В помощь педагогу.
Пятница, 03.05.2024, 13:28
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » География

    Қазақстанның физикалық географиясынан №1 сарамандық жұмыс
    Сарамандық жұмыс № 1
    Тақырыбы: Қазақстан Республикасының географиялық орны мен сағаттық белдеулер
    Мақсаты: Қазақстанның географиялық жағдайының орналасу ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру. Әртүрлі географиялық карталарды пайдалана отырып сипаттама беруді, уақыт айырмашылығын, сағаттық белдеулерді есептеулерді үйрету.
    Көрнекілік құралдар: Қазақстанның физикалық, әкімшілік – аумақтық бөліну картасы, сағаттық белдеулер картасы 4 дана, кескін карталар, жалауша 4 дана, бағалау фигуралары.
    Сабақтың түрі: топпен жұмыс
    Барысы:
    Р.Рымбаеваның орындауындағы «Қазақ елі» әні баяу қосылып тұрады.
    Оқушылар төрт топқа бөлініп отырады.
    Сабағымызды Қасым Аманжолов ағамыздың «Қазақстан» атты әнімен бастағым келеді.
    Елу жаста елім бар деп айта алмай,
    Кетпес естен күйінгенің, мұңлы Абай.
    Елім бар деп айтатын бір туды күн,
    Елім бар деп шырқайын мен бүгін.
    Қойсын енді Қорқыт күйі сарнамай,
    Асан ата, желмаяңа бер тыным.
    Сен таппасаң, біздер таптық жер тыңын,
    «Гүлжазира», «Жерұйықтан» кем бе екен?
    Мынау дала біздер өсекен кең мекен.
    Егеменді ел – Қазақстан дейтұғын!

    Көкше, Баян, Қарқаралы, Алатау
    Тоңы – алтын, түгі – торқа жер мынау.
    Қарағанды қара қазан қайнаған
    Дүние байлық тұрған жайнап айналам,
    Елдігіме етер шүбә қандай жау?!

    Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы,
    Баршы өзің, көңіл қойып тыңдашы!
    Тұр ғой соғып туған дала жүрегі.
    Жеріміз бар қасиетті, киелі
    Сен бақытты, атам қазақ баласы!

    1. Олай болса, біз өзіміздің еліміз, жеріміз туралы толық білуге міндеттіміз. Ал, ол қандай мемлекеттермен шектеседі екен? Қане, мына мемлекет аттары жазылған қағаздарды таңдау арқылы алып, орналастырайық. Мысалға, (мұғалім өзі алып көрсетеді) Ресей Федерациясы (алып Қ.Р. әкімшілік – аумақтық картасының солтүстік бөлігіне, географиялық орнына орналастыру). Шекарасының ұзындығы 6467 км. Ал қалған 4 мемлекетті оқушылар орналастырып, жауап берулері керек.
    Қытый Халық Республикасы – 1460 км.
    Өзбекстан – 2300 км.
    Қырғызстан – 980 км.
    Түрікменстан – 380 км.
    Ұпай саны 5 баллдық жүйемен есептеледі.
    5 болса , 4 болса , 3 болса деп бағаланады. Әр турдан кейін геометриялық пішіндер топ жетекшілеріне беріліп отырылады.
    2. Еліміздің шекараларын анықтадық, енді мемлекеттердің шеткі нүктелерін мына кескін карталарға (таратып беру) белгілеу керек. Дайын болғанда жалаушаны көтересіңдер. Осы кезде уақыт тоқтатылады (барлық топтың жасаған жұмысын жинап алып, тексеріп, жылдамдықтарын есепке ала отырып қорытындысын шығару).
    Солтүстігінде - 55° 26´ с.е.
    Оңтүстігінде - 40° 56´ с.е.
    Батысында - 45° 27´ ш.б.
    Шығысында - 87° 18´ ш.б.
    3. Енді осы кескін картаға Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық бөлінуін түсіріңдер. Уақыт – 5 минут. (Сол бойынша бағалап, геометриялық пішіндер таратып беру).
    4. Жер беті неше сағаттық белдеуге бөлінгенін анықтаңдар.
    Еліміздің аумағында неше сағаттық белдеу орналасқан?
    Семей қаласы қай сағаттық белдеуде орналасқан?
    Ал, қазір тапсырмадағы берілген есептерді шығарайық. Қай топ есепке мықты екендігін байқап көрелік. Мұнда да барлық есептерді шығарып болғаннан кейін жалаушаны көтереміз. (Әр есептен бастап бірінші бір топтан дауыстап оқыта отрырып сұрау. Дұрыс, дұрыс еместігін айтпастан бұрын басқа үш топтың да жауабын сұрап өту. Дұрыс, қателігіне байланысты ұпай есептеу. Ал, келесі екінші есепті басқа бір топтан сұрау. Қате шығарса, түсіндіріп өту).
    Жауаптары:
    а) 81° ш.б. орналасқан Семей қаласында сағат 16.00 болғанда, 74° б.б орналасқан Нью – Йоркта сағат неше болады?
    Жер шары 360° : 24 сағ. = 15
    1º - Х мин.
    15 - 60 мин.
    1° х 60 мин.
    Х = = 4 мин.
    15°
    1° = 4 мин.
    Семей 81° ш.б. сағ. = 16.00
    Нью – Йорк 74° б.б. сағ. = ?
    81° ш.б. + 74° б.б. = 155°
    155° х 4 мин. = 620 мин.
    620 мин. : 60 мин. = 10 сағ. З0 мин.
    16.00 – 10 сағ. 30 мин. = 5 сағ. 30 мин.
    Жауабы: Нью – Йоркта таңғы сағ. 5.30.

    ә) Семей қаласында 10 қыркүйектегі таңғы сағат 8.00 болғанда, 117° б.б Сан – Диего қаласында қай күннің қай уақыты болады?
    117° б.б. + 81° ш.б. = 198°
    198° х 4 мин. = 792 мин.
    792 мин. : 60 мин = 13 сағ.
    Жауабы: 19.00 (кешкі сағат 7), 9 қыркүйек

    б) Семей қаласында 10 қыркүйектегі кешкі сағат 22.00 болғанда, 139° ш.б. орналасқан Токиода қай күнгі қай уақыт болады?
    139° - 81° = 58°
    58° х 4 мин. = 232 мин.
    232 мин. : 60 мин. = 3 сағ.
    22.00 + 3 сағ. = 1.00
    Жауабы: түнгі сағат 1.00 (11 қыркүйек).
    в) Оқулықтың 13 бетіндегі картаны пайдаланып, Семейден таңғы сағат 9-да ұшып шыққан ұшақ 3 сағаттан соң 2-ші сағаттық белдеуде орналасқан Мәскеуге, 4 сағаттан соң 1-ші сағаттық белдеуде орналасқан Берлинге қонды. Ұшақ қонған кездегі Мәскеудегі және Берлиндегі жергілікті уақытты анықтаңдар.
    Семей 5-ші сағаттық белдеу – сағ. 9.00
    Мәскеу 2-ші сағаттық белдеу - ?
    5 – 2 = 3 сағ.
    9 сағ. – 3 сағ. = 6 сағ. (Мәскеу)
    2-ші белдеу (Мәскеу) – 1-ші белдеу = 1 белдеу
    6 сағ. (Мәскеу) – 1 сағ. = 5 сағ. (Берлин)
    Жауабы: Мәскеуде сағат 6.00
    Берлинде сағат 5.00
    Ең соңында геометриялық пішіндерді жинап, сол бойынша қосындысын шығарып, бағалау.
    Категория: География | Добавил: altyna_20 (24.10.2014)
    Просмотров: 1614 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024