В помощь педагогу.
Понедельник, 29.04.2024, 22:56
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » Математика и геометрия

    Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді салыстыруға есептер шығару.
    Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді салыстыруға есептер шығару.

    Сабақтың мақсаты:
    Білімділік: Ондық бөлшектерді салыстыруға байланысты есептер
    шығару дағдыларын қалыптастыру.
    Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін, өзбетімен жұмыстана білу
    дағдысын, шығармашылық қабілетін, тез, дәл есептеу
    дағдыларын дамыту.
    Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
    Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі қағаздар, интербелсенді
    тақта, флипчарт.
    Сабақтың типі: Бекіту сабағы.

    Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

    Сабақтын өту барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі:
    • Оқушыларды түгелдеу, зейінін сабаққа аударып, сабақ мақсатын баяндау, сабақ түрімен, өту жоспарымен таныстыру
    • Балалар, біз бүгін ондық бөлшектерді салыстыруды қандай деңгейде оқып – үйренгенімізді тексереміз.

    II. Оқушылардың білімдерін тексеру:
    Сұрақ-жауап: «Кім жылдам?»
    1. Ондық бөлшек дегеніміз не?
    2. Ондық бөлшекті салыстырудың неше тәсілі бар?
    3. 1-ші тәсілі қандай?
    4. 2-ші тәсілі қандай?
    5. 3-ші тәсілі қандай?
    6. Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе қалай салыстырылады?
    7. Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша қалай салыстырылады?
    8. Ондық бөлшектің соңына нөлдерді тіркеп жазғаннан немесе алып тастағаннан ондық бөлшек өзгере ме?

    Жауаптары:
    1. Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан ондық бөлшек деп аталады.
    2. Ондық бөлшекті салыстырудың 3 тәсілі бар.
    3. Ондық бөлшекті координаталық сәуледе салыстыру.
    4. Ондық жүйеде жазылғандықтан, ондық бөлшектер разрядтары
    бойынша салыстырылады.
    5. Ондық бөлшектерді натурал санға түрлендіріп, салыстыру.
    6. Координаталық сәуледе үлкен ондық бөлшек оң жақта, ал одан кіші ондық бөлшек сол жақта кескінделеді.
    7. Ондық бөлшектердің алдымен бүтін бөліктерін салыстырамыз:
    қайсысы үлкен болса, сол сан үлкен болады.
    8. Ондық бөлшектің соңына нөлдерді тіркеп жазғаннан немесе
    алып тастағаннан ондық бөлшек өзгермейді.
    III. Сабақты бекіту кезеңі:
    Проблемалы, баяндау:
    Ондық бөлшекті ауызша салыстырайық.
    1)6,2 * 7,1 Е
    2)5,73 * 5,69 Р
    3) 32,46 * 32,48 Т
    4)0,638 * 0,648 Е
    5)0,971 * 0,97 Г
    6)10,215 * 10,309 І
    Недеген сөз шықты? «ЕРТЕГІ». Яғни балалар бүгінгі сабағымызды ертегі желісінде өткіземіз. Ерте, ерте, ертеде бір ақылына көркі сай Айсұлу атты қыз өмір сүріпті. Оның өгей анасы және сіңілсі болыпты. Бір күні Айсұлуды өгей анасы алтын саңырауқұлақ алып келуге орманға жібереді. Сөйтіп Айсұлу орманнан алтын саңырауқұлақ іздеп жүріп адасып кетеді. Алдынан айдаһар кездеседі. Отын шашып тұрған айдаһар Айсұлуды ұстап алады.Айсұлу айдаһардан жіберуін өтінеді. Сонда айдаһар егер менің қоржынымдағы есептерді шешсең сені босатамын дейді.Ал енді балалар айдаһардың есебін шығарып Айсұлуға көмек берейік.кітаптан
    №931 есеп. Ондық бөлшектерді натурал сандарға түрлендіріп, салыстырыңдар.
    1) 45,63*43,8 4) 61,29*61,29
    2) 67,837*67,25 5) 83,05*84,1
    3) 89,222*89,223 6) 46,997*46,897
    Сөйтіп Айсұлуды құтқардық. Айдаһардан құтылған қыз алтын саңырауқұлақты іздеуін жалғастырады. Келе жатып тиінді кезіктіреді. Айсұлу Тиіннен алтын саңырауқұлақтың қайда өсетінін сұрайды. Сонда тиін «мына ағаштың басында менің ұям бар. Сол ұяның ішінде жаңғақтар бар. Сол жаңғақтардың ең үлкенінде бір тапсырма бар. Егер сол тапсырманы орындасаң мен алтын саңырауқұлақтың қайда екенін білетін жанды айтамын» дейді.
    Тиін тапсырмасы:
    №932 есеп
    Іле Алатауының Кіші Алматы сілемінде үш найзатастан тұратын, қызыл граниттен түзілген Абай шыңының биіктігі4,01 км, ал Жамбыл сілемінің оңтүстігіндегі Жамбыл шыңының биіктігі 4,36 км. Шыңдардың биіктіктерін салыстырып, теңсіздік түрінде жазыңдар.
    Ел аралаған торғайға жібереді. Сөйтіп Айсұлу торғайды іздеп жолға шығады. Қарны ашқан Айсұлу алма ағашынан алма сұрайды. Алма ағашы «Егер маған мына есепті шығаруға көмектессең мен саған алма беремін» дейді. Алма ағашының есебі.
    №935 есеп
    Жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде:
    1) өсу ретімен жазыңдар:
    1,4; 4/5; 0,3; 1/10; 0,5; 2,6; 0,2;
    2) кему ретінде жазыңдар:
    0,7; 1,5; 0,4; 1,9; 1,2; 1,3
    Сөйтіп Айсұлу ағашқа көмектесіп алма алады. Сөйтіп Айсұлу әрі қарай жолға шығады. Сөйтіп торғайды іздеп табады. Торғайдан алтын саңырауқұлақтың қайда өсетінін сұрайды. Сонда торгай «егер менің шартымды орындасаң мен саған алтын саңырауқұлақтың қай жерде өсетінін айтамын» деді. Торғайдың шарты:
    №937 есеп.
    Координаталық сәуледе A, B, C және D нүктелерімен кескінделетін ондық бөлшектерді өзара салыстырып, 6 теңсіздік құрыңдар.Кітаптағы
    5,13 -сурет.
    Алтын саңырауқұлақты тапқан Айсұлу енді үйіне жетуді ойлайды. Келе жатырса алдынан жалмауыз кездеседі. Жалмауызға Айсұлу ұшатын кілемімен үйіне жеткізуін өтінеді. Сонда жалмауыз «Егер менің мына тапсырмамды орындасаң мен сені үйіңе жеткіземін» дейді. Жалмауыз тапсырмасы:
    №946 есеп. Жұлдызшаларды теңсіздіктер тура болатындай етіп, цифрлармен ауыстырыңдар:
    1) 4.0*>4.08; 4)10.83<10*2;
    2) 6.7*<6.71; 5)1.187>1.*96;
    3)9.2*9>9.289; 6)0.628>0.62*;
    Сөйтіп балалар, Жалмауыз Айсұлуды үйіне апарып, Айсұлу анасымен қауышып бақытты да ұзақ өмір сүріпті.
    Сабақты қорытындылау: 2 мин Сонымен біз бүгін сендермен ондық бөлшекті салыстыруға байланысты есептер шығардық .
    Бағалау: Сыныпта сабаққа белсенді қатысып отырған балалар бағаланады.
    Барлығымыз алған жемістерімізді айтып, сол бойынша бағалайық.
    Қане кімде қандай жеміс бар?
    Күнделігі мен алған жемісін алып келсін!
    Алма-------5
    Алмұрт------4
    Өрік------3
    ІV. Үйге тапсырма :
    № 940 есеп. Жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдырып, салыстырып, үлкен немесе кіші белгісімен жазыңдар.
    1)0,3 пен 2/5; 4) 0,75 пен 4/5;
    2)1/10 мен 0,2; 5) 0,5 пен 3/5;
    3)1,2 мен 9/10; 6)3/20 мен 0,09.
    Категория: Математика и геометрия | Добавил: Guli (28.03.2014) | Автор: Маханбет Гүлдана E W
    Просмотров: 2752 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024