В помощь педагогу.
Воскресенье, 05.05.2024, 21:53
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Казахский язык и литература

    Сайыс сабақ. 8-сынып
    Дидар ЖАМАНКАРИНА
    Рабиға Наурызбаева
    Жезқазған қаласы
    №4 орта мектебінің
    қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
    мұғалімдері

    Дүлдүлдер сайысы. 8-сынып.
    Мақсаты: Қазақ тілі пәні олимпиадасында жеңісті қолдан бермейтін жүйріктерді анықтап, дарындылығын дамыту.
    Оқу нәтижелері: Оқу үрдісінде заманауи технологиялардың элементтерін пайалану жолымен дарынды балаларды анықтап, ойлау қабілетін дамытуға ықпал ету.
    Сайыс сабақ болғандықтан, оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін жан-жақты танытуына қолайлы орта қалыптастыру.
    Сергіту сәті: «Айна» әдісі.
    Ғалымдар хаты Түйінді идеялардың мағынасын ашу арқылы оқушылардың ынтасы арттыру.
    Топпен, жұппен, өзге сынып оқушыларымен бірлесе жұмыс істеуге төселдіру.
    Жаттығулар: Түрлі тақырыптарға постер құрастырып, көпшілікке ұсынып, қорғауға машықтандыру.
    Бірлескен жұмыс түрлері: Ассоциация құрастырады, постер қорғайды, лездік сұрақтарға жауап береді.
    Дереккөздер: Пән мұғаліміне арналған оқулық.
    Сабақ барысында қолданылатын материалдар: Презентациялар, аудиожазба, бейнежазба, флипчарт, фломастерлер, ватмандар.
    Бағалау: 9-11 сыныптан іріктелген 3 олимпиада жүлдегерлері таратылған жеке бағалау парақтарын толтырып, бақылап отырады.

    Сайыс сабақтың барысы: Тақтаға эпиграф ретінде Сейіт Кенжеахметұлының «Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі-қазақ халқы» деген орамды ойын ілеміз де, топ басқарушы олимпиада жеңімпаздары мен сайыс сабаққа қатысушы үміткерлермен жарқын жүзбен амандасып, топқа бөлу әдісін бастаймыз. Екі мұғалім домбыраның сүйемелдеуімен әсем күйдің ырғағында оқушыларды ортаға шеңбер құруға шақырады да «Ыстық алақан» жылуымен бір-біріне лебіздер білдіруін өтінеді. Содан соң Рабиға апайдың қолындағы киіз үйлерді алып, олардың түстеріне орай «Жүйріктер» , «Сәйгүліктер», «Арғымақтар» топтарына топтасады. /3 минут/
    1-байқау. Интерактивті тақтадан мадақтама алып, жеңіс тұғырына мініп, қуанып тұрған жеңімпаздар туралы үнсіз бейнежазба көрсетіледі. Топ мүшелері осы бейнежазбаны қарасөзбен, өлеңмен өрбітуі керек. /10 минут дайындалады да, 6 минут қорғайды/
    Топты бағалаушылары ұсынылған кестеге орай дайын дескрипторлар арқылы баллдық жүйемен бағалауды бастайды.
    2-байқау. Дидар апайдың өз дауысымен жазылған аудиожазба тыңдатылады, бұл жазбада қазақ тілі туралы баяндалады. Топ оқушылары мұқият тыңдау жолымен қазақ тіліне тән барлық 36 терминді түрлі түсті фломастермен постерге түсіруі шарт. Бұл терминдердің ішінен қазақ тіліне тән дыбыстары бар 10 терминді ғана көпшілікке ұсынып, әрқайсысына анықтама береді /ұяң, қатаң, үнді, үстеу, есімдік, одағай, етістік, негізгі, туынды, екпін/. /10/
    Сергіту сәтін Рабиға апайларымен «Айна» әдісі арқылы өткізеді. Бір-біріне қарама-қарсы отырған оқушылар жазылған сөздерді қимыл арқылы айнаға көрсетіп береді:
    • Түйме тігу;
    • Шаш өру;
    • Жолға жиналу;
    • Домбыра тарту;
    • Қобызда ойнау. Айна қайталап отырады. /1 минут/
    3-байқау. «Өз сөзімен айту» тәсілі бойынша берілген мәтіндегі асты сызылған сөздерді олардың синонимдерімен алмастыру арқылы жүгіртіп оқу шарт. /6 минут/
    Мәтін: Аманат – бір адамның /кісінің/ екінші біреуге сақтауға берген бағалы заттары /нәрселері,бұйымдары/. «Аманат» аман деген сөзден шыққан. «Аманат-аман сақтайды» дейді халық /ел,жұрт,көпшілік/. Аманаттың үлкен /зор, орасан/ мән-маңызы бар. Ежелгі /көне,байырғы/ заманда кепілдеме ретінде аманатқа адам да қалдырып кеткен. («Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабынан)
    4-байқау. «Мнемоникалық сөйлем» тәсілі бойынша «Д» әріпінен басталатын «Кім-қашан-қайда-қалай-қайтті?» тізбегін тізеді де флипчарттағы қазанға салады. /5 минут/
    Рабиға апай бағалау парағы бойынша оза шапқан бірінші топ оқушыларын төмендегі Н.Айтовтың өлеңі негізінде туған шумақтармен тақта алдына шығарып, марапаттайды:
    Шәкіртімнің тынысымен күн кешем,
    Жеңісімен, ойыменен тілдесем.
    Ел бетіне қалай түзу қараймын,
    Қазақ тілін,
    Ардақ тұта білмесем!
    Дидар апай:
    Балаларым-
    Мақтанышым, тәтті үнім,
    Сендерсіңдер, шапағатым,шаттығым,
    Келешекке аманат қып жеткізгей,
    Қазақ тілінің таза,мінсіз пәктігін!
    Топ басшылары:
    Орыс тілі-
    Алтын бесік, құндағым,
    Қазақстан жөргектеген жұмағым.
    Қазақ тілін ынтаменен тыңдадым,
    Сыйлап өтем,
    Байланғанша тіл-жағым!

    Рефлексия: «Бір жұлдыз,бір тілек» . /1 минут/
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Дижа (26.09.2015) | Автор: Жаманкарина Дидар Мырзабековна E
    Просмотров: 916 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024