В помощь педагогу.
Пятница, 03.05.2024, 11:26
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » География

    открытый урок
    Сабақ № 60
    Күні: 23.04.15-24.04.15
    Сыныбы: 6А,Б
    Тақырыбы: №6 практикалық жұмыс «Өз өлкесінің табиғат зонасына сипаттама жасаудың жоспары және шығармашылық сипаттама»
    Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаты: табиғат комплексінің зоналары деген ұғымды әрі қарай жетілдіре түсіндіру.
    Сабақтың міндеті:
    1. Қазақстанның орманды дала және дала тақырыбы бойынша оқушыларға табиғат комплексінің зоналары деген ұғымды әрі қарай жетілдіре түсіндіру.
    2. Табиғат компоненттерінің өзара байланысы табиғат зоналарының дамуына ықпал ететіні жөнінде ұғымды оқушылардың санасына жеткізу.
    3. Оқушыларды картаны пайдалану арқылы табиғат зоналарына жинақы сипаттама құрастыра алуларына баулу.
    4. Оқушылардың дала және орманды дала зонасының табиғатын ұқыптылықпен сақтап, тиімді пайдалану жолындағы көзқарастарын қалыптастыру.
    Көрнекі құралдар: физикалық, ауа-райы, табиғат зоналарының картасы, суреттер, гербарийлер, қолдан жасалған жануарлардың бейнесі (муляжи).
    Сабақтың барысы: Мұғалім оқушыларға мынандай тапсырмалар береді.
    1. Табиғат зоналарының картасына қарап, Қазақстан территориясында табиғат зоналарының қандай түрлері бар екенін анықтаңдар.
    2. Қазақстанның табиғат зоналары картасын физикалық картасымен салыстырып қорытынды жасаңдар.
    3. Қазақстанның табиғат зоналары картасын климатының картасымен салыстырыңдар. Қорытынды жасаңдар.
    4. Қазақстанның табиғат зоналарына ықпал жасайтын факторларды анықтаңдар. Мұғалім осы тақырып жөнінде жұмыс ретімен оқушыларды таныстырады. Бірнеше сабақ бойынша барлығымыз ой жүзінде зоналарды аралап қайтамыз. Бүгін біз тек орманды дала және дала зонасын ғана аралаймыз. Жол бойы күнделік жазамыз. Кейбір зоналарда ерекше жағдай жөнінде тұған-туыстарыңа хат жазасыңдар. Қазақстанның табиғат зоналарына саяхат күнделігі. Күнделікке не жазамыз? Қысқаша әңгіме, әртүрлі өсімдік пен жануарлар туралы мәлімет жазуға болады. Енді бір табиғат жанашырының Арқа даласы туралы жазған әңгімесін тыңдайық. Алдыңыздан көк жиекпен шектесіп жатқан ұшы-қиыры жоқ керемет дала шығады. Көктемде алдыңыздан гүлге бөленген жасыл кілемі әртүсті ашық өрнегін жайып салады, қош иісі аңқыған шөптеріне сыңғырлата ән салған музыкант шегірткелердің үні қосылып керемет әсер қалтырады. Жазда оның кең жазығы ақселеу даланы теңіздей толқытады. Ал екінші жерде бүкіл жер бетіне бидайдың алтын дәні шашырап жатқанындай болып көрінеді. Жаздың екінші жартысында дала күнге күйіп, сардалаға айналады. Бұл кезде жолаушыны арқа даласы қапырық демімен, жолсыз даласымен қарсы алады. Осы кезде далада алтын бидай пісіп жайқалып тұрады. Бұл кезең далада арқада еңбек кезеңі болып есептеледі. Күзгі жауын қурап қалған шабындықты жандандырады. Тағы да біраз уақытта шөп бетеге, бидайықтар көгеріп, үй жануарларының жайылуына жарап қалады. Бірақ та дала тез арада қурап тіршіліксіз сұрғылт далаға айналады. Әр жерде желге ілесіп домалап жүрген қаңбақты көруге болады. Ақырында даланы аңызақ суық боран мен аязы қысып қыс құрсауға алады. Егерде бір уақытта сендер өз республикаңа саяхат жасай қалсаңдар әңгіме жазуды үйреніңдер. Ол жұмысты қазірден бастауға болады.
    Мұғалім: бірінші қатар дала зонасына, екінші қатар орманды дала зонасына саяхатқа аттаныңдар.
    Стол үстінде оқушылардың географиялық атластары, оқулықтары, қабырғада суреттер, фотосуреттер ілу тұрады.
    Оқулықтан тексті оқып шығып, соның негізінде күнделік жазу керек. Жазбаларыңды қызықты, мазмұнды етуге тырысыңдар. Өзеннің, көлдің, ойпаттың аттарын жазуды ұмытып кетпеңдер. Оқушылар жұмыстарын аяқтаған соң мұғалім бірнеше оқушының жазбаларын дауыстап оқуды сұрайды.
    Осыдан кейін үйге тапсырма беріледі (156-162 бет).
    Сұрақтар мен тапсырмалар:
    1. Қазақстан табиғат зоналары картасын жер бедері және климат карталарымен салыстыра отырып сипаттама беріңдер.
    2. Орманды дала және дала зоналарының топырақ ерекшелігіне сипаттама беріңдер.
    3. Кескін картаға орманды дала, дала зоналарын түсіріңдер.

    Источник: http://география
    Категория: География | Добавил: айнат (11.05.2015) | Автор: Кайргалиев Каирбек Еркенгалиевич
    Просмотров: 1680 | Теги: открытый урок | Рейтинг: 5.0/1
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024