В помощь педагогу.
Суббота, 27.04.2024, 07:52
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » История и обществоведение

    КРУГЛЫЙ СТОЛ Жастарды қылмысқа баулитын не?»
    Тақырыбы: «Жастарды қылмысқа баулитын не?» (Дөңгелек үстел)
    тарих пәннің мұғалімі: Нургазинова А.C.

    «Қазіргі ұрпақтың үш мінезі алаңдатады”
    деген екен. Олар құлқынның құлы болып
    жолдан таю, нәпсі үшін лас істерге ұрыну,
    білімі бола тұра қараңғы наданның ісін істеу».

    Мұхаммед пайғамбар

    Мақсаты:
    1. Білім алушыларды ойлауға, ой түйіндеуге, өз ойын еркін айтуға көзқарасын қорғауға, дәлелдеуге үйрету;
    2. Жеке тұлғаның санасын, тіл байлығын дамыту;
    3. Қылмыстық әрекеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
    Міндеті:
    «Жастарды қылмысқа баулитын не?» тақырыбында білім алушылардың пікірін білу, талқыға салу, қылмыстың алдын алу үшін қандай іс-шаралар жасау керек деген мәселелерді ортаға салу арқылы бірлесіп шешу жолдарын қарастыру.
    Қатысушылар: 9cынып оқушылар және оқытушылар.
    Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, мултимедиялық аппарат
    «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»
    Б.Момышұлы.
    «Балам бол, басқа бол – бәріңе заң біреу - ақ»,
    «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»
    Ж.Баласағұн.
    «Біздің жастарымызға мақсаткерлік, Болашаққа деген шүбәсіз сенім, мойымас жігер, кез-келген істі қолға алуға деген құлшыныс тән»
    Ә.Н.Назарбаев
    «Балам бол, басқа бол – бәріңе заң біреу - ақ», «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»
    Ж.Баласағұн.

    Оқытушы: Еліміздің төл Конституциясында Қазақстан Республикасын құқықтық мемлекет деп жариялағаны баршаға мәлім. Құқықтық мемлекет құру үшін қоғамның құқықтық мәдениеті болуы керек. Ол - халықтың заңдылық білімін меңгеру деңгейі, құқықты сақтауы, рухани сана сезімінің жақсаруы. Құқықтық мемлекет құру жастардан басталады, өйткені болашақ қоғам солардың қолында.
    «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді халқымыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата-бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымызда 13 жастағы баланы отау иесі деп атайды. Ал, қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.
    18 жаста кәмелеттік кезең басталады. Жастардың сайлау, өз мүлкіне дербес иелік ету, неке құру, қалыпты еңбек қызметімен айналысқан кезде тиісті жауапкершілік құқығы пайда болады.
    Құқықты білмей, әлеуметтік мәнін түсінбей оны құрметтеу мүмкін емес.
    Әр азамат құқықтық қағидалармен бала кезінен танысуы қажет.
    Құқықтық қағидалары:
    1. Әлеуметтік бостандық;
    2. Адамгершілік;
    3. Демократизм;
    4. Теңдік;
    Заңды білу заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясын жүзеге асырып, ондағы бағытталған әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана-сезімдерін қалыптастыру қажет. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз -өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсатының бірі - қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
    Ал енді бүгінгі дөңгелек үстелде топ білім алушылары «Жастарды қылмысқа баулитын не?» деген тақырыпта өз пікірлерін ортаға салмақ.
    Тәтті өмірге қызығушылық, жігерсіздік пен жалаң еліктеушілік көптеген жастарды қылмыс жасауға итермелеуде.
    Қарастыратын мәселелер:
    -Қылмыс жасау себебі
    -Облыс бойынша қылмыс түрлері
    -Қала бойынша қылмыс түрлері
    -Қылмыс жасаудың статистикалық көрінісі
    -Қылмыстың алдын алу жолдары
    -Қазіргі кездегі күрес жағдайы

    Сөз кезегі білім алушыларда:
    Егеменді Қазақстан Республикасының өркениетті ел болып дамуы үшін бүгінгі азаматтармен қатар барлық мектеп оқушылары да қылмыс және зардабын білгені жөн.
    Кез келген заң бұзушылық мінез- қылық қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал, қылмыс дегеніміз- қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс. Жасаған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны зардап шегеді. Қылмыстың құрбаны кез-келген әлуметтік топтың адамдарын, қарттар мен жастар, ер мен әйел, сау мен ауру, кедей мен бай, қазақтар, орыстар тағы басқалар болуы мүмкін.
    Қылмыскерден әсіресе жас-өспірімдер зардап шегеді. Егер егде адам қылмыс істесе, оның балалары зардап шегеді. Егер бала отбасында жақсы тәрбиеленбесе, үйде үнемі дау, жан-жал болып тұрса, ол балаға өте зиянды, жағымсыз әсер етеді. Көптеген қылмыскерлер дәл осындай отбасынан шығады.
    Сонымен қылмыс дегеніміз не? Қылмыс, ол заң тыйым салған, заңмен жазаланатын, әрекетті немесе әрекетсіз өрескел қылмыстар. Қылмыс алуан түрлі болып келеді. Бұл күнде кәмелеттік жасқа толмағандар да көптеген қылмыстар жасайды. Кісі өлтіру, әйел зорлау, ұрлық, бұзақылық және басқа қылмыстар да осылардың қолымен жасалып жатады. Кәмелеттік жасқа толмағандар қылмысты жекелей де, топ болып та жасайды.
    Мұның өзі - қоғам және оның болашағы үшін үлкен қатер, жас өспірімдердің қауіпті жолға түсуі - барып тұрған қасіретті құбылыс. Жасөспірімдер қылмыс жасай отырып өз басына ғана емес, қоғамға, өз отандастарының мүддесіне, өзінің туысқандарына үлкен зиян жасайды, жапа шектіреді.
    2003-2005 жылдардағы статистикалық мәліметтер 14 пен 29 жас аралығында жастар арасында қылмыстың өскенін көрсетеді. Осылайша 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы жасалған қылмыс саны 7,2 пайызға өскен (2003 жылы – 125, 2004 жылы - 134 қылмыс). Сонымен бірге осы жылдың 9 айы ішінде облыс жастары 111 қылмыс жасаған немесе алдыңғы 2004 жылмен салыстырғанда 82,9 пайызға жеткен.
    Сонымен қатар, 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың жасаған қылмыстарын жекелей қараған кезде, олардың ішінде пәтер ұрлығы мен ауыр қылмыстардың саны өскені байқалады. Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің ұсынған мәліметтері бойынша 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы жастар жасаған ауыр қылмыстардың саны 20,8 пайызға, ал пәтер ұрлығы 14,5 пайызға өсіп отыр.
    Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс жасаудың негізгі себебі- жасөспірімдердің құқықтық санасы төмендігі мен жасөспірімдер, отбасы институттарымен жүргізілетін жұмыстардың нашарлығы, әлеуметтік аз қамсыздандырылған отбасыларынан шыққан жасөспірімдерді қамтуға мүмкіндігі бар аула клубтарының, бос уақытын өткізу мекемелері санының аздығы, ақылы спорт секцияларының және басқа үйірмелердің қолжетімсіздігі болып табылады.
    Облыстағы жастардың жан-жақты болып өсуінің негізгі тетігі салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорттың көпшілік арасында дамуына жағдай жасау. Облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының мәліметтері бойынша қазіргі таңда 27204 жас адам немесе барлық жастар санының 14,4 пайызы спортпен тұрақты түрде айналысады. Спортпен айналысатын 81,9 пайыз жастардың басым көпшілігі мектеп, интернат және БЖСМ оқушыларын құрайды. Және жоғары оқу орындарының студенттері - 1,7 пайыз, колледж студенттері – 2,2 пайыз және кәсіби мектептердің оқушылары – 4,2 пайызды құрап отыр.

    Қылмыс жасаған кезде жасы он алтыға толған адам жауапқа тартылады. Бірақ кейбір жағдайда он төрт жастан бастап та жауапқа тартылуы мүмкін. Он төрт жастан қылмыс жасайтындар мынадай жағдайларда жауапқа тартылады:
     кісі өлтіргені үшін;
     қасақана денеге жара салғаны, денсаулығына зиян келтірген үшін; бұл қылмыс ауыр, орташа ауырлықта және жеңіл болып үш түрге бөлінеді;
     әйелді зорлағаны үшін ;
     қарақшылық шабуыл жасағаны үшін;
     тонағаны үшін;
     ұрлағаны үшін;
     бұзықшылық жасаудың ауыр түрі үшін;
     өте ауыр жағдайда мемлекеттік және меншіктік мүлікті жойғаны үшін;
     қаруды, әскери оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен қондырғыларды ұрлап не қорқытып алғаны үшін;
     қасақана жол құрылысын, көлікті т.с.с. жарамсыз еткені үшін;
     жыныстық қатынаста зорлық жасағаны үшін;
     адам ұрғаны үшін;
     қарақшылық жасағаны үшін;
     қорқытқаны үшін;
     ұрлап әкету мақсатымен автомабильдер мен басқа көлік түрлерін иемдегендері үшін;
     терроризм үшін;
     аманаттыққа тұтқындағаны үшін;
     террорлық акті жасалады деп жалған хабар таратқаны үшін;
     вондализм (мәдениет мұраларын, зиртты тағы басқа қасиетті орындарды қирату ) үшін;
     наша сияқты және басқа адам психалогиясына зардабы тиетін улы заттарды ұрлап немесе оларды қорқытып алғаны үшін;
    Жоғарыда көрсетілген қылмыс түрлерінің барлығы да адамдардың жеке басы мен денсаулығы үшін де, мемілекет үшін де аса қауіпті, олардың мүддесіне үлкен зиян келтіретін қылмыстар.
    Экономикалық белсенді тұрғындардың халықтың жалпы құрамындағы үлесінің төмендеуі неғұрлым қарқынды бөлігі – жастар есебінен болады. Бүгін жұмыспен қамту қызметіне өтініш жасайтындардың әрбір екіншісі жастардың өкілі. Олардың жартысынан азы ғана жұмыспен қамтылады. Сондықтан жастардың экономикалық іс-әрекеттегі үлесі халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің жалпы санының 24 процентін ғана құрайды. Жұмыссыз жастардьщ саны 1993 жылдың басында жұмыссыздардың жалпы санының 54 процентін құрадыі.
    Проблеманы зерттеушілер 1990 жылдан бастап қылмыскерлер қатарының жасарғанын атап көрсетеді. Мысалы, бүгінгі күні Ресейде қылмыскерлердің жартысы – 14 пен 30 жас арасьшдағы жастар, барлық қылмыскерлердің жетіден бір бөлігін 14-18 жастағы кәмелетке толмағандар ққрайды, Қазақстанда тиісінше – 50,9 және 6,9 процент. 1999 жылы ҚР полиция қызметкерлері 148 мыңға жуық кәмелетке толмаған қылмыскерлерді ұстаған, бұл 1998 жылға қарағанда 10 мыңға көп. Жоғары оқу орындарының қылмыс жасаған студенттері 40 процентке жуық, ал мектеп, лицей және гимназиялардың оқушылары – 23 процентке көбейді.
    Жасөспірімдер және жастар жасаған қылмыстың айрықша ерекшелігі соңғы жылдары жеке бас мақсатында болып отыр. Ұрлық, автокөлікті айдап кету, тонау, ұрып кету, бұзақылық – бұлар кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың өзіндік «жиынтығы». Ең қорқыныштысы қылмыс өте аяусыздықпен жасалады. Мүндағы барынша «еңбек» электрондық бүқаралық ақпарат құралдарына тиесілі, олардың арналары бойынша жауыздық пен қатыгездік жаппай ағынмен беріледі. «Ең басты батырдың» жүйелі түрде гүлденуі өмірдің жетістіктеріне күшпен ғана қол жеткізетін жастардың сенімін қалыптастырады.
    Өзінің міяез-құлқына осылайша қарау біршама дәрежеде зандық практиканың және құқықтық тәрбиенің ерекшеліктерімен негізделеді, бұл жасөспірім қылмыскерлерде өзіне жаза қолданылмайтыны туралы түсінікті қалыптастыруға жиі әкеп соғады және бұл қылмыстың «жасару» себептерінің бірі болып табылады. Рецидивтер ықтималдығы өсуде. «Жазаңызды өтеп келгеннен кейін қылмыс жасайсыз ба?» деген сүрақтың жауабы да қарапайым: «Жоқ» - деп сұралғандардың тек 45% ғана жауап берді, «Қалай боларын білмеймін» - деп кәмелетке толмаған қылмыскерлердің 32% жауап берді.
    Нашақорлықпен күресті күшейту мақсатында 2000 жылғы 17 ақпанда ҚР Президенті нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі агенттік құру туралы жарлыққа қол қойды.

    Өткен аптада республикада 2 мыңға жуық қылмыс тіркелді. Оның 22-сі кісі өлтіру, 24-і қарақшылық шабуыл, тонау әрекеттеріне қатысты. Ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, бір мыңнан астам қылмыстың бетін ашып, іздеуде жүрген 112 қылмыскер қолға түсті. 203 есірткі қылмысы тіркеліп, 2 келіден астам героин, жарты тонна марихуанна тәркіленді. Қолға түскен қылмыскерлерден 29 атыс қаруы табылды. Автокөлік жолдарында 146 оқиға орын алып, 41 адам мерт болды.
    Биыл елордада жасөспірімдер қолымен 3 мыңнан астам қылмыс жасалған. Құқық қорғаушылар ұрлық-қарлық, қандықол қарақшылық пен зорлық-зомбылыққа негізінен жетім және ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар барады деген қортындыға келді.
    Егер 2005-жылдың жеті айында жасөспірімдер жасаған 3667 қылмыс тіркелсе, 2006 жылдың жеті айында бұл сан 3037 болды.
    Үстіміздегі жылдың 8-айының қортындысы жасөспірімдер арасындағы қылмыс санын ауыздықтау әлі де мүмкін емес екендігін көрсетіп отыр. Аталған мерзімде мектеп оқушыларының қатысуымен болған заң бұзушылық фактілері 61 пайызға өсіп, кәмелетке толмағандар қолымен жасалған қылмыстың 51 пайызын құрап отыр.

    Оқытушы: Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлік сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін, құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет.
    Адам барлық қиындықты еңбекпен ғана жеңеді. «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық – аздырар адам баласын», - деп ұлы Абай атамыз бекер айтпаған. Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. «Тәрбиелі -тәртіптің құлы» - демекші, барлығыңыз тәрбиесі мен білімі ұштасқан азамат болып өсе беріңіздер. Еліміз үміт артып отырған ертеңіміздің болашағы сіздерсіз. Бүгінгі бас қосуымызда ұшқыр ой қозғап, саралы сөз айтып, пікірлеріңізді ортаға салғандарыңызға үлкен алғысымды білдіремін. Осы ой талқыдан сіздер үлкен өнеге алды деп сенемін.
    Мемлекетімізде бейбітшілігіміз баянды болсын! Қылмыссыз, адамгершілік қағидаларға сай өнегелі, саналы жастарымыз еліміздің мәртебесін өсіре берсін деп, бүгінгі жиынымызды жабық деп жариялаймын.
    Категория: История и обществоведение | Добавил: Елик (16.03.2014) | Автор: Нургазинова Айжаркын E
    Просмотров: 1831 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 1
    1 жаксы  
    Дөңгелек үстел оқушылар тәрбиесі үшін өте пайдалы. Ұнады.

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024