада берілген «Лексика» сөзжұмбағын шешу арқылы сабағымызды қорытындылайық.

    СӨЗЖҰМБАҚ

    1.Сөз байлығын зерттейтін сала.
    2. Сөз тіркесінің түрі.
    3. Белгілі бір кәсіпке байланысты сөздер.
    4. Бірі-біріне мағынасы жақын туыс сөздер.
    5. Қолданылған дәуірі өтіп, заманның өзімен бірге көнерген ескі тарихи сөздер.
    6. Қолданыстан шығып қалған сөздер.
    7. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.


    Оқушыларды бағалау.
    Үйге тапсырма: Лексика тарауын қайталау.
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: gaisina (24.02.2015) | Автор: Гайсина Құндыз Жарылхасовна E
    Просмотров: 1691 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024