В помощь педагогу.
Понедельник, 29.04.2024, 23:10
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Математика и геометрия

    Ашық сабақ Тақырыбы: «Екі өрнектің қосындысының квадраты және айырмасының квадраты» 7 сынып
    Ашық сабақ
    Тақырыбы: «Екі өрнектің қосындысының квадраты және айырмасының квадраты»
    Сыныбы: 7 «Ә»
    Мұғалім: Жиенбаева Гулим Касымовна, Алматы қаласы
    Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің қосындысының квадраты және айырмасының квадраты.
    Сабақтың мақсаты:
    Білімділік: Екі өрнектің қосындысының квадраты және айырмасының квадратының формуласын қорытып шығару, білік дағдыларын қалыптастыру, есептерді шешу кезінде тиімді пайдалана білуге үйрету.
    Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
    Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке баулу, шапшаңдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
    Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
    Сабақтың типі: дәстүрлі
    Пәнаралық байланыс: информатика, экология.
    Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, тірек сызбалар.
    Сабақтың барысы:
    Ұйымдастыру кезеңі. Логикалық есептерді интерактивті тақтаға жазып, оқушылардан жауап күтіледі.
    Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар үй жұмысы орындалған дәптерлерін өткізеді.
    Жаңа сабақты меңгерту.
    Жаңа тақырыпты ашу мақсатында проблемалық ситуация арқылы үш топқа бөлінген мынадай тапсырмалар орындалады.
    1-топ: (а+в)(а+в) 2-топ:(с-d)(c-d) 3-топ:(х+у)(х+у)
    Нәтижесін талдап, қорытынды жасау.
    Қорытынды: Екі өрнектің қосындысының квадраты бірінші өрнектің квадратына, плюс екі еселенген бірінші және екінші өрнектердің көбейтіндісіне, плюс екінші өрнектің квадратына тең.
    (а+в)²=а²+2ав+в² (1)
    Екі өрнектің айырмасының квадраты бірінші өрнектің квадратына, минус екі еселенген бірінші және екінші өрнектердің көбейтіндісіне, плюс екінші өрнектің квадратына тең.
    (а-в)²=а²-2ав+в² (2)
    1-мысал. а) (3x+2)²=(3x)²+2•3x•2+2²=9x²+12x+4;
    ә) (2a-7b)²=2•2a•7b+(7b)²=4a²-28ab+49b²;
    2-мысал. (2а+9)²-а(4а+31) өрнегін ықшамдайық:
    (2а+9)²-а(4а+31)=4а²+36а+81-4а²-31а=5а+81
    және (2) формулаларды кері тәртіппен де жиі қолданады, яғни оларды
    а²+2ав+в²= (а+в)² және а²-2ав+в²= (а-в)²
    түрінде де қолданылады. Қосынды мен айырма түрінде квадраттарының формулаларын осы көрсетілген түрде, көбінесе көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу үшін қолданылады.
    3-мысал. Көпмүшені көбейткіштерге жіктейік:
    а) 9а²-12ав+4в² =(3а)²-2•3a•2b+(2b)²=(3а-2в)²;
    ә) 100+40р+4р²=10²+2•10•2p+(2p)²=(10+2p)².
    Есептер шығару. (Оқулықпен жұмыс)
    Сыныпта №332, №333, №334, №335, №336, №337-нің тақтарын шығару.
    Жаңа сабақты бекіту. Тест.
    1. 25а²-20ав+16в² өрнегін көбейткіштерге жікте:
    а) (5а-4в)² б) (25а-16в)(25а+16в) в) (5а-4в)²;
    2. (2х-4у)² жақшаны аш:
    а)2x²-4y² б)4х²-16у в) 4(х²-4х+4)
    3. Амалды орында: (2х+3)²
    а) 4х²+12х+9 ә) 4х²-12х+9 б) 4х²+9
    4. Амалды орында: (2-3у)²
    а) 4-12у+9у² ә) 4-9у² б)4+9у²
    5. Теңдеуді шеш: х²-225=0
    а) х_1=25, х_2=-25 ә) х_1=15, х_2=-15 б) х_1=225, х_2=-225
    Үлестірме карточкалар «Аяқта!». Үш топқа үш тапсырма беріледі. Жауаптары интерактивті тақта арқылы тексеріледі.
    1-топ 2-топ 3-топ
    (х+3)^2= (х+6)^2= (х+5)^2=
    (50+1)^2= (20+1)^2= (10+1)^2=
    (70-1)^2= (80-1)^2= (90-1)^2=
    Қорытындылау: (Рефлексия)
    Енді «табыс ағашын отырғызайық» (Тақтада ағаштың суреті)
    Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген формулалар, жасыл желек – экология, ал ағаштың жемісі сіздің алған білімдеріңіз.
    Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
    Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналамын.
    Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.
    Үйге тапсырма: №332,№333,№334,№335,№336 – ның жұп нөмерлері.
    Бағалау.
    Категория: Математика и геометрия | Добавил: Baktygul (04.08.2014) | Автор: Жиенбаева Гулим Касымовна E
    Просмотров: 2033 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 1
    1 Гульмира  
    Жақсы сабақ, маған өте үнады!

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024