В помощь педагогу.
Воскресенье, 05.05.2024, 19:29
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Казахский язык и литература

    орыс тілді мектептерде қазақ әдебиеті пәнін оқыту мәселелері.
    Тақырыбы: орыс тілді мектептерде қазақ әдебиеті пәнін оқыту мәселелері.

    Әшірбекова Ғалия Арғынбекқызы

    (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі)

    (Жезқазған қаласы, № 26 гимназия)

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім және тәрбие алу үшін қажетті жағдай жасау; оқыту мен тәрбие берудегі жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.[1] Сондықтан бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін білім алушының құзыреттілік қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру көзделіп отыр.
    «Құзыреттілік» әдебиетте білім мен мүмкіндіктің бірігуін, зерттеу еңбегінің нәтижесін, жеке тұлғаның сапасын, жалпы мәдениет пен істің күрделі мәдени жиынтық түрлерін іске асыра алуын, адамның өзгелермен қажетті байланыс құрып, оны сақтай алуын білдіреді. [2]
    Мысалы, сабақ барысында оқушының ұйымдастырушылық қабілеті оның:
    *топ мүшелерін басқара білуінен;
    *тапсырманы орындауға қажетті мәліметтерді тиімді жинап, бағыттай алуынан;
    *әңгімені мақсатты түрде жүргізуінен;
    * топ мүшелерімен достық қарым-қатынасынан;
    * топ мүшелерінің жағымсыз мінез- құлықтарын түзетуінен;
    * сөз сөйлеуді ұйымдастыруынан көрінеді.
    Қазіргі таңда ақпараттар ағымының көптігіне байланысты оқушының алған білімінің тереңдігіне ғана емес, осы білімді өзіне қажетті жағдайда қолдана алу қабілетіне мән берілуі керек. [4] Оқушыға тек дайын дүниелерді ғана бергеннен гөрі, түрлі бағыттаушы сұрақтармен, әр түрлі жағдаяттар арқылы бағдар бере отырып іздендірсе, сенім білдірсе, нәтижелі жұмыс жасауға ынталы болады. Мұғалімнің міндеті- осындай жағдай туғыза білу. Сонда ғана оқушы өз бетімен ізденуге, еңбектенуге талпынады, үйренеді.Оқушының өзінде қозғалыс болғанда ғана онда қызығушылық пайда болады. Әрине, өзге тілде оқитын болғандықтан, сабақ барысында 2-3 сөйлемді ғана қатесіз айтуға қиналып отырған баланы зерттеу жұмысына тартудың өзі қиындық туғызады. Содан бастапқы кезде сабақтағы өтілетін мәтіндермен тіл дамыту жұмыстарымен шектеліп жүрдік. Бірақ бұл ойдағыдай нәтиже бермегендіктен, балаларды зерттеу жұмысына тарттым. Өзі ізденіп, материал жинаған оқушы қайтсе де сол жасаған нәрсесін қорғауға тырысады, яғни сөйлейді.
    Биылғы 2010-2011 оқу жылында біздің №26 гимназияға Шоқан Уәлиханов есімі берілді. Сол кезден бастап маған мектеп оқушыларын біздің ұлттық мақтанышымыз, алғашқы қазақ ғалымының өмірі мен оның сіңірген еңбегі жайында мектеп бағдарламасы материалымен шектеліп қалмай, барынша толық таныстыру мәселесі толғандыра бастады. Оқушылар осы Шоқан атындағы мектепте оқитындарын мақтан етсе, соған лайықты болса, патриоттық сезімдері әрмен қарай дамыса деген мақсатты да көздедім. Сонымен қатар, оқушылар осыны өздері ізденіп, зерттеп, естерінде қалатындай, Шоқанның қазақ тарихындағы, әдебиетіндегі рөліне өздерінің жұмысы арқылы көздері анық жетсе екен деген ойда болдым. Осы ойларымды жүзеге асыру мақсатында мен 9 «А» сыныбында ХІХ ғасырдағы әдебиет тарауындағы Шоқан Уәлиханов туралы бөлімді өткенде оқушыларды жобалау технологиясы бойынша жұмысқа тарттым. 9 сыныпта Шоқан Уәлиханов өмірі мен шығармашылығын оқып-үйренуге 3 сағат берілген.
    Жобаның мақсатын: алғашқы қазақ ғалымы, фольклорист, әдебиет зерттеуші Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту және коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру деп, ал міндеттерін: Шоқанның еңбектері мен өмірінің кейбір кезеңдерін білуге деген танымдық қызығушылығын арттыру; мәнерлеп оқу дағдысын, топ алдында сөйлей білу қабілетін дамыту; оқушылардың шығармашылық жұмысқа деген талабын ынталандыру; Шоқанның жан-жақтылығын таныту арқылы бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуына және орыс достарымен тамаша қарым-қатынасын байқау арқасында қазақ балаларымен шынайы дос болуға деген ынтасын тәрбиелеу деп алдым. Күтілетін нәтиже: 1.Шоқан Уәлиханов туралы материалдармен танысу арқылы оқушылар ғалым, зерттеуші Шоқанның өмірі туралы танымы артады. 2. Мәтінді түсініп оқуға, материалды жақсы меңгеруге және мемлекеттік тілде сөйлеп үйренуге деген қызығушылығы әрмен қарай дамиды. 3.Әр түрлі сөйлесім түрлерін қолданып қарым-қатынас жасау арқылы қазақша сөйлесе білу қабілетін жетіледі. 4.Шоқан мінезі, еңбекқорлығы, дарындылығы туралы айтқан ғалым достарының сөздері арқылы оқушылар бойында оған деген құрмет, мақтаныш сезімдері қалыптасады.
    Топтарға жобалауға 5 тақырып ұсындым.Олар:
    1. Шоқан - дарынды әдебиетші. 2. Шоқан - ержүрек саяхатшы. 3. Шоқан - ақын жанды суретші.
    4. Шоқанның орыс достары. 5. Шоқанның отбасы, жеке өмірі.
    Топтар былайша тақырып таңдады: І топ - Шоқан - дарынды әдебиетші. ІІ топ - Шоқан - ержүрек саяхатшы. ІІІ топ - Шоқанның отбасы, жеке өмірі.
    Жоспарлау кезеңі. Жоба түрін анықтау.
    І топ - Шоқан - дарынды әдебиетші - Презентация.
    ІІ топ - Шоқан - ержүрек саяхатшы. - Кітап және сурет көрмесі.
    ІІІ топ - Шоқанның отбасы, жеке өмірі. - Сахналық көрініс (рөлдік ойын).
    Ақпарат жинау.
    І топ. а).қазақ тілі пәнінің мұғалімімен сұхбат (Шоқанның шығу тегі туралы)
    ә). кітапханашымен Шоқан туралы кітаптар туралы сөйлесу.
    б) кітапханадағы материалдарды қарастыру (Шоқанның жазған еңбек-
    терімен танысу)
    ІІ топ. а) интернеттен Шоқанның саяхаты туралы материалдар іздестіру.
    ә) мектеп директорымен сұхбат.
    б) кітаптардан Шоқанның саяхат жасаған жерлерінің картасын табу.
    ІІІ топ. а) пән мұғалімінен интервью алу.
    ә) мұғалімнің нұсқауымен орыс және қазақ тілінде Шоқанның жеке
    өмірі жайында материалдар қарастыру.
    Жиналған ақпараттарға талдау жасау.
    1. Шоқанның туған жері, оның табиғаты туралы сипаттама бер.
    2. Шоқанды неліктен ержүрек саяхатшы дейміз? Дәлелдеңдер. (Көпшілік алдында сөз сөйлеу)
    3. Шоқанның отбасы және жеке өмірі жайлы көрініс дайындаңдар.
    4. Шоқанның еңбектерінде кездесетін портрет, эпитет, теңеу, т.б. мысалдарды мұғалімнің көмегімен тауып, орыс және қазақ тілінде салыстырып оқу. (Осы образдардың суретін салып көрсету)
    5. Шоқанның саяхат кезінде салған суреттерін тауып, көрме ұйымдастырып, гид рөлінде суреттер туралы айтып беріңдер.
    6. Шоқанның өлімін кім, қалай естірткен? Көңіл айтқан қай ақын?
    (Мәнерлеп оқу, сыныптастарына «естірту», «көңіл айту» туралы айтып беру)
    Бұл жұмыс кезінде Ітоп оқушылары Шоқанның әдеби еңбектерінің атын атап қана қоймай, онда кездесетін әдеби теориялық терминдерге мысалдар келтіріп, орысша-қазақша жасалған бейнелерді салыстырды, Шоқан өмірін бойынша ауыз әдебиетінің көңіл айту, естірту үлгілерін мәнерлеп оқыды, Шоқан туралы презентация жасады. ІІ топ оқушылары Шоқанның шын мәнінде ержүрек саяхатшы екенін, яғни ол атын - Әлімбай көпес деп өзгертіп, шашын алдырып, Ресей империясының тапсырмасын орындап қана қоймай, ағылшын саяхатшысы Шлагингвейттің өлімінің сырын ашқаны, бұл сапардың өте қауіпті болғанын дәлелдеп берді. Шоқан туралы кітаптар және оның салған суреттері бойынша көрме ұйымдастырды. Ал ІІІ топ оқушылары Шоқанның өмірінің соңғы сәтін, оның отбасымен қарым-қатынасын бейнелейтін 2 рөлдік ойын көрсетті. Жоба нәтижесінде оқушылардың танымы, білімі ғана емес, топта жұмыс істей білу, түрлі қарым-қатынасқа түсе білу, жауапкершілікті сезіну, ұйымшылдық таныту сияқты қасиеттері де дами түсті, оқушылар өздері де жұмыстарына разы болды.
    «Мұғалімнің айналысатыны - үнемі қозғалып, өзгеріп, өсіп-өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан алмай шектеліп қалуға болмайды... сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол - үнемі жаңадан жаңа табатын өнер», - деп Ж.Аймауытов айтқандай, пәннің пәрменділігін арттыруда мұғалімнің рөлі зор. Оқушыларды сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы тақырыпты жете меңгерту - әр мұғалімнің ең басты міндеті. Мұнда тек мұғалімнің біліктілігі мен қабілеті, дарындылығы мен тапқырлығы ғана ескеріліп қоймай, сабақ жүргізудің әр түрлі әдіс-тәсілдер імен технологияның дұрыс қолданылуы да өзіндік орнын табуы тиіс. [3]
    Әдебиет - ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан «Қазақ әдебиетін» қазақ тілінде оқу арқылы оқушылар қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті, салт-дәстүрі жөнінде танымдық білім алады және сол арқылы олардың бойында өзі өмір сүріп отырған Отанына деген сүйіспеншілігі артып, қазақ халқына, оның тіліне деген сыйласымды қатынас қалыптасады. Әрине, қазақ тілін әлі жете меңгермеген оқушыларға әдебиеттің әрлі, нәрлі сөзін жеткізу қиындыққа түсетіні сөзсіз, бұл жерде басты міндет бізге, сабақ беретін мұғалімдерге жүктеледі.
    Өзге тілді мектептерде «Қазақ әдебиеті» пәнін түпнұсқада оқыту Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту мәселесінен туындайтындықтан оған қойылар талап та ерекше. Көркем мәтіндерді қазақ тілі негізінде оқыту арқылы оқушыларға қазақ тілінің қатысымдық (кері байланыс) қызметін меңгерту көзделетіндіктен, коммуникативтік ұстаным басты назарда болуы шарт, өйткені сөйлеуге тек сөйлеу арқылы, тыңдауға тек тыңдау арқылы, оқуға тек оқу арқылы ғана үйретуге болады Әдебиет сабақтарында алған білімдері арқылы оқушылар қазақ халқының рухани құндылықтары мен оның әлемдік мәдени өркениеттегі орны жайлы хабардар болуы керек. [3]
    Әдебиеттен берілетін білім нәтижесін бағалау сол берілетін білімді түпкі нәтижеге бағыттаумен айқындалады. Әдебиет сабағында оқушыларды ғылыми ізденіске жетелейтін, құзыреттілікке негізделген шығармашылық жұмыстардың тиімділігін төмендегідей саралауға болады:
    -шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейі оқушылық деңгейден алгоритмдік, одан эвристикалық, одан шығармашылық деңгейге дейін көтеруге жол ашады;
    - білімді оқушылардың өз іс-әрекетімен алу жүзеге асады;
    - жұмысты оқушылардың таңдап алуларына, қалауларына ерік беріледі;
    -оқушыларды ізденімпаздыққа, жағдаятты өз беттерімен шешуге дағдыландырады, дүниетанымын кеңейтеді, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастырады;
    -дарынын, қабілетін, шығармашылық ізденістерін дамытады;
    -салыстыру, қорытынды жасау, өз беттерімен бір нәтижеге жету, фактілер мен ұғымдарды жүйелі түрде саралап білуге үйренеді;
    -модель, жоба жасау, болжамдар ұсыну, оны қорғау, дәлелдеуге дағдыланады.
    Қазақ әдебиеті орыс тілді мектептерде қазақша жүргізіледі дегенде, басында көңіліміз бір серпіліп қалған болатын. Алайда бір сыныпта 1-2 оқулық қана болып, оқулық мәтінін біресе тақтаға жазып, біресе көшірмесін жасап, балаларға таратып оқыған кездеріміз де болған. Сонда бүйтіп әдебиетімізді қорлағанша, орысша оқыта берген дұрыс еді, орыс тілінде «Қазахская литература» жеткілікті деп, әдебиеттен сабақ беретін мұғалімдердің қатты қиналған уақыттары да болған. Бірақ, «көш жүре түзеледі» дегендей, уақыт өте келе оқулықтар да шықты, әйтеуір қазақша оқыту басталды.
    Қазір әдебиет сабақтарында оқушылар ақын-жазушылар өмірі мен шығармашылығы туралы презентациялар жасап, рөлдік ойындарға, яғни сахналық көріністер жасауға зор ынта танытуда.. Мұғалімнің көмегімен костюмдер дайындап, рөлді жаттау кезінде олардың мәнерлеп сөйлеу қабілеті ғана емес, жасаған бейненің небір құнды қасиеттерін де бойларына сіңдіреді, ұлттық мінезді, қасиетті көреді. Кеңестік дәуірде оқыған аға буын алқалары Пушкиннің, Лермонтовтың өлеңдерін, Крыловтың мысалдарын қалай құлшынып жаттаушы едік! Орыс тілді оқушылар қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларын да сондай құлшыныспен меңгеру дәрежесіне көтерілуі қажет. Әрине, ол үшін алдымен жақсы материалдық-техникалық база қажет, әсіресе оқулықтар, әр мектеп жасындағы балаларға арналған қосымша әдебиеттер жеткілікті болуы шарт. ҰБТ- да оқушылар қазақ тілінен жақсы көрсеткіштерге жетіп жүр. Егер ҰБТ-ға әдебиет сұрақтары да кіретін болса, әдебиетке аптасына 1 сағаттың орнына қазақ тілі есебінен тағы 1 сағат берілгені дұрыс. Оқушылардың әдеби сөздік қоры аз, әр оқушыға көңіл бөліп, онымен коммуникативтік қарым-қатынас жасауға, әрине аптасына 1 сағат жеткіліксіз. Сондықтан, сынып оқушыларын 2 топқа бөліп оқытқан тиімдірек болар еді. Кабинеттер қазақша көркем және деректі фильмдермен, мысалы, Шоқан Уәлиханов туралы, «Амангелді», «Қызжібек» фильмдерінің көшірмелері болса. Кабинетте техникалық құралдар бар, бірақ көрсететін материал жоқтың қасы. Бұл айтылып отырған жайт менің ғана емес, уақытпен санаспай, ұлтымыздың тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру және оны басқа ұлт өкілдеріне таныту майданында аянбай қажырлы еңбек етіп жүрген барлық мұғалімдердің көкейінде жүрген ойлар. Елбасы Н.Назарбаев мұғалімдердің жалақысын көбейту, оны уақытында беру бағытын ұстанып, бізге бетбұрыс жасалды. Әрине, оған бүкіл ұстаздар қауымы риза. Алайда мұғалімнің дәрежесін әлі көтеру қажет, ал ол үшін аталған мәселелер тезірек шешімін табуы қажет.
    Әдебиет - өнер, әдебиет - ұлттық қазына, асыл мұра. Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған асыл қазынасы - әдебиет әлеміне кірер есіктің кілті қазір біздің, яғни қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің қолында тұр. Сондықтан да осы қазынаны оқушыға сіңіре, бойына дарыта білейік!

    Қолданылған әдебиеттер:
    1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Астана, 2007жыл.
    2. ҚР МЖББС 2. 003.1 - 2008 (жоба)
    3. Б.А.Әріпова, А.Қ.Рауандина. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 8-сыныбына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту әдістемесі. Алматы, «Білім» 2004.
    4. Қазақ тілі. №4 (22) - 2010 республикалық ғылыми-әдістемелік журнал.
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: fantaziya (23.11.2015) | Автор: Аширбекова Галия Аргинбековна E
    Просмотров: 1630 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024