В помощь педагогу.
Пятница, 26.04.2024, 11:52
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Математика и геометрия

    Пифагор теоремасы
    Батыс Қазақстан облысы
    Ақжайық ауданы
    Бударин ОЖББМБ математика пәнінің І санатты мұғалімі
    Елеусинова Даметкен Шакиевна
    Пәні: геометрия
    Сынып: 8
    Сабақтың тақырыбы: Пифагор теоремасы
    Сабақтың мақсаты: 1) Пифагор теоремасын және оған кері теореманы тұжырымдап, дәлелдей алып, оларды геометриялық есептертерді шығару барысында қолдану дағдыларын қалыптастыру.
    2) Тақырыптың теориялық мәнін, мазмұнын оқытып, үйретіп, практикалық қолданыс көрсету, түсінігін анықтау және РІSA типтік тапсырмаларын қолдануға бағыт бағдар беру.
    Күтілетін нәтиже: 1) Оқушылар білімдерін жетілдіре отырып, PISA типтес есептерді шешуді орындайды тақырыпты жетілдіреді.
    2) Тақырыпта PISA типті тапсырмаларды орындай отырып, ойлау, қорытынды жасау қабілеттері арттады.
    3) Өткен оқу материалынан алған білімдерін өмірде қолдана алатын болады.
    Сабақтың түрі, әдіс-тәсілдері: топтық жұмыстар, сыни тұрғысынан ойлау.
    Керекті жабдықтар: Пифагор потреті, оқулық, жұмыс дәптері, қалам,сызу құралдары, маркер, бағалау парағы, АКТ мүмкіндіктері,топтық тапсырмалар, бағдар картасы, рефлексия парағы «Менің сабақта алған орным»
    Сабақтың барысы
    Сабақтың
    Кезкңдері Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
    Ұйымдастыру кезеңі 2 мин Оқушылармен амандасу
    «Жүрек жылуы» тренингі
    3 түсті жүрек бойынша топқа бөлінеді. Топ жетекшісі сайланады.
    Бағалау парағын топ басшылары жүргізеді.
    Оқушылар дөңгелене тұрып, бір-біріне жүрек ұсына отырып, тілектерін білдіреді.
    3 түс бойынша 3 топқа бөлінеді,топ басшысын тағайындайды.
    Бағалау критериясымен танысады


    Үй тапсырмасын тексеру 7 мин Оқушыларға параллелограмм, квадрат, ромб қасиеттері жазылған кеспе қағаздары ұсынылып, топ жетекшілері қарамай таңдап алады.

    Бағалануы:
    Постер мазмұндылығы
    Постер безендірілуі
    Постердің қорғалуы

    Жеке оқушыны бағалау
    Постерді құруда, қорғауда белсенділік танытты-2б
    Постерға ақпаратты жазды-1б Үй тапсырмасы бойынша 5 минуттық постер қорғайды.
    1-топ «Квадрат»

    2-топ «Ромб»

    3-топ «Параллелограмм»

    Топтар өзара постерларын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалайды.
    Жаңа сабақ (қызығушылығын ояту) 3 мин Пифагор тарихынан мәлімет беру.
    Ежелгі мысырлықтар жер өлшегенде «жіп ережесін» қолданған: жіпті түйін салып тең 12-ге бөлгенде, ұштарын байлаған. Содан кейін қабырғалары 3,4,5 бөлікке тең үшбұрыш шығатындай етіп жіпті жердің бетіне керіп тастаған. Сонда үшбұрыштың 5 бөлігі қабырғасына қарсы жатқан бұрышы тік болды. Қабырғасы 3,4,5 сандарымен өрнектелген тікбұрышты үшбұрыш «Египет үшбұрышы» деп аталады. Мұндай үшбұрыштар көп. Олардың қабырғалары 5,12,13 т.с.с ол сандарды «Пифагор сандары» деп атаған. Оқушылар тыңдайды, тұжырымдама жасайды.
    Жіптің үлкен бөлігінің квадраты қалған екі кіші бөліктерінің квадраттарының қосындысына тең.
    Жіптің үлкен бөлігі гипотенуза, кіші бөліктері катеттер.
    3мин Күннің жадын жазу.
    Сабақтың тақырыбын айту мақсатын оқушылармен бірігіп енгізу Оқушылар күннің жадын, сабақтың тақырыбын көшіріп жазады
    Негізгі бөлім 5мин Теоремамен жұмыс

    www.youtube.com/watch?v=SMG2K5ACSVg адресі бойынша интернеттен видео көрсетіледі
    Теореманың дәлелдеуін дәптерлеріне жазады

    Видеоны тамашалайды.
    Оқулықпен жұмыс 7мин 1- топ.№233
    1.Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері а=6,в=8. Гипотенузасын табыңдар.
    2-топ.№235
    Тік бұрышты үшбұрыштың катеті а=5, гипотенузас=13.Екінші катетін табыңдар.
    3-топ.№239
    Тік төртбұрыштың қабырғалары 60см және91см. Оның диагоналын табыңдар. Әр топтан тақтаға бір оқушы шығып орындайды. Топ мүшелері тексереді.
    Сергіту сәті 2мин Қанша тікбұрышты үшбұрыш бар?

    Тақтаға қарап суретте тез еске сақтау.
    Шығармашылық тапсырма 5мин «Пифагор теоремамыз біздің өмірде»
    1-топ:Үй және өрттен құтқару баспалдағы берілген. Үйден қандай қашықтыққа баспалдақты терезенің жақтауына дейін итергенде, ол жерден қандай қашықтықта болды. Баспалдақ ұзындығы 17м, ол жер бетінен биіктігі 15м.

    2-топ. Өмірдегі тікбұрышты үшбұрыш. Мұнда электр бағаны тікбұрышты үшбұрыш құрап тұр.Бағанның ұзындығы 6м және тіреулі тұрған ағаштың ұзындығы 10м екені белгілі болса, осы бағандардың жердегі арақашықтығын табыңдар?

    3-топ. Қабырғаға қағылған ағаштың ұшы 3м төменге түсірілді. Егер үй қабырғасының биіктігі 11м, ағаштың проекциясы 6м болса, ағаштың ұзындығын табыңдар?

    Қабілеті төмен оқушыларды қамту мақсатында бағдар картасы ұсынылады. Дискриптор:
    1) Сурет бойынша есептің сызбасын салу
    2) Берілгенін жазу
    3) Табу керегін жазу
    4) Шешуін жазу
    5)Жауабын жазу
    Оқушылар орнында топпен шығарып, тақтаға бір оқушы қорғайды.

    Тест 3мин Интерактивті тақтада тест тапсырмалары

    Бағалануы:
    Әр дұрыс жауап 1балл Әр оқушы өз бетімен тестировщикпен орындайды.

    Бағалау 2мин Бағалау критерийлары:
    -үй тапсырмасын орындау
    -сұраққа жауап беру
    -есепті қатесіз шығару
    -топтық тапсырма
    -шығармашылық тапсырма
    -тест тапсырмасы
    -қорытынды баға
    Бағалауды көшбасшысы жүргізеді
    Үй тапсырмасы 1мин Оқулықтан №234, №235
    Тікбұрышты үшбұрышқа байланысты байланысты өмірмен байланыстырып логикалық есеп құрастыру Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
    Қорытынды 5мин Пифагор теоремасының өмірде қолданамыз ба?
    Құрылыста маңызы бар ма?
    Сонымен сабағымыз мақсатына жетті ме? Оқушылар өмірдегі қолданысы жайында баяндайды.
    Мақсатына жетуін айтады

    Рефлексия парақтарын толтырады, үшбұрыштағы өз орнын көрсетіп себебін жазады



    Сабақ талдауы: үй тапсырмасын тексеру кезеңінде постер қорғау арқылы өткен тақырыптарды бірден қамтып, қайталап алдық. Сабақ барысында өмірмен байланысты көрнекіліктер мен шығармашылық тапсырмалар көп болғандықтан оқушыларға түсінуге өте жеңіл болды. Топтасып отырып мұғаліммен қатар өздері өзара талдағандықтан тік бұрышты үшбұрыштың өмірлік маңызын аша алды. Сабақ қорытындысында өз мақсаттарына жеткендерін, тікбұрышты үшбұрыштың қолдану аясын айта алды. Сабақ көздеген мақсатына жетті.
    Категория: Математика и геометрия | Добавил: dametken1964 (17.05.2015) | Автор: Пифагор теоремасы E
    Просмотров: 1379 | Теги: 8 класс, Геометрия | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024