В помощь педагогу.
Пятница, 03.05.2024, 11:42
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » География

    «Шоқаны бар ел- шоқтығы биік ел».
    Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы
    Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі
    Оспанова Майра Сауытбаевна
    география пәні мұғалімі.


    Сабақтың тақырыбы: «Шоқаны бар ел- шоқтығы биік ел».

    Сабақтың мақсаты: Оқушыларда Шоқан Уәлиханов туралы толық білім қалыптастыру .

    Сабақтың міндеттері:
    1. Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ұлы ғалымы, жазушысы және саяхатшысы
    Шоқан Уәлихановтың өмірі, өмір сүрген ортасы, ғылымға қосқан үлесі
    жайлы кең түрде мағлұмат беру, оның ұрпаққа қалдырған ұлы мұраларын
    үлгі ету.

    2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше ізденіп, білім алу білу қабілеттерін
    қалыптастыру, шығармашылық ізденіске баулу.

    3. Тәрбиелік: Оқушылардың бойында халқымыздың біртуар ұлы ғалымы Шоқанның өміріне деген қызығушылық сезім ояту және ғалымға құрмет рухында тәрбиелеу.

    Сабақтың типі: Жаңа білім беру ізденіс сабағы.

    Сабақтың түрі: Әдеби-географиялық кеш.

    Сабақтың әдісі: аралас

    Сабақтың көрнекілігі: Ш.Уәлихановтың және оның орыс достарының суреттері, слайдтар,
    нақыл сөздер, баспасөз материалдары, карта, интерактивті тақта, интернет мәліметтері.

    Пәнаралық байланыс: тарих, география, әдебиет

    Сабақтың барысы:

    І. Ұйымдастыру бөлімі.
    а) оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрау.
    ә) оқушыларды түгендеу.

    Жүргізушілерді белгілеп алу

    ІІ. Сабақты бастау.
    Мұғалімнің кіріспе сөзі:

    Балалар, бүгін біз қазақ халқының ұлы ғалымы, жазушысы әрі саяхатшысы Шоқан Уәлиханов жайлы әдеби-географиялық кеш өткізгелі отырмыз. Бұл кеште біз Шоқан жайлы көптеген мағлұматтар аламыз.

    Кеш бөлімдері:

    І-бөлім: «Топтастыру» арқылы Шоқанның кім екендігін ашып алу.
    ІІ-бөлім: Шоқан туралы баяндама. ІІІ-бөлім: Шоқан туралы ақын-жазушылардың жырлары.

    ІV-бөлім: Шоқан туралы қысқаша естеліктер.
    V-бөлім: Сұрақ-жауаптар.
    VІ-бөлім: Шоқанның еңбектерімен танысу.
    VІІ-бөлім: Шоқан саяхаттары кезеңдері бойынша кесте толтыру.
    VІІІ-бөлім: Ойын бөлімі.
    Енді кезекті жүргізушілерге береміз.

    1-жүргізуші: Әр уақыттың әр кезеңінде халықтың біртуар данышпандары дүниеге келген.
    Ондай дана перзенттер біртұтас бір тарихи кезеңдегі халықтың мәдени өлшеміне, рухани биігіне айналып отырған. Сондай адамдардың бірі—ХІХ ғасырда өмір сүрген, кейінгі ұрпаққа рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған дана ғалым Шоқан Уәлиханов.

    2-жүргізуші: Иә, қазақ сахарасында «құйрықты жұлдыз» атанған Шоқан Уәлихановтың есімі
    мәңгі ұмытылмайды. Шоқанның таланты телегей теңіз, оның ғалымдық өрістері ұлан байтақ
    биіктерге серпіліп жатады. Сіздердің назарларыңызға «Шоқаны бар ел- шоқтығы биік ел»
    атты кешімізді ұсынамыз. (күй баяу естіліп тұрады)

    1-жүргізуші: Кешіміздің басында «Топтастыру» арқылы Шоқанның кім екендігін ашып аламыз.

    Интерактивті тақтада топтастыру
    2-жүргізуші: Назарларыңызға «Шоқан Уәлиханов—қазақтың жарық жұлдызы» деген
    тақырыптағы баяндаманы ұсынамыз. Оқитын: 7 сынып оқушысы:

    1-жүргізуші: Кезек оқушыларға (Оқушылар Шоқан туралы ақын-жазушылардың жырларын
    оқиды)

    1-оқушы: Арғы атасы Шоқанның Абылай хан,
    Тараған үрім-бұтақ Абылайдан.
    Ұрпағы текті атаның болғаннан соң,
    Дарыған артық талап ақыл-айлаң.

    2-оқушы:
    Абылайдың тұңғышы Уәли хан,
    Уәлихан баласы Шыңғыс атаң.
    Шыңғыстан дара туған жалғыз Шоқан,
    Еске алып, бас иеді ұрпақ саған.

    3-оқушы: Халқымның ұлы ғалымы,
    Артық туған дарынды.
    Атқарған істер алымды,
    Өзіне тартар бәріңді.

    4-оқушы: Ал, қанеки тыңдайық,
    Ақыл-есті жинайық.
    Өмір жолы бізге үлгі,
    Шоқанды біз жырлайық!

    5-оқушы: Бұдан 179 жыл бұрын,
    Жерінде бекініс-Құсмұрын.
    Кіндік қаны тамыпты,
    Тарих куә, анық-ты.

    6-оқушы: Қостанайдың елінде,
    Торғай, Есіл белінде.
    1835 жылы қараша ішінде,
    Келді өмірге Шоқаным
    Кең жазира шебінде.

    7-оқушы: Анасы Зейнеп болады,
    Шорман бидің баласы.
    Мәпелеп ұлын өсірген,
    Текті Шоқан анасы.

    2-жүргізуші: «Шоқан тұлғасы таусылмайтын сырға бай, ғажайып тұлға ғой. Кейде өзіңмен өзің болып ой кешіп отырғанда, Шоқан өмірде рас болды дегенге сеніңкіремейтінім рас. Келте ғұмырына соншалықты мол еңбекті қалай ғана сыйдырған десеңізші»-деген Шыңғыс Айтматов.

    1-жүргізуші: «Әлемдік ориеталистикада бір ауыздан мойындалатын саңылақ ғалымдар көп емес, санаулы ғана..Сол санаулылыр ортасында бірегей тұлғалардың бірі- қазақ ғалымы
    Шоқан Уәлиханов деп білемін»-деген Қоңыр Мандоки


    2-жүргізуші: Иә, Шоқан артында өлшеусіз мұра қалдырды. Ғалымның хаты өлмейді дегендей, Шоқанның өмірі мен ғылыми қызметі ешуақытта өлмек емес. Ғасырлар өткен сайын оның бейнесі тұлғаланып, келер ұрпақтың алдынан шықпақ. Өйткені, ол барша халықтыц сүйіп, оларды ұлтқа, нәсілге, жынысына бөлмей бүкіл адамзат үшін аянбай еңбек етті.

    1-жүргізуші: Шоқан туралы шығыстанушы ірі ғалым И. Веселовский «Шоқан Уәлиханов жарқыраған жұлдыздай жарқ етті. Орыс ориенталистері оның өмірге келген таңқаларлық құбылыс екенін бірауыздан мойындады және оның түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы маңызды жаңалықтар ашады деп күтті» деген еді.

    2-жүргізуші: Назарларыңызға Шоқан өміріне байланысты сұрақ-жауаптарды ұсынамыз.

    Сұрақтар:

    1. Шоқанның әкесінің аты. ( Шыңғыс)
    2. Шоқанның орыс досы . ( Ф.МДостоевский)
    3. Шоқанның атақты саяхаты. ( Қашқар)
    4. Шоқанның арғы атасы ( Абылай)
    5. Шоқан зерттеген қырғыз жыры ( Манас)
    6. Шоқанға ықпалы тиген орыс ақыны ( Дуров)
    7. Шоқанның Қашқарға барғандағы есімі ( Әлімбай)
    8. Шоқанның шешесінің аты ( Зейнеп)
    9. Шоқанның азан шақырып қойған аты ( Мұхаммед-Ханафия)
    10. Шоқан 1856 жылы қай ақынмен кездесті ? ( Сүйінбай)
    11. Шоқанның немере інісі, елтаңба авторы ( Шот-Аман)
    12. Кеңес дәуірінде Шоқан жайлы жазған ғалым ( Ә.Марғұлан)

    1-жүргізуші: Шоқан-әдебиет зерттеушісі, очеркист-жазушы, фольклоршы, тарихшы. Шоқан экспедиция құрамымен көптеген өңірлерді аралаған кезде бірнеше еңбектер жазған.

    Соның бірнешеуімен таныстырып өтейік: «Жоңғария очерктері», «Қытай империясының батыс провинциясы», «Құлжа қаласы», «Қырғызстан туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қазақ поэзиясының түрлері», «Алты шахарға сапар»

    2-жүргізуші: Шоқан- аудармашы және зерттеуші Ол қырғыздың «Манас» жырын аударған және Грецияның «Илладасы» мен «Одиссеясын», үндінің «Рамаянасын», кавказдың «Ходжагиян»
    және «Ер Тарғын», «Қобыланды», «Алпамыс» және «Едіге батыр» эпостық жырларын зерттеген.

    1-жүргізуші: Енді назарларыңызға Шоқанның саяхаты кезеңдері бойынша хронологиялық кестені толтыруды ұсынамыз.

    № 1 кесте

    Кезеңдер Қандай оқиғалар болды?

    1856-1858 жылдары

    1835 жылдың қараша айында

    1857 жылы 27 ақпанында

    1971 жылы

    1853 жылы

    № 2 кесте

    Кезеңдер Қандай оқиғалар болды?

    1842 жылы

    1854 жылы

    1855 жылы

    1861-1862 жылдары

    1987 жылы


    2-жүргізуші: Келесі бөлімде «Артығын тап» және «Картадан тап» ойындары ойналады.

    1-ші ойын: «Артығын тап»

    1. Шоқан Уәлиханов
    Ғалым Құрылысшы Саяхатшы

    2. Шоқан Уәлиханов саяхат жасаған жерлер
    Қашқарияға Ыстықкөлге Текеліге

    3. Шоқанның шығармалары
    «Абай жолы» «Манас» «Алты шахарға сапар»

    4. Шоқанның ескерткіші орнатылған жер
    Алтынемел
    Астана Алматы

    5. «Аққан жұлдыз» романының авторы
    С. Дөнентаев
    С. Мұқанов С. Мәуленов

    2-ші ойын: «Картадан тап»

    Геогрфиялық картадан Шоқанның саяхат жасаған жерлерін кім көрсете алады?

    Картадан мына жерлерді көрсету керек.

    1. Жетісу
    2. Тарбағатай
    3. Орталық Қазақстан
    4. Іле Алатауы
    5. Жоңғар Алатауы
    6. Ыстықкөл
    7. Қашқария
    8. Құсмұрын

    Қорытынды:

    2-жүргізуші:
    Иә, айта берсек Шоқан таусылмайтын жыр, сарқылмайтын сыр. Халқымыздың ұлы перзенті. Өз елінің теңдігімен өрлеп, дамуы, елдік дәрежесі туралы армандап кетсе, ұрпақтары сол армандарды бүгінгі таңда жүзеге асырып, егеменді еліміз дүниежүзілік өркениетті елдердің қатарында тұрғанын мақтанышпен айта аламыз. Еліміздің шоқтығы биіктей түссін. Шоқандай болып, өз Отандарыңды шын сүйетін азамат болыңдар

    1-жүргізуші: Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет!

    Источник: http://«Шоқаны бар ел- шоқтығы биік ел».
    Категория: География | Добавил: майра (15.01.2015) | Автор: Оспанова майра
    Просмотров: 2247 | Комментарии: 2 | Теги: «Шоқаны бар ел- шоқтығы биік ел». | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 2
    2 Серикбеккызы  
    Құрылған сабақ жоспары ұнады. Тәжірибемен бөліскеніңізге рахмет.

    1 Зекеновна  
    Оқытушының ізденісі жасаған жұмысынан көрініп тұр, сабақ мазмұны жақсы құрылған. Оқушылар көп қызықты мағлұмат алды  деп ойлаймын. Творчестволық табыс тілеймін.

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024