В помощь педагогу.
Воскресенье, 05.05.2024, 17:08
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Казахский язык и литература

    7 сынып қазақ тілінен сабақ жоспары: Ас - адамның арқауы
    Сынып: 7 -сынып
    Сабақтың тақырыбы: Ас - адамның арқауы
    Сабақтың мақсаты:
    1.Білімділік: тақырып бойынша білімдерін толықтыру, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту;
    2.Тіл дамытушылық: көру, есте сақтау, сөйлем құра білу қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, тілдесім әрекетін жандандыру;
    3.Тәрбиелік: астың пайдасы туралы айтып, дұрыс тамақтанудың маңызынескерту.
    Оқушы нені білуі тиіс: септік жалғауларын орынды қолдануды, сөйлем құрауды және сөз құрамына талдауды білу.
    Оқушы нені игеруі қажет: трек-схема арқылы сөйлем құруды, сөздерді сөйлемде дұрыс қолдануды игеру.
    Сабақтың түрі: аралас сабағы.
    Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет.
    Сабақтың әдістері: сұрақ -жауап, әңгіме, көрнекілік, ойын, ой шақыру.
    Көрнекiлiктер, техникалық
    құралдары: презентация, трек-схема, смайлдар, суреттер, семантикалық карта.
    Сабақтың барысы:
    І.Ұйымдастыру кезеңi:
    • Оқушылармен сәлемдесу;
    • Сыныптың, тақтаның тазалығына көңіл бөлу;
    • Жоқ оқушыларды белгілеу, анықтау;
    • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
    • Сұхбат өткізу:
    -Қазір қай жыл мезгілі?
    -Күз айлары қандай?
    -Қазір қандай ай?
    -Бүгін нешесі?
    -Бүгін неше сабақ?
    -Қазір қандай сабақ?
    -Ендеше балалар, қазақ тілі сабағын бастаймыз. Бүгінгі сабағымызға белсене қатысқан балаларға смайлдар беріліп отырады, сондықтан жақсы баға алуға талпынайық.
    ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
    -Сөз құрамы неден тұрады? Негізгі түбір дегеніміз не? Туынды түбір дегеніміз не? Семантикалық картаны толтыру.
    № Сөздер Негізгі түбір Туынды түбір
    1 Жұмыс
    2 Көмекші
    3 тағам
    4 кітапхана
    5 астық
    6 ас
    7 дүкенші
    Жинап алу.
    - Диалогты айту.
    Ал, балалар, диалог не туралы болды? –Азық-түлік туралы. Қандай азық-түліктерді білесіңдер?
    ІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру. Бүгін балалар біз осы астың, тағамның пайдасы туралы айтып, бірнеше тапсырмалар орындаймыз. Сабағымыздың ұраны ретінде «Ас-адамның арқауы» (Еда человеку силы дает) мақалын алып отырмын.
    Осы мақалмен келісесіңдер ме? Біз тамақтанбасақ не болады? Тағамның қандай маңызы бар? Аста адамның денсаулығына пайдалы нелер бар?
    Көру диктанты. Балалар осы мақалды іштей оқып жаттап алыңдар, қазір есте сақтап дәптерге жазасыңдар. (Дәптерді ашып, күнді, тақырыпты, мақалды жазу).
    Балалар, сендердің алдарында осы мақал негізінде трек-схема берілген. Осы схема арқылы сөйлем құрастырып, дәптерге жазамыз.
    Азық-түлікке не жатады?
    Қажетті витаминдер


    Үш рет тамақтану
    Азық - түлік

    Адамға өте қажет
    Дүкенде сатылады

    Азық-түлік дүкенде сатылады. Азық-түлікке сүт, ет, нан, май, қант жатады. Азық-түлік адамға өте қажет. Онда адамға қажетті витаминдер бар. Адам күніне үш рет тамақтану қажет.
    -сөйлемдерді оқу;
    -жұп ретінде сұрақ-жауап жүргізу;
    - сөйлемдерден түсінгенін айту.
    ІІІ. Жазылым. Топтық тапсырма.
    1 топ – «сүт» сөзін септейді;
    2 топ – «тұз» сөзіне фонетикалық талдау жасайды;
    3 топ – сөйлемдердегі зат есімдерді сөз құрамына талдау.
    ІҮ. Бекіту кезеңі.
    - Балалар, тұз не үшін керек? -Тұзсыз тағамның дәмі болмайды. Қазір кейбір азық-түліктердің пайдасы туралы айтайық.
    «Жасырын сурет» ойыны арқылы сүт, нан, шұжыққа сипаттама беру, әр қатар шешімін табады. Ас атасы – нан демекші, әр үйде нан болса береке болады, ал сүт адам денсаулығына өте пайдалы.
    Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.
    -Қандай аппақ, балдай тәтті-ақ (қант)
    -Ас атасы – не? (нан)
    -Сылдыр сұйық, су емес,
    Ішсең сусын қанады.
    Ақ болса да, қар емес,
    Шешуін кім табады? (сүт)
    - Дұрыс, бұрыс сөйлемдерді белгілеу;
    Сөйлемдер Қате сөйлем Дұрыс сөйлем
    1 Азық-түлік базарда, дүкенде сатылады.
    2 Адам күніне бір рет тамақтану қажет.
    3 Ас адамға күш береді.
    4 Аста адамға қажетті витаминдер жоқ.
    5 Азық-түлік адамға қажет емес.
    6 Ас-адамның арқауы
    Ү. Қорытынды, бағалау. Сонымен, бүгін сабақта не жөнінде айттық, не білдік, не үйрендік? Сабақ соңында көңілдерің қандай? (Көңілді, орташа, көңілсіз). Жақсы, балалар, ендеше әрқайсысымыз жинаған смайлдарымызды санаймыз.
    ҮІІ. Үй тапсырмасы: ас туралы 3 мақал жазу, жаттау.
    Қоштасу

    Источник: http://7 сынып қазақ тілінен сабақ жоспары: Ас - адамның арқауы
    Категория: Казахский язык и литература | Добавил: қасымова60 (12.01.2016) | Автор: Касымова Сауле Исмагуловна E
    Просмотров: 3300 | Теги: 7 сынып қазақ тілінен сабақ жоспары | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024