В помощь педагогу.
Суббота, 27.04.2024, 01:29
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Английский и немецкий языки

    Аудиокітаптар – шетел тілін үйренуде маңызды құрал
    Шетел тілін меңгеруде аудиокітаптың маңыздылығы зор. Аудиокітап – қазіргі таңда ағылшын тілін өздігінен үйренуіне үлкен мүмкіндік туғызуда. Аудиокітаптың шетел тілін үйренуде көптеген деңгейлері бар және ол ең төменгі деңгейден еркін сөйлеуге дейінгі аралықты қамтиды. Сонымен қатар, аудиокітаппен мультимедиалық құралдар керемет үйлеседі және қашықтықтан оқытуды өздігінен жоспарлауға ықпалын тигізеді. Бұл кітап тілді үйренуде аз уақыт ішінде тез және әсерлі меңгеруіне үлкен әсерін тигізеді.
    Аудиокітаптың тағы бір ұтқырлығы – ол қарым-қатынас қабілетінің дамуына ерекше септігін тигізеді. Шетел тілін толық меңгеру кезінде кез-келген тіл үйренуші адам өзімен бірге дыбысты файлдарды телефонға, жадыға құйып қай жерде тыңдауға ыңғайлы жұмыс нәтижесін көру мақсатында жұмысты жалғастыру керек. Кез-келген аудиокітаптарды желі жүйелерінен жүктеп алып, үзіліссіз жұмыс істеуге болады. Аудиокітаптар – сөйлеу қабілетін дамытудың тиімді жолы. Егер тереңге үңілетін болсақ, осы құрал арқылы адам миының жарты бөлігінің дабылсыз жұмыс істеп тұрғандығын байқаймыз.
    Сонымен қатар, мультимедиалық инновациялық технологиялардың ішінде аудиокітаптардың алатын орны зор. Егер де кімде-кім үйреніп жатқан тілін сол елге арнайы барып, тілді жетік меңгеруге мүмкіндігіне ие бола алмайтын болса, оған сүйеніш – аудиокітаптар.
    Аудиокітаптар – жазылған және айтылған міндердің синтезі. Тыңдаушы диктор сөйлеген сәттен бастап бір мезгілде экрандағы мәтінді тыңдайды, әрі оны бақылап отырады. Кәсіби диктордың оқуындағы аудиокітаптарды тыңдау, олармен бірлесе оқу тіл үйренуді барынша жеңілдетеді. Американдық және британдық ғалымдардың әр алуан зерттеулеріне сүйенсек, осыған ұқсас тәсіл оқу материалында ұсынылған жаңа сөздерді жаттауға бөлінетін уақытты 30%-ға дейін қысқартады. Сол себепті де қазіргі таңда, еліміздегі көптеген оқу орындарында мультимедиалық кабинеттер ашылып, мультимедиалық инновациялық технологияларды пайдалану дағдыға айналуда. Шетел тілін үйренгісі келетіндердің басым бөлігінің кейбір қажеттіліктерге қолы жете бермейді. Олардың жеке үйретуші (репетитор) жалдауға да қалтасы көтермейді. Сөйтіп, тәжірибелік сөйлеу дағдысын жоғалту салдары білімнің де таяздануына алып келеді. Сол үшін, яғни тілді ұмытуға жол бермеу үшін шетел сөзін үнемі тыңдап жүрген абзал. Осындай тыңдау тәсілінің арқасында көптеген үйренушілер басқа елдің тілін қысқа мерзім ішінде меңгеріп жатады.
    Бұған түрлі факторлар ықпал етеді, олардың ең маңыздысына мидың оң және сол жақ шарының синхронды жұмысы жатады. Бұл қабылданған білім мөлшері мен сөйлеуге дағдыландыруға жарамды қосымша тәсілдерді ұлғайтуға жол ашады.
    Сөйтіп аудиокітаптар тыңдаушының сөздік қорын кеңейтумен қатар, оның ауызша және жазбаша сөздерді түсінуін жеңілдетеді. Олар сөз дикциясы мен оның айтылуындағы жетістіктерге арналған құрал сипатында пайдаланылады. Аудиокітаптар – ақпаратты игеру мен жылдам түсінуге ықпал ететін құрылым, қуатты да икемді жүйе. Аудиокітаптардың көмегімен шетел тілі қарым-қатынас құралы болып қалыптасады. Бүгінгі оқытушылардың басым бөлігі оқыту процесіне аудиокітаптарды енгізудің маңыздылығын жете сезінуде.
    Аудиокітаптардан күтілетін нәтиже:
    Аудиокітаптар тілдік дағды мен сауаттылық сапасын көтереді. Олар сөздік қорды қалыптастырып, ойда елестетуге ынталандырады, оқу шапшаңдығын арттырады. Аудиокітаптардың көмегімен айтылу үлгерімін, сөйлем құрылымдарымен танысуға болады.
    1. Аудиокітаптар оқушылардың оқуға деген ықыласын оятып, уақыт бірлігіне қарай қабылданатын мәліметтер көлемін көтеруге септігін тигізеді.
    2. Аудиокітаптар аудиториядағы тыңдармандарға тең мүмкіндік жасайды. Олар жеке адамның бойындағы қабілетіне қарамастан ұғынуға ынталандырып, осы замандық тіл мәнері мен тіл айналысын жетілдіреді. Нәтижесінде оқушылар бірлесе оқуға қабілетті болып, бірлескен мәдени іс-шараларға белсенді қатысуға ниеттенеді.
    Аудиокітаптармен жұмыс істеу барысында мәтіндерде міндетті түрде қолданамыз. Себебі, оқушылар тыңдап отырған мағлұматты (мәтін, ертегі, ән, диалог, комикс және т.б.) көру арқылы да қабылдайды.
    Оқыту үрдісінде мәтіндердің түрлі жанрлары қолданылуы керек. Және де ол әр оқу сатысына байланысты іріктеліп алынуы қажет. Бастауыш мектепке: өлеңдер, жаңылтпаштар, ертегілер, комикстер, хаттар, газеттер мен журналдар, ашықхаттар, қарапайым ас мәзірі, билеттер (кіру билеттері немесе автобус билеттері), телебағдарламалардың бағдарламалары, афишалар, елдердің карталары және т.б.
    Осында мәтіндермен жұмыс істеу талаптарын атап өткен жөн:
    1) мәтінмен жұмыстың алдыңғы кезеңі;
    2) мәтінмен жұмыс кезеңі;
    3) мәтін соңындағы жұмыс кезеңі.
    Бірінші кезең бойынша, мәтінді оқығанға дейін, мәтінге байланысты немесе басқаша логикалық сұрақтар берілуі арқылы жасалады. Мәтінді оқымай тұрып, мәтіннің ішіндегі сөйлемдерге сұрақ қою дұрыс емес. Тыңдарманның алдында сабақтарына байланысты мәтін жатуы қажет. Мәтіннің ішінен таныс емес сөздерді теріп жазып алғаннан кейін, оқытушының көмегімен тілдерін дамыту мақсатында актив сөздер, сөз тіркестері бөлек сөздікке жазылады. Бұлай жазып алу сөздің дұрыс жазылуын, айтылуын тексеруге, өзін-өзі тексеруге, бірін-бірі тексеруге көмегі тиеді. Мәтінде берілетін сөздердің ішінде таныс емес сөздер мейлінше аз болғаны дұрыс. Өткен сабақта берілген сөздерді қатыстырып, байланыстырып отыру керек. Бұл жерде байланыстылық қағидасы сақталады.
    Келесі мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымын трансформациялау жаттығулары орындалады. Сондай- ақ мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әр түрлі тәсілмен орындауға болады. Мәтінмен жұмыс кезеңі былайша ұйымдастырылады:
    - шағын мәтінмен жеке-жеке сөйлемдердің сапасын саралап салыстыру;
    - мәтіннің негізгі мәнін, мазмұнын түсіну;
    - мәтінге тақырып беру;
    - мәтінді тақырыпшаларға бөлу;
    - мәтіндегі басқы, ортаңғы, соңғы ойларды анықтау;
    - мәтінге жоспар жасап, ол бойынша тараушаларды анықтау;
    - мәтінді баяндай білу, басталар, аяқталар ойды дұрыс жеткізу;
    - жоспар бойынша мәтін мазмұнын әңгімелеу;
    - мәтіндегі сөздермен түрлі жұмыс жасап, сөздік қорды толықтыру;
    Келесі мәтін соңынан жүргізілетін жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтін мазмұнының негізгі элементтерін, танымдық құндылығын айқындауға, мәтінге түсініктеме беруді үйретуге (интерпретация) бағытталған жұмыстар жүргізіледі.
    Аудиокітаптар мен мәтіндердің байланыс маңыздылығы белгілі. Ортаңғы немесе жоғарғы сынып оқушыларына мәтінсіз жұмыс істетуге де болады, бірақ та бастауыш сыныпта мәтінсіз аудиокітаптарды іске асыру мүмкін емес.
    Сонымен, аудиокітаптар – шетел тілін меңгертуді жетілдірудің бірден бір тиімді (эффектілі) құралы.
    Ерте жастан шетел тілінің лексикасына оқытудың түрлі теориялық көзқарастарын, әдістерін қарастырып, оқушылармен сабақ барысында жұмыс істеу үшін біз ең тиімді деген әдіс-тәсілдерді таңдап алдық. Олар: ойын әдісі, көрнекілік әдісі және аудиокітаппен жұмыс жасау.
    Категория: Английский и немецкий языки | Добавил: 123456 (26.04.2017) | Автор: Светлана E
    Просмотров: 1030 | Теги: шет тілі, ағылшын тілі, аудиокітап, аудикниги | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024