В помощь педагогу.
Пятница, 03.05.2024, 10:51
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Оцените мой сайт
    Всего ответов: 79
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » География

    Жер құрылысының жалпы сипаты
    Сабақтың тақырыбы: Жер құрылысының жалпы сипаты
    Сабақтың мақсаты:
    Білімділігі: Оқушыларға материктерді, мұхиттарды, теңіздерді, көрсете білу және сипаттай алу. Тақырыптағы өзекті мәселе жердің әрбір қабығы өзіне тән заттардан тұратындығы. Олардың үнемі қозғалыста болуы, ондағы болатын құбылыстардың ерекшелігі туралы ұғым қалыптастыру.
    Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдылығын, оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
    Тәрбиелілігі: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу, дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру, өз бетімен оқып-үйренуге тәрбиелеу.
    Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: интерактивті тақта, постерлер, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус.
    Сабақ түрі: Аралас сабақ.
    Сабақ барысы:
    І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру.
    ІІ. Үйге берілген тапсырма. Ай-Жердің серігі
    Аспан денелерінің арасындағы Жерге ең жақыны не?
    Жер мен Айдың ара қашықтығы неше?
    Айдың диаметрі Жерден неше еседей аз?
    Ай Жерді қанша тәулікте айналып өтеді?
    Күн жүйесіндегі қай ғаламшарлардың серігі жоқ?
    Ай бетіндегі ғарышкерлердің іздері не себепті ғасырлар бойына сақталған?
    Толысу дегеніміз не?
    ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
    Біздің ғаламшарымыз ортасындағы ядросынан бастап атмосфераның жоғарғы бөлігіне дейін бірнеше қабаттардан тұрады (атлас 1-бет) Литосфераның жоғарғы қабаты (жер құртысы) жер бетіндегі барлық сулар-гидросфера, жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын қосып-бұл аралықтарды географиялық қабық деп атаймыз.Географиялық қабықтың пайда болуынан ірі табиғат кешендері-материктер мен мұхиттар қалыптасты. Дүние жүзінде алты материк немесе алты құрлық бар. Еуразия, Африка, солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида. Ал, мұхиттардың саны төртеу. Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды мұхит. Жердің даму тарихында материктер мен мұхиттардың саны мен пішіні бірнеше рет өзгерген. Жалғыз қалған Пангея деген құрлықтан және Панталасса деген мұхиттан тұрған уақытта болған. Кейіннен Пангея Лавразия және Гондвана деген екі материкке ажыраған. Олардың арасында Тетис теңізі (мұхиты) пайда болған. Кейіннен ірі материктердің одан әрі бөлінуінен Атлант, Үнді, және Солтүстік мұзды мұхит пайда болды. Ал Тынық мұхит ежелгі Панталассаның қалдығы. Қазіргі таңда материктер біртіндеп Тынық мұхитқа қарай жылжуда.
    Сабақты бекіту сұрақтары:
    -жер құрылысына сипаттама
    -жер құрылымы қандай
    -жер құрылымын зерттеген ғалымдар
    Қорытынды
    Үйге тапсырма:тақырыпты оқып,түсінік айту,Жер-шар тәріздес дене реферат жазу.
    Категория: География | Добавил: Макося (06.11.2015)
    Просмотров: 1008 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024