В помощь педагогу.
Воскресенье, 05.05.2024, 17:24
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Казахский язык и литература

    «Анықтауыш,жасалу жолы. Дара,күрделі анықтауыш»
    Батыс Қазақстан облысы
    Ақжайық ауданы
    Чапаев аулындағы
    № 1 орта жалпы білім
    беретін мектебінің
    қазақ тілі мен әдебиеті
    пәнінің мұғалімі
    Меңдіғалиева Әсемгүл
    Есімғалиқызы
    Лексикалық тақырыбы :«Кең –байтақ Қазақстаным»
    Грамматикалық тақырыбы: «Анықтауыш,жасалу жолы. Дара,күрделі анықтауыш»
    Сабақтың мақсаты :
    • Білімділік-оқушыларға жаңа тақырып бойынша жан-жақты білім беру.
    Анықтауыштың жасалу жолдары туралы түсінік беру.
    дамытушылық-оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
    арттыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту,логикалық
    ойлауын,қабылдау,түйсіну әрекетін жетілдіру,өзіндік пікір
    қалыптастыруға жетелеу.
    тәрбиелік-мысалдар арқылы оқушылардың туған елге,
    жерге,тіліне деген сезімін ояту,оларды ұлтын сүюге,туған
    жердің қадірін білуге,адамгершілік қасиеттерге,ұлттық
    дәстүрлерді қадірлеуге үйрету.
    Сабақтың түрі : аралас сабақ
    Сабақтың әдісі : деңгейлік оқыту,баяндау,талдау,сұрақ-жауап.
    Пәнаралық байланыс : әдебиет.
    Сабақтың көрнекілігі : интерактифті тақта,слайдтар,сызбалар,оқулық.
    Сабақтың барысы:
    Ұйымдастыру:
    1.Оқушылармен сәлемдесу.
    2. Оқушылардың назарын аудару.
    Үй тапсырмасын сұрау : 7 тапсырма
    (Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.Сөйлемнің қандай мүшесі екекнін айтыңдар)
    Марат сабақтан кеш келді. Ердің атын еңбек шығарады. Ол-скрипка өнерінің шебері. Халық үлкен дарын иесін қадірлейді. Жер қабатынан табылған әрбір зат мұқият тазаланады.
    Ой қозғау стратегиясы : (1слайд)
    1.Қазақстан қандай мемлекет?
    2. Мемлекеттің өзіне тән ресми белгілеріне не жатады?
    3. Тудың пайда болу тарихы қандай?
    4. Геральдика дегеніміз не?
    5. Біздің туымызда не бейнеленген?
    6. Сөйлем дегеніміз не?
    7.Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?
    8. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне не жатады?
    Жаңа сабақ :
    Жаңа сөздер :(2 слайд)
    түйіскен жерлерінде- тоғысқан,беттескен
    орын тепкен- орын алған
    сарқылмас- таусылмас
    біраз бөлігін қамтиды- аумағын алады
    әйгілі- белгілі
    ажарлы- көркем,сұлу
    (Жаңа сөздермен сөз тіркестерін,сөйлем ойлау. Оқушылармен жаңа сөздерді хормен қайталау. Жаңа сөздерді жауып тастап, есте қалғанын жазу.)
    «Кең-байтақ Қазақстаным» (3 слайд) мәтін
    Мәтінмен жұмыс жүргізу:
    Мәтінді оқу.
    Мәтінді аудару.
    Негізгі ойды анықтау.

    4. Тұрлаулы мүшелерді табу.

    Топтық жұмыс:

    Оқушылар екі топқа бөлініп сұрақтар дайындап, екі топ бір-біріне сұрақтар қояды.
    (4 слайд)
    Мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар.
    1.Тәуелсіз Қазақстан- жері кең, ірі мемлекет.
    2. Ол шартты түрде бірнеше экономикалық аймаққа бөлінеді.
    3. Батыс Қазақстан- Еуропамен шекаралас орналасқан.
    4. Өлкенің жер асты байлықтары көп емес.
    5. Солтүстік Қазақстан- мұнайлы жер.
    6. Оңтүстік Қазақстан- Сарыарқа деп аталатын аймақ.
    (5 слайд)
    Сөйлем мүшелерін қайталап өту.
    Анықтауышты түсіндіру.


    (6 слайд)
    Мысалдар:
    Таңғажайып табиғаты бар ел. Атақты Көкшетау- сұлу жер. Бұл өңірде мұнайдың сарқылмас қоры бар. Қарағанды қаласының жарты миллиондай халқы бар.
    Оқулықпен жұмыс :(7 слайд)
    63 бет. 5.1.4-тапсырма.
    Сөйлемдерден анықтауышты табыңдар. Сұрақ қойыңдар (жазбаша, ауызша)
    64 бет. 5.1.5-тапсырма. (8 слайд)
    Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар. Көп нүктенің орнына оң бағанадан тиісті анықтауышты тауып, жазыңдар.
    Мақал- мәтелдер:. (9 слайд)
    (Анықтауышты табыңдар.)
    1. Атаңның баласы болма,
    Адамның баласы бол.
    2. Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
    Бітірген ісін сұра.
    3. Су- ырыстың көзі,
    Еңбек кірістің көзі.
    4. Жаман сөз жылатады,
    Жақсы сөз жұбатады.
    5. Жылы киім тәнді жылытады,
    Жылы сөз жанды жылытады.
    (10 слайд) Тест сұрақтарын қою.
    1. Пысықтауыштың сұрақтарын тап?
    А) не мақсатпен не үшін? Ә) кімнің?ненің? Б) кім туралы? Не туралы?
    2. Берілген сөйлемнің баяндауышын тап.
    М.Әуезов қазақтың ұлы жазушысы.
    А) М.Әуезов Ә) қазақтың Б) жазушысы В) ұлы.
    3. Пысықтауыштың қай түріне жататынын табыңыз.
    «Мен бүгін жолға шықтым.»
    А) мекен Ә) мезгіл Б) қимыл-сын
    4. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
    А) 5 Ә) 4 Б) 3
    5. Өздігінен сөйлем мүшесі бола алмайтын сөз табын тап.
    А) үстеу Ә) зат есім Б) одағай В) сын есім.
    6. Дара баяндауышты сөйлемді тап.
    А) Машина баяу жүріп келе жатыр.
    Ә) Ол барлық сыныпты тазалады.
    Б) Ол кетуге тиіс емес.
    В) Келе жатқан үшеу екен.
    7. Тек бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді қалай атайды?
    А) жақты Ә) жалаң Б) атаулы В) жақсыз.
    8. Анықтауыштың сұрақтарын көрсет.
    А) кімде? Неде? Ә) кімнің? Ненің? Б) қалай? Қай? В) қайда? Қашан?
    9. Сын есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі.
    А) бастауыш Ә) толықтауыш Б) анықтауыш В) баяндауыш.
    10. Мына сөйлемнің бастауышы қай сөз табына жатады?
    «Оқитын-мен, тыңдайтын-ол.»
    А) зат есім Ә) етістік Б) есімдік В) сын есім.
    Бекіту:



    Бекіту сұрақтарына жауап беру:
    1. Жаңа сөздерді қайталайық.
    2. Анықтауыш дегеніміз не? Сұрақтары, жасалу жолы.
    3. Анықтауыш құрамына қарай нешеге бөлінеді?
    Талдау:( анықтауышты табу)
    Қазақстан. Ол- біздің Отанымыз. Қазақстан- тәуелсіз мемлекет. Біздің еліміз үлкен аймақты алып жатыр. Қазақ жері кенге бай.Экономикалық даму қарқыны зор елміз. Мүшелікке қабылдандық. Әлем елдерімен бейбіт өмір сүреміз.
    Үйге тапсырма:
    Мәтіннің мазмұны, ереже жаттау. Құрамында анықтауышы бар 5 мақал-мәтел жазып келу.
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: айнат (17.04.2015) | Автор: Мендигалиева Асемгуль Есимгалиевна E
    Просмотров: 2949 | Теги: открытый урок | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024