В помощь педагогу.
Воскресенье, 05.05.2024, 22:26
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Казахский язык и литература

    Абай туралы әдеби кеш
    Мақсаты: 1. Оқушылардың Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту және тереңдету, оның өлеңдерімен, аудармаларымен, қарасөздерімен таныстыру; 2. Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға, Абай поэзиясына деген қызығушылық сезімдерін қалыптастыруға ықпал ету; 3. Балалардың азаматтық және патриоттық сезімдерін, ой-қиялын, эмоциясын, әртістік қабілетін жетілдіруге деген ынталарын тәрбиелеу. Эпиграф: «Қазақтың Гетесі жоқ , Пушкині жоқ , Қазақтың деме бірақ ешкімі жоқ.. Есесіне өзгенің Абайы жоқ , Халқының мәңгі тұрар кескіні боп» Көрнекі құралдар: Абайдың портреті, А.Байтұрсыновтың сөзі, Абай кітаптарының көрмесі, интерактивті тақтада Абай туралы презентация. Барысы: Мұғалімнің сөзі. Қымбатты балалар, ұстаздар! Бүгінгі қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кешке қош келіпсіздер! Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білмейтін ақын жоқ». А.Байтұрсынов «Абай - адамзаттық өркениет тарихындағы ұлы тұлға. Абай - қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны» Федерико Майор, ақын, ЮНЕСКО-ның бас директоры. 1- жүргізуші: Абай Құнанбаев 1845 жылдың 10 тамызында қазіргі Семей облысы Шыңғыстау тауларының баурайында дүниеге келді. Әкесі Құнанбай ірі феодалдық таптың өкілі, өте беделді, қатыгез адам болған. Құнанбайдың төрт әйелі болған. Абай екінші әйелі Ұлжаннан туған. Абайды екі анасы – ақылды, әділ, мейірімді әжесі Зере мен мінезге бай, елге сыйлы анасы – Ұлжан тәрбиелейді. Абай өңі қара торы, көзі өткір, кең маңдайлы, дембелше бойлы бала болыпты. Мінез жағынан ширақ, өткір, аңқаулығы мен тентектігі де аралас болса керек. Әсіресе ол бір көргені мен естігенін ұмытпайтын аса ұғымтал болыпты. 2- жүргізуші. Он рос внимательным, впечатлительным мальчиком, за что бабушка дала ему другое имя - Абай, что значит «внимательный», «проницательный». 1- жүргізуші. Құнанбай болашақта билік иесі болатын адамға оқудың қажет екенін аңғарып, Абайды 9 жасында Семейдегі медресеге береді. Мұнда ол 3 жарым жыл оқиды, араб, парсы, түркі тілдерін жетік біліп шығады. 2- жүргізуші. Медресе, куда был определен отцом Абай, не могло удовлетворить его, поэтому он самовольно поступает в русскую приходскую школу. ( «Ғылым таппай мақтанба», Татаринский Влад ) 2- жүргізуші. Самовластный Кунанбай хотел видеть в сыне будущего влиятельного наследника. Он забирает мальчика из школы, решив приблизить его к делам по управлению родом Тобыкты, познакомить с тем, как разбираются жалобы, споры, втянуть в междоусобную родовую борьбу в аулах. Постоянное присутствие Абая при разборе запутанных судебных дел, где на словесных турнирах бии демонстрировали отточенное красноречие, остроумие и изворотливость, частые разъезды по аулам в качестве посланника отца, были небесполезны для будущего поэта. (Сценка из романа «Путь Абая» - Возвращение мальчика в аул.) Зере: Негодный, не прибежал ко мне сразу! К отцу пошел, негодный. (Абай подошел к бабушке.) Светик мой, ягненочек маленький, Абай, сердечко мое! Улжан: Окончил ученье? Айгыз: На муллу уже выучился? Улжан: А по кому больше скучал? Абай: Где Оспан? Куда он ушел? Улжан: А кто его знает? Бродит где-нибудь, бездельник. Он сегодня всех нас вывел из терпения, вот мы с бабушкой и выгнали его. Зере: А? Что вы сказали? Не слышу, что вы говорите... Абай: Бабушка, в прошлом году ты была совсем не такая. Что у тебя с ушами? Зере: Что осталось от твоей бабушки, светик мой? Одни кости... Абай: А можно вылечить твои уши? Зере: Если мулла подует с молитвой, бывает, что начинают слышать. Айгыз: Ну, что ж, внук твой уже мулла, пусть подует, раз это помогает. Абай ( обняв голову бабушки): Прелестен лик, в очох алмаз горит, Заре подобен цвет ее ланит, На гибкой шее белый снег лежит. А брови тонкие начертаны творцом... Но почему в минуту редких встреч Тебя всего пронзает острый меч, Твой слепнет взор, твоя немеет речь Перед ее сияющим лицом? (Зажмурив глаза, беззвучно пошевелил губами и дунул в ухо бабушке.) Су - уф! Ну как, лучше слышишь? Зере: Да, сразу стало гораздо лучше. Да будет безгранично счастье твое! 2-жүргізуші: При самостоятельном разборе спорных дел Абай показал себя поборником правды, справедливости. Выявляя действительных виновников беззакония и преступлений, он требовал их наказания. Такое поведение Абая, его беспристрастие вызывало недовольство казахских феодалов. Не нравилось оно и отцу. Абай все больше убеждался в несправедливости надменного, самовластного Кунанбая. Между ними росла вражда, которая привела к окончательному разрыву поэта с отцом. 1-жүргізуші: Сөйтіп, Абайдың 15-20 жылы ел басқару ісімен өтеді. Елдің көптеген рулары бас қосқан үлкен даулы жиындарда Абайды бірауыздан төбе би етіп сайлайды. Ақынның өмірін жете зерттеген үлкен ғалым М.Әуезов : «Әділдігі сонша, Абайға досынан гөрі дұшпаны көбірек билік айтқызған», - дейді. Абай әділетсіздік пен заңсыздықты, байлардың кедейлерді қанауын көреді. Өз руының адамдары кінәлі болса да, оларды жазалауды талап етеді, бұл туған-туыстарының наразылығын туғызады. 2-жүргізуші: Важное место в лирике Абая занимают «Восьмистишья». Это глубокие раздумья поэта о судьбе родного народа, о путях его развития. Сознание того, что приобщение народа к культуре и просвещению происходит слишком медленно, приводит Абая к мучительным переживаниям. Поэт остро чувствует свое одиночество. («Сегіз аяқ», оқитын Лошаков Антон.) 1-жүргізуші: Абай жасы 40-қа таянған шағында бірыңғай өлең жазумен, кітап оқумен айналысуға мүмкіндік алады. Бұған патша өкіметі Семейге жер аударған Михаэлис, Долгополов, Леонтьев сияқты орыс демократтарымен танысып, достасуы игі әсерін тигізеді. Әсіресе Семейдің Гоголь атындағы кітапханасында Л.Н.Толстойдың кітабын сұрап тұрған дала қазағына таңырқап, өзі келіп танысқан Михаэлис Абайдың кітап таңдауы мен жүйелі оқуына үлкен білімдарлықпен және жанашырлықпен көмектеседі. Ақын жасымнан ғылым соңына түспедім деп өкінеді. («Жасымда ғылым бар деп ескермедім», Әбдіқалықов Асқар). 2-жүргізуші: Молодость, по мнению Абая, - лучшая пора в жизни человека. Если в молодости, «тратя в забавах дни», человек живет пустой жизнью, в старости остается ему одно - терзаться раскаяниями за «годы молодые, ушедшие на щегольство». Но Абай верит в молодежь, и пламя своих строк адресовал мыслящей, сознательной молодежи. «Әсемпаз болма әрнеге», оқитын Белихина Алина. 2-жүргізуші: Предлагаем вашему вниманию сценку по роману Мухтара Ауэзова «Путь Абая». Автор: Жүргіншілер қуаң тартқан шалғынды біраз аралап өтті. Топтың алдына таман озып келе жатқан Абай бір төбешікке қарай тартты. Ол төбенің басына шыққанда, барлық аттылар сәл ғана томпайып жатқан ескі екі моланы көрді. (7-КАДР) Көпке түсініксіз түрде бірталай үнсіз тұрып қалған Абай, бір кезде денесін бұрмай, оң қолын ғана көтеріп, артына қарай қайырды да, жігіттерге белгі етті. (Жігіттер таңданып, бір-біріне қарасып, Абайдың қасына таянады.) Абай: -Осы жалғыз мола, осынау елсіз жотаға пайда болғалы, міне, биыл, жүз рет жадырап жаз, кірбің тартқан күз кепті. Бұл қос мола - ішіне аса бір ауыр сыр бүккен молалар. Бұнда жатқан - бірі қыз, бірі - жігіт. Жігіті - Кебек, қызы - Еңлік. (дауысын көтеріп): -Осы екеуін махаббат үшін өз елінің қатал үкімі, өз замандастарының қолымен, зорлықпен , ат құйрығына байлатып, сүйретіп өлтірткен. (сәл тоқтап, қайтадан): - Еңлік пен Кебек қуғыннан қашып, мына Орал тауын паналап, азғантай ғана дәурен сүрген-ді. Сол бұйырмаған махаббат, достықтан біткен екеуінің баласы, жөргектегі нәрестесі жылаған күйінде мынау шеткі Ақшоқының есіз биігінің басына апарып тасталды. Күні бойы шегі қатып, жылап жатты. Суық дүние, тылсым дүние ортасында, тас бауыр адамнан алыс, жалғыздықта үні өшті!.. (Жастар үркіп, қабақтарын түйіп, шошынған түрмен бір-біріне қарасады.) Дәрмен. -Кімнің бұйрығы солай етті, Абай аға-ау? -Өлтірген кім? (Мағаш) -Өлтірткен кім? (Кәкітай) - Өлтірткен Кеңгірбай! Осы тұрған көбіміздің атамыз. Сол күндері ел көшін бастаған әруағымыз Кеңгірбай! (Абай айналасында тұрғандардың түріне қарап айтады). Дәрмен: -Әруағы да өзі, жастарының жендеті де өзі болғаны ма? (Абай оған сүйсіне қарайды) (Шұбар Дәрменді қағып): -Тек, аңдап сөйле! Абай (Дәрменге қарап): -Содан бері ол шынжыр қазақ қызының мойнына бұрынғыдан да бата түсті! (Дәрмен оқыс алға шығып). - Абай аға, рұқсат етіңізші! Жүз жыл бойында талай жолаушы мен өткінші Еңлікке өзі білген құранын оқып, бата қылды ғой. Олары тие берсін! Мен бүгін сол Еңліктер жүрегіне арналған басқаша, өзгеше бір құран оқиын. Соған рұқсат пекен? Абай (Дәрменге жылы шыраймен қарап): -Оқы! (Бірден) Дәрмен: Ендеше, Еңлік, Кебек құраны мынау болсын. («Көзімнің қарасы» әнін бастай жөнеледі. Көкбай мен Шұбар оны тоқтатпақ болады, ал Абай тыныштық тілеп, екі қолын шапшаң сермейді де, барлық топқа тыйым салып, Дәрменді тыңдауға бұйрық береді) Абай: -Енді сендерге менің бір тапсырмам бар - қысқы аязды түнде, гуілдеп соққан жел үніне күй қосып, кәрі әже немересін қалай жұбатады? Соны шапшаң жыр етіп беріңдер. Ал, айт! Шұбар: - Абай аға, мынауыңыз сын емес, жаза ғой! Ал Дәрмен бірден: Қорқытпа менің баламды, Гулей соққан ақ боран! Балам әже қойнында, Келе алмайсың сен бұған! Ұйқысынан айырма Кезе бер есіз далаңды! Ұйықта, бөпем, оянба, Әлдилеймін баламды! «Әлди, бөпем, әлди-ай» - Деп жырласын кәрі ана! Ұйқыға барсын сол бала, Тілесе тағы жырласын Жүз жыл бойы сол ана... Абай: Бәсе! Шіркін, ақын болсаң, осындай бол! (Бәрі кетеді) Велики заслуги Абая в укреплении культурного сближения, дружбы казахского народа с русским народом. Абаю глубоко полюбилось одно из самых задушевных произведений Пушкина - «Евгений Онегин». Особенно дорога была Абаю Татьяна - резко отличающаяся от обычных девушек своим характером, духовными интересами, полная искренности и чистоты в своих чувствах. «Письмо Татьяны» стало одной из любимых песен казахской молодежи, не потерявшей популярности и по сей день. . («Татьянаның Онегинге жазған хаты», ҚонабаеваАйнұр). 1-жүргізуші: Абайдың ең жүрекке жылы шығармаларының бірі – Пушкиннен аударған «Евгений Онегин». Әсіресе оған басқа қыздардан мінезімен, пәктік пен тазалыққа толылығымен ерекшеленетін Татьяна қымбат еді. Романды қазақ тіліне аударғанда ақын Онегинді Пушкин сияқты тірі қалдырмайды, оның қолына пистолет береді. («Татьянасөзі»,ЕсмагуловаӘйгерім) («Онегиннің өлердегі сөзі», Айтқалиев Сұлтан) 2-жүргізуші. Абай любил и Лермонтова. Он перевел свыше 30 его произведений. Одно из таких произведений - стихотворение «Қараңғы түнде тау қалғып», которое Лермонтов перевел с немецкого языка. Беляченко Вячеслав прочитает на трех языках. 1-жүргізуші: Абай өз жанынан мысал жазбаған, бірақ И.А.Крыловтың бірнеше мысалдарын қазақшаға еркін аударған. Бұл мысалдар қазақ халқын қараңғылықтан арылту ісіне қызмет еткен. Қазір – «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын ұсынамыз. (Шегіртке – Әбенова Диана, құмырсқа – Шахиджанов Валерий.) 1-жүргізуші: Абай поэзиясында халық өмірінің әр түрлі суреттері өз көрінісін тапты. Ол жылдың 4 мезгіліне де өлең шығарған ақын. «Жазғытұры» өлеңінде қазақ халқының тұрмысы, қазақ ауылы, сонымен бірге олардың ішкі дүниесі сөз болады.(¬Өлеңді оқитын – Нұршабаева Эльмира («Жаз» өлеңін Кокушев Данияр оқиды, орыс тілінде - Трифанова Алина оқиды). Табиғат туралы өлеңдерінен халық өмірінің әлеуметтік жақтарын көреміз. («Күз» өлеңін Абуляисова Алтынай оқиды.) 1-жүргізуші: Абай қысты далада ойран салған кәрі құдаға, ақсақалды шалға теңейді. Ол үйреншікті Аяз Атаға ұқсамаған. Кәрі құдаға теңеуі оған қатыгездік сипат береді. («Қыс» өлеңін Кологойда Анна оқиды.) Абай өз халқын қараңғылықтан құтқаратын жол іздей бастайды. Өмірінің соңғы жылдарында Абай қайтадан прозаға көшеді, «Қарасөздерін» жазады, олардың саны –45. (14 қарасөзін Килин Василий оқиды): 1-жүргізуші: Абайдың ағартушылық қызметі қожа-молдаларға ұнамайды, олар арыз жазып, оны «бүлікші» деп жариялайды. Полиция оған айдауда жүрген достарымен кездесуіне тыйым салады, оны аңдиды. Мұның бәрі Абайдың жүрегіне жара салады. ( «Өзгеге көңілім тоярсың», оқитын Теплицкая Ксения) (18- сөз, Тұрлыбаева Айдана ), (19 -сөз, Жұматаева Айжан ) 1- жүргізуші: Абай талантты ақын ғана емес, сазгер де болған. Қазір «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін тыңдайсыздар. 1-жүргізуші: 1896 жылы Абайдың Петербургте оқып жүрген талантты, білімді ұлы - Әбдірахман қайтыс болады. Ұлының өлімі Абайға ауыр соққы болады, оның денсаулығына қатты әсер етеді. («Әбдірахман өліміне», өлеңін Сорокалетов Алексей, орыс тілінде- Стадолина Екатерина оқиды.) 1-жүргізуші: Бұдан соң Абай тағы да соққыға ұшырайды: дарынды ақын-ұлы Мағауия қайтыс болады. Ақын бұл соққыдан оңала алмайды, 40 күн өткен соң дүниеден озады. 2-жүргізуші: В последнее десятилетие жизни Абай обращается к прозе. Убедившись, что он бессилен что-либо изменить личным своим участием, он решил воздействовать на общество словом: «Наконец решил: возьму в спутники бумагу и чернила и стану записывать все свои мысли. Может быть, кому-то придется по душе какое-нибудь мое слово...» (31- қарасөзі, Абдуахитова Ақмарал ) 1-жүргізуші: Сөйтіп, Абай, әр алуан гүл шырынын жинап,балға айналдырған ара сияқты, үш жұрттың: өз жұртының, араб, парсы жұртының, көршілес орыс пен шалғайдағы Еуропа жұртының ой, өнер бұлағынан нәр алады. Осы үш қайнардан ежелгі қазақ даласында айдынды шалқар өзен – Абай данышпандығы туып, сол ақындық дариясы адамзаттың даналық мұхитына барып қосылады. Абайдың ұлттық және әлемдік маңызы осында. Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? Ән «Желсіз түнде жарық ай» Кештің соңы
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: fantaziya (22.11.2015) | Автор: Аширбекова Галия Аргинбековна E
    Просмотров: 1051 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024