В помощь педагогу.
Пятница, 03.05.2024, 20:30
Форма входа

Категории раздела
Русский язык и литература [48]
Казахский язык и литература [65]
Английский и немецкий языки [23]
Математика и геометрия [38]
География [22]
Химия [12]
Биология [19]
Физика [4]
История и обществоведение [26]
Физкультура [25]
НВП, ОБЖ [3]
Самопознание [12]
Технология [17]
Начальная школа [77]
Дошколёнок [28]
Школьный психолог [18]
Уроки музыки [20]
Компьютеры и информатика [15]
Классному руководителю [17]
Директору и завучам [1]
Школьная библиотека [2]
Регистрация
Полезные сайты
  • Сайт "Учительский мир"
  • Мини-чат
    300
    рек
    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Наш опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Опрос
    Кто посещает наш сайт?
    Всего ответов: 227
    Часы
    Block title
    $MYINF_990
    вам
    Курс валют
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
    Погода
    Астана
    Время жизни сайта
    Поиск
    Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Приветствую Вас Гость | RSS
    Каталог статей
    Главная » Статьи » Предметы и уроки » География

    Экология және адам
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
    СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ
    Есіл ауданы
    «Тауағаш орта мектебі» КММ

    Смағұлов Даниял Мейрманұлы
    9-сынып оқушысы

    Ғылыми жобаның тақырыбы:
    «Экология және адам»

    Бағыты: табиғат ортасы – «Қазақстан – 2030» стратегиясын іске асыру
    Секция: биология
    Пәні: география

    Ғылыми жоба жетекшісі: География пәнінің мұғалімі Сабитов Қ.М.

    Явленка 2015 жыл

    Аңдатпа:Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан зерттей отырып,экологиялық проблемаларды шешу жолдарын қарастыру
    Аннотация:Рассмотреть пути решение проблемы экологии, исследуя экологию человека с научной стороны
    Annotation:To reseach the peoples ecolody by the scientific position,to consider ways of solvind the ecolodical problems

    Мақсаты:
    Ғаламдық, аймақтық экологиялық мәселелердің пайда болу себептері мен оларды шешу жолдарын зерттеуде өз беттілігін және компоненттілігін дамыту.
    Міндеттері:.
    1. Ғаламдық экологиялық мәселелердің туындау себептерін және оның шешу жолдарын өз беттерінше белсенділік көрсетуге бағыттау.
    2. Табиғаттағы өзгерістер мен құбылыстарды, биосфераның тұрақты дамуындағы ауытқуларды экологиялық тұрғыда түсіне алуы және қоршаған ортаға, мәдени жауапкершілігін арттыру.
    3. Экологиялық білімді теориялық жағынан негіздеу .
    Өзектілігі:
    Экологиялық жағдай бүгінгі таңдағы кезек күттірмейтін күрделі мәселелердің бірі. Әлемдегі, еліміздегі ғаламдық экологиялық мәселелерді оқып, талдайды,мәселелерді шешудің жауаптарын табуға және жер шарында ғаламдық экологиялық апаттың болмауына жол бермеуге көмектеседі. Оқушылардың қызығушылығын арттырады. Экологиялық саналылықты дамытады.

    Нысаны:
    География және биология ғылымдарымен байланысып жатқан экология саласының бір бөлімі- ғаламдық экология.
    Болжамы: экологиялық сауатты, қоғамдағы өзгерістерді пайымдап, табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарауға, экологиялық қолайсыздықтардың алдан алуға ұмтылады.

    Күтілетін нәтижелер.
    Жоба қорғау барысында оқушылар болашақ азамат ретінде икемдік, қолданбалы іс-әрекеттерді орындай алады және зерттеу жұмыстарын қорытындылап, дәлелдеп береді.
    1. Қазақстанның экологиялық апатты аймақтары, ауасы, өзен-көлдері, топырағының экологиясы, ластану жөнінде нақты мәліметтер жинақтап, дәлелдейді.
    2. Оқушы ауа, су, жер ресурстарының ластанбау жолдарын ұсынады;
    3. Өз өлкесінің табиғи байлықтарын жіктей алады;
    4. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға ат салысады;
    5. Өлкелік топ серуен, саясат жасау барысында бақылаулар жүргізе отырып, қорытынды есеп жасайды;
    6. Өлкенің топографиялық картасында және де жергілікті жердің жоспарын жасап, экологиялық жағдайы нашар жерлерді белгілеп көрсетеді;
    7. Экологиялық мәселелер жөнінде эссе жазады;
    8. Басылымдар, газет-журналдарға мақалалар және ғылыми зерттеу жұмыстарын жазады;

    Кіріспе
    Қоршаған ортаны қорғау болашақ ұрпақтар үшін қажет. Табиғат ресурстар
    ының бай қорлары флора мен фаунаны,алуан түрлі ландшафтарды қорғауды
    және сақтауды қажет етеді. Соңғы жылдарда еліміздегі қоршаған орта үлкен
    өзгерістерге ұшырауда.Оның себебі адам санының өсуі, индустриализация мен
    урбандалу, табиғаттағы шикізат қорларын көптеп пайдалануынан. Қазіргі эколог
    иялық жағдай табиғаттың өзгеріске ұшырауына, табиғи қалпын ұстап тұруға
    мүмкіндіктерінің азаюына байланысты бұзылуда.
    Табиғатты оның ресурстарын ұтымды пайдалану мемлекет тарапынан
    қарастырылатын мәселе.Қазақстан әр түрлі табиғат қорғау ұйымдарына мүше.
    БҰҰ тұрақты даму комиссиясына мүше.Қазақстан даму стратегиясының ішінде
    экологиялық қауіпсіздік басым бағыттарының бірі болып табылады. Мақсаты
    қоғам мен қоршаған орта үйлесімділігін және қолайлы тіршілік ортасын сақтау.
    Мақсат пен міндеттерге сай төрт басым бағыт белгіленген: экологиялық қауіпсіз
    қоршаған ортаны құру, табиғат ресурстарының тепе-теңдігін сақтай отырып
    пайдалану, жануарлар мен өсімдік дүниесін сақтай отырып, экологиялық білімді
    жақсарту.



    3
    Мазмұны:
    I. Ғаламдық:
    -климаттың өзгеруі;
    -озон қабатының тесілуі;
    -биологиялық алуан түрліліктің кемуі;
    -шөлейттену;
    II. Ұлттық:
    -Арал теңізі мен Балқаш көлінің тартылуы;
    -Каспий теңізінің шельфтік жағалауын игеру;
    -су ресурстарының тапшылығы;
    -ғарыштық зымыран және әскери жаттығу кешендерінің әрекеттері;
    -ауа бассейнінің ластануы;
    III. Жергілікті:
    -өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтар;


    4

    Климаттың өзгеруі. Қазақстан 1995 жылдан бері атмосферадағы көміртекті
    отынның жануынан пайда болатын парник газының көлемінің ұлғаюына орай
    жалпы ғаламдық жылынуға байланысты, дүниежүзілік қозғалысқа қатысады.
    Орталық Азия кеңістігінде ауаның ластануы жөнінен, парник газдарының жалпы
    ішкі өнімге шаққандағы көрсеткіші бойынша Қазақстан бірінші орында.
    Көмірқышқыл шығарудан энергетика саласы, әсіресе көмір өнеркәсібінің үлесі
    мол. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас - мәңгілік және тұтас күрделі
    мәселе.Халықтың өмірлік қарекетіне, әсіресе денсаулығы мен өсіп – өнуіне
    тікелей немесе әлеуметтік- экономикалық жағдай арқылы жанама түрде табиғи
    ортаның құрамдас бөліктері мен олардың жиынтығы – атмосфералық ауа, таби
    ғаттағы су, топырақ жамылғысы, геологиялық құрылым, өсімдіктер әлемі мен
    жануарлар дүниесі, сонымен қатар табиғат құбылыстары мен барлық биосфера
    да жүретін процестер ықпал етеді. Табиғат арқылы адамзат өзінің көптеген
    қажеттілігін қамтамасыз етеді.
    Адамзаттың қоршаған ортаға белсенді әсері оның табиғат сыйын
    шаруашылық іс – әрекетінде барынша пайдалануы барысында айқын көрінуде.
    Табиғатты тиімді пайдалану ережесінің бұзылуы салдарынан орны толмайтын
    ресурстар қатарына соңғы уақытта тұщы су, оттегі, т.б. қосылды, себебі бұларды
    өндіру табиғаттың өздігінен қалпына келу мүмкіндігінен асып түсуде.Осыған
    байланысты экологиялық проблема күрделене түсуде. Зауыт пен фабрикалардың
    жеңіл көліктердің түтіні ауаға көптеп таралуынан және т.б. газдардың атмосфера
    ға ұшуы өзінің зиянын тигізіп жатыр. Климаттың өзгеруіне байланысты ғылыми
    болжамдар жасауға болады. Біріншіден , XXI ғасырдың соңында атмосферадағы
    көмірқышқыл газының (СО2) үлесі екі есе артып, жер бетіндегі температура
    5
    3-50 С-қа көтерілуі мүмкін. Бұл жағдайда жылынудың күшті байқалуы жоғары
    ендіктерге келіп, солтүстік жартышардың қоңыржай ендіктерінде едәуір құрғақ
    тау болады. Екіншіден, мұндайда температураның жоғарлауынан жер бетіне
    жақын жатқан су Дүниежүзілік мұхит деңгейінің 20- 165 см-ге дейін көтерілуіне
    мүмкіндік береді.Ал Антарктиданың мұз құрсауынан еруі үшін өте жоғары
    температура қажет, сондықтан оған қауіп жоқ. Үшіншіден , атмосферадағы
    көмірқышқыл газының шоғырлануы ауылшаруашылық дақылдарының шығым
    дылығынақолайлы әсер етуі мүмкін.Төртіншіден жоғары ендіктердегі табиғи
    жайылымдар мен орман температура өзгшерісін тез сезеді. Жылу орман
    ауданының азаюына, оның шекарасының солтүстікке қарай шегінуіне мүмкіндік
    береді.
    Озон қабатының тесілуі. Табиғатты ұтымсыз пайдалану нәтижесінде қоршаған
    ортаның бүлінуі, қатты сұйық және газ тәрізді қалдықтармен ластануы, радио
    активті қалдықтармен улануы ғаламдық экологиялық проблемалардың
    айтарлықтай шиеленісуіне әкелді. Кейбір елдерде экологиялық проблемалардың
    шиеленісуі экологиялық дағдарысты тудырды. Эколгиялық дағдарысты және
    апатты аудандар туралы түсінік пайда болды.
    Дүниежүзілік Метеорология ұйымы мәліметтері бойынша соңғы 25 жылда озон
    қабатының бүлінуі 10 % -ға жеткен.Қазақстан аймағындағы озон қабатының
    қалыңдығы 1975 жылы 5 – 7 %-ға кеміді.
    Биологиялық алуан түрліліктің кемуі. Қазақстан аумағында өсімдіктердің
    6000 түрі кездеседі.Қазақстанның Қызыл кітабына өсімдіктің 404 түрі енген.
    Соңғы он шақты жылда Шығыс Қазақстандағы қарағайлы орман сілемдерінің
    көлемі 20-% -ға кеміді.Шамадан тыс табиғат қорын пайдалану өсімдіктер мен
    6
    жануарлар түрінің азаюына, құрып кетуіне әкеліп соғады.Генетикалық жағы
    нан жоғалып кету қаупінің барлығы экологиялық жүйелердің бұзылуынан
    екендігі сөзсіз.Қазақстанның жануарлар дүниесі омыртқалылардың 835 түрі
    және омыртқасыздардың 100 мыңға жуығы, олардың ішінде сүтқоректілердің –
    40, құстардың – 57, бауырымен жорғалаушылардың -10, қосмекенділердің – 3,
    су жануарларының сирек және жоғалуға жақын қалған түрлері бар.


    Шөлейттену. Қазақстанның көпшілік аймақтары құрғақ белдеулерде жатыр,
    оның 66 % -ы шөлейттенуге ұшырауда.Алдын ала есептеулер бойынша шөлге
    айналудан жайылымдық жерлердің нашарлауы деградациясы 300 млрд теңге
    шамасындағы шығынға әкелді.Ауыл шаруашылығын экстенсивті пайдалану
    7
    барысында дала және орманды дала, табиғи ландшафтарын құртуда. Суармалы
    егістік жерлерде суару технологиясы ескірген.Қазақстан сияқты үлкен мемлекет
    үшін табиғат жағдайы соншалықты әр түрлі емес. Қазақстан аумағы түгелдей бір
    климаттық белдеуде орналасқан. Ландшафтарының 2/3 бөлігін құрғақ, су
    жетіспейтін шөлді жерлер алып жатыр.Қоңыржай белдеудің басқа
    ландшафтарына қарағанда органикалық заттарды және оттекті аз бөліп
    шығарады.Қазақстанда - үлкен аумақты алып жатқан жерде экологиялық
    процестерді реттеуші нысан (ірі орман массивтері) жоқ. Орман атмосфераға
    оттекті ең көп мөлшерде шығарады, ал батпақтармен бірігіп көміртегін ең
    көп жұтатындар.Сондықтан да табиғи ортаны табиғи жолмен тазарту қабілеті
    төмен. Одан бетер қабілетінің төмендеуіне себепші табиғи ландшафтарының
    бұзылуы.Қазақстан аумағының 80% -ын шөлейт, шөл және тау сияқты табиғат
    тың нәзік кешендері алып жатыр.Бұл жерлер антропогенді процеске сезімтал,
    тез бұзылып баяу қалпына келеді.Сондықтан да мемлекетіміздің табиғаты өте
    сезімтал.Бұл жерлерде табиғатты пайдаланудың ұрымтал технологиясын
    қолданған дұрыс. Сонымен бірге табиғи ортаның қалпына келуіне әр түрлі
    қалдықтарды игеруіне мүмкіншілік жасау керек.Қазіргі таңда республикамызда
    экологиялық жағдайы шиеленіскен 30-дан астам ошақ анықталды.Бұл ошақ
    тар Қазақстан аумағының 1/3 –ін алып жатыр. Онда халқымыздың 50% -ы
    шоғырланған. 2004 -2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының
    экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасының негізгі міндеті табиғи ортаны
    біртіндеп қалпына келтіру.Қазіргі күні мемлекетті дамытудың барлық заңында
    және бағдарламасында міндетті түрде экологиялық талап пен норма көрсетіл
    ген,оны іске асыру үшін әрбір жеке адам бойында экологиялық мәдениеттілікті
    8
    қалыптастыру керек.Экологиялық шешімін таппаған проблемалар бір жылда
    емес, ондаған жылдардан бері жинақталған.Дегенмен де қоғам бұл бағытта
    шешуші қадамдар жасауда.

    Арал теңізі мен Балқаш көлінің тартылуы.Өткен ғасырдың 60- шы жылдары
    на дейін Арал теңізі дүние жүзі бойынша ішкі теңіздер арасында көлемі жағынан
    төртінші орында болды. Оның алып жатқан көлемі – 64,5 мың км2, тереңдігі -68
    м болған.60- жылдан бастап Аралға келетін су мөлшері күрт азайды.Ұзақ уақыт бойы Арал теңізі алабының суы мен мақта және басқа да шетелдерге шығарыл
    атын дәнді дақылдар егістіктерін суару үшін пайдаланып келді. Ол үшін негізгі
    екі өзен алабы суы, яғни Әмудария және Сырдария өзендерінің су ресурстары
    жұмсалды, сондықтан Арал теңізіне келіп құятын су қорының аздығы, оның
    деңгейінің төмендеуіне әкеп соқты.Бұл өз кезегінде теңіз фаунасын жойып, су
    9
    және топырақты ластап,аймақтың қоршаған ортасына кері әсер етті.Теңіз көлемі
    екі есеге азайды. 3 млн га теңіз түбі жалаңаштанып жатыр.Теңіз деңгейі 19 м-ге
    төмендей отырып, көлемі бес есеге қысқарды. Су тұздылығы екі есеге артып,
    судың минералдануы 33,3 –тен 60 г/л көтерілген.Арал маңындағы тұзды шаң –
    тозаңдар ағыны ғарыштық зертеулер арқылы анықталғандай 150 – 300 км
    қашықтыққа тарап жатыр.Шаң-тозаңдардың таралуы мен шөгу аймағы 25 млн
    гектар жерді қамтиды.

    Балқаш көлі Жер ғаламшарындағы ең ірі көлдердің қатарында.Балқаш көліне
    Іле, Қаратал, Ақсу, Аягөз, Бақанас, Тоқырау, Мойынты өзендері құяды.Көлде
    20 балық түрі, бекіре, сазан, жайын, көксерке, табан, алабұға, қаракөз жәнет.б.
    бар.Өзендер суының азаюы көл деңгейін 2,5 м-ге төмендетіп, көлемін 2 мың
    км2 – ге кемітті.Көл суы өнеркәсіптік қалдық заттармен, қалалардың қалдық
    суымен, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қалдық заттарымен ластануда.
    Нәтижесінде балық аулау бірнеше есеге азайды, әсіресе құнды балықтар – бекіре
    10
    сазан, Балқаш көксеркесі, рак ауруымен ауырады.Құндыз саны бірнеше жүз
    есеге кеміп кетті.Көл жағалауы мен жайылым жерлер аз уақытта құлдырауға
    ұшырап бүлінуде.Көл жағалауындағы қамыс құрағы құрып бара жатыр.Ол
    судың биологиялық тазартқышы, су құстарының, аңдарың мекен ортасы.Көлге
    жақын өзен бойы , тоғайлары құртылуда.
    Іле –Балқаш су алабын ауыр металдар,мұнай өнімдері мен фенолдар ластауда.
    Оған «Балқашмыс» өндірістік бірлестігі, «Балқаш балық өнеркәсібі», «Сары
    шаған ұшқыр полигондары», т.б.кен байыту комбинаттары Балқаш көліне
    мыңдаған тонна зиянды заттарды төгуде.
    Каспий теңізінің шельфтік жағалауын игеру.Каспий теңізінің экологиялық
    жағдайын сипаттайтын болсақ, теңіз деңгейінің табиғи көтерілуінің салдарынан
    Көптеген мұнай-газ қоймалары судың астында қалды. Сөйтіп теңізге көп
    мөлшерде мұнай өнімдері және ластағыш заттар мене ауыр металдар тарады.
    Каспий теңізінің экологиялық жағдайының нашарлауы ондағы тірі организмдер
    дің жойылуына,мәселен, қара уылдырық беретін бекіре тұқымдас балықтардың
    азайып кетуіне түлендер мен құстардың өлуіне әкеп соқты.

    11

    Соңғы жылдары шетелдік инвесторларды Каспий теңізінің Қазақстандық бөліг
    Індегі мұнай-газ қорлары қатты қызықтыруда. Каспий теңізінен көмірсутегі
    ресурстарын игеру теңіз экологиясына үлкен нұқсан келтірді.Олардың ішінде
    теңіздік ортадағы өзгерістерді көруге болады.Әсіресе балық өрісінің бұзылуы,
    судың лайлануы, технологиялық апаттан қалған қалдықтар, мұнай өнімдерін
    өндіру, тасымалдау кезіндегі ластану өз әсерін тигізеді.Каспий теңізінің бірегей
    экожүйесінің ерекшелігін ескере отырып, шаруашылыққа пайдалану барысында
    экологиялық талаптар мен стандартарды сақтау жолдары қарастырылуы керек.
    Мұнай өндіруші кәсіпорындар қосымша газ өнімдерін игеруге мән бермей,
    оларды ауаға жағып, қоршаған ортаға жану барысында қалдық заттардың
    таралуына жол беред. Атмосфераға көп мөлшерде күкірт оксиді мен азот тара
    алады. Мұнай-газ өндіру нәтижесінде бұл өңірде техногенді жер сілкіну қаупі
    бар.

    12

    Каспий теңізі оның жағалауында орналасқан елдер үшін көліктік маңызы зор.
    Каспий қайраңында мұнайдың өте бай қоры анықталды. Оның болжамды қоры -
    7млрд т, газ конденсаты – 1,6 млрд т жәнетабиғи газ -5,9 трлн м3. Сондықтан
    Касппий қайраңын, оның ішінде, Қашаған кен орнын 2013 жылдан бастап игеру
    еліміздің мұнай өнеркәсібінде негізгі бағыт болып табылады.Қазақстан үшін
    Каспий қайраңында теңізден мұнаймөндіруді дамытудың стратегиялық маңызы
    зор.Каспий теңізі жағалауында орналасқан бес мемлекет арасында оның мұнай
    ын және теңіз биоресурстарын бірігіп пайдалануды реттеу жөнінде мемлекет
    аралық келісімдер жасалуда.Каспий қайраңы мұнайын игеруге дүниежүзінің
    ірі мұнай компаниялары: «Аджип», «Бритиш Петролеум», «Мобил», «Шелл»,
    т.б. қатысуда.
    Су ресурстарының тапшылығы. Республикадағы су тапшылығы олардың
    ластануы мен жетіспеушілігінен.Су ресурстарын тұрмыстық шаруашылықта
    пайдалану 1995 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 2 есеге кеміді.Ауылды
    елді мекендерде тұрғындар суды қала халқына қарағанда үш есе аз пайдаланады.
    Зерттелген 44 су көздерінің 9 өзен, 2 көл,2 су қоймасы «таза суы бар» категория
    13
    ға жатса, «ластанған» және «өте ластанған» су көздеріне 6 өзен, 1 бөген жатады.
    Өте лас өзендерге Елек, Нұра, Ертіс, Самарқан бөгендері жатады.

    Соңғы мәліметтер бойынша XX ғасырдың соңында су ресурстары бойынша жан
    басына шаққанда тұщы су қорымен қамтамасыз етілмеген 20 мемлекет бар, ал
    оның 15-інде халық саны жылдам көбеюде. Барлығы – Азия,Африка мемлекетер
    інде Арабия және Сахара шөлінде орналасқан елдер. 2025 жылы бұлардың қатары
    10-15 мемлекетке көбейеді деп болжануда.Енді олардың саны Америка құрл
    ығының (Гаити,Перу) елдерімен де толығуы тиіс.БҰҰ-ның болжамы бойынша
    су қорының тапщылығын мойындаған халық 1990 жылғы 130 млн-нан 2025 жылы
    1 млрд адамға жетеді. Мұндай жағдайда болашақта демографиялық процеске
    тікелей тәуелді.Дүниежүзі аймақтарының су ресурстарымен әркелкі қамтамасыз
    етілуіне байланысты адамның жан басына шаққандағы үлесі ғаламшарымыз
    бойынша орта есеппен 645 м3-ді құрайды. Бұл жерде жақсы көрсеткіш Солтүстік
    Америкада – 1798 м3, ал ең нашар көрсеткіш Африкада, бар болғаны -202 м3
    Ғарыштық зымыран және әскери жаттығу кешендерінің әрекеттері. Қазіргі
    кезде ел аумағында төрт әскери сынақ полигоны, зымыран ұшыратын «Байқоңыр»
    14
    ғарыш кешені бар.Олар қоршаған ортаға зымыран қалдықтарының түсуімен,
    отындарының төгілуімен зиянын тигізеді.Ғарыштың ғылыми бағдарламасында
    зарядты бөлшектердің концентрациясын , радиотолқындардың таралуын,Жердің
    радиациялық белдеуін, ғарыш сәулелерін, жердің магнит өрісін,күн сәулесін,
    метеорлық заттарды, Жер атмосферасындағы бұлттар жүйесін, ғарыш кеңістігінің
    әсерлерін,ғарыштық ұшулардың техникалық проблемаларын шешу(орбитада
    түйісу,ғарыштық ұшу аппараттарының атмосфераға енуі, ғарышты бағдарлау,
    тіршілікті қамтамасыз ету,сәулелерден қорғану), сондай-ақ ғарыштық ұшу
    аппаратының конструкциялық элементтері мен борттық жүйелерін сынау мәселе
    лері бар.

    Болжам бойынша, әлемдік жыл сайынғы ғарышты игеруге кететін қаражат
    мөлшері 24 млрд долларды құрайды.Жыл сайын 100-ге тарта ғарыш аппараттары
    өндіріледі.Байқоңыр ғарыш айлағы әлеуметтік тапсырыстың 20 % -ын иемденіп
    отыр.Егер сол табыстың 10 % -ын Байқоңырда қалдырса, Қазақстан одан қаншама
    табыс табар еді?
    Ғарышты игеру – осы заманғы маңызды мәселенің бірі.Косманавтика саласын
    дағы кейбір ғалымдар ғарышты тездете «тіршіліктендіру » идеяларын ұсынуда.
    15
    Оның дәлелі ретінде біздің ғаламшарымызға көптеген астероидтар мен комета
    лардың қауіптілігін келтіреді.Ғарыштық ұшуларға ғана емес, жер бетіне түскен
    жағдайда ондағы тіршілікке қауіп төндіретін Жердің жасанды серіктері мен зым
    ыранды алып ұшатын құралдардың кейбір бөліктері ғарышты игерудің ғаламдық
    проблемаларына жатады.Осы уақыттқа дейін барлық мемлекеттердің ғарыштық
    кеңістікті еркін пайдалануын көздейтін халықаралық құқық ғарыштың ластану
    проблемасын реттей алмауда. Мұның дәлелді мысалы ретінде Қазақстан аумағы
    на осындай түскен толып жатқан металл сынықтарының қоршаған ортаға зиянды
    әрекетін айтуға болады.
    Ауа бассейінің ластануы.Атмосфераны негізгі ластаушылар түсті металлургия,
    жылу энергетика, қара металлургия, мұнай –газ кешендері және көлік кешені
    болып саналады.Республиканың 19 қалаларындағы зерттеу жұмысы барысында
    ең лас қалаларға Риддер,Шымкент, Өскемен, Қарағанды, Алматы жатады.Балқаш
    және Өскеменде күкірт диоксиді белгіленген мөлшерден 10-20 есе артық.Бірақта
    ластану деңгейі Атырау облысында қарқын алып келеді.

    16

    Бұл жерлерде қара және түсті металлургия кәсіпорындарынан шығатын қалдық
    заттар шектеулі мөлшерден көп.Ауылдық елді мекендерге қарағанда қалалық елді
    мекендердегі ауа бассейіндерінің ластану деңгейі жоғары. Себебі, ол автокөлік
    терден шығарылатын зиянды заттарға байланысты.Мысалы, автокөліктерден
    шығарылатын зиянды қалдық заттардың жылдық мөлшері Қостанайда 119,4 мың
    т, Шымкентте 87,3 мың т, Алматыда 85,0 мың т, Павлодарда 74,7 мың т, Көкше
    Тауда 53,6 мың т көрсеткішке жетіп отыр.
    Автокөліктерден шығарылатын зиянды қалдық заттардың (көмірсутек оксиді)
    мөлшері 70-80 % -ды құрайды.
    17
    Сонымен қатар ауа бассейнінің ластануына Қазақстан климатының қатаң контин
    ентті болып келуі де себепші болып отыр.Республика аумағында атмосфералық
    жауын-шашын мөлшері аз, сондықтан ауаның табиғи тазаруы нашар.Сондай-ақ
    желдің соғуы да аумақ бойынша біркелкі тарамаған.Сондықтан ауаға зиянды
    заттардың шығарылуын реттеу – өндіріске қалдықсыз технологияларды енгізіп
    онда істейтін мамандармен қамтамасыз ету,т.б. шаралар арқылы атмосфераны
    экологиялық апаттан қалу қажет.
    Өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтар.Республикада шамамен 22 млрд тонна
    өндіріс және тұтыну қалдықтары жиналған.Оның көбісі кен өндіру барысында.
    Кен өндіруде кен қазбаларының 1-2-уінің құрамында ғана пайдалы компоненттер
    мөлшері кездеседі, яғни өндірілген кеннің 3-5%-ын құрайды.Қалған шығарылған
    өнім қалдық ретінде жиналады.Тау-кен металлургия өндірісіндегі түсті металдар
    сирек және бағалы меттал өндірудің жиынтық қалдық қоры ірі кен орындарының
    қор мөлшеріне сай. Жалпы қалдық заттардың 6,7 млрд тоннасы улы, зиянды.
    Олар жер бетін, су көздерін ластайды.Улы өндірістік қалдықтар, түсті металлур
    гия саласында -5,2 млрд тоннаны құрады.Ол қалдықтар Қарағанды (29,4%),
    Шығыс Қазақстан (25,7%), Қостанай (17%), Павлодар (14,6%) облыстарында
    орын алады.Жүзге жуық қалдық орындарында 230 млн т уран өндіруші саланың
    радиоактивті қалдықтары 250 мың кюри мөлшерінде жиналған. Жыл сайын
    қалдық заттар 1 млрд тонаға көбейеді.
    Алматы қаласында жыл сайын 2 млн м3 қалдық заттар жиналады. Оның 300 м3
    өңделеді.Тұрмыстық қалдық заттардың 50%-ы тамақ қалдықтары, 26%-ы – қағаз
    шамамен 9 %-ы пластмасса, 15%-ы шыны, текстиль,тері, металл, керамика, құм
    және т.б.
    18

    Жыл сайын шамамен 10-13 млн м3 қатты тұрмыстық қалдықтар ашық күйінде,
    қалдық зат төгетін жерлерде жинақталуда.Ол жерлер ешқандай табиғатты қорғау
    талаптарына сай келе бермейді.Кезінде ешбір жобасыз салынғандықтан, оның
    5%-ға жетер-жетпес қатты қалдық заттары ғана кәдеге жаратылып өртеледі.

    19
    Қорытынды
    Қоршаған ортаны қорғаудағы экологиялық проблемалар ұтымды шешім
    қабылдауды қажет етеді:
    өндірістегі табиғи сыйымдылықты азайту және экономиканың биосфералық
    процестерге ықпалын кміту мақсатында ресурсты аз тұтынатын технологияны
    енгізу, лас өндіріс орындары санын кеміту;
    табиғатты пайдаланушыларды ынталандыру табиғатты қорғау шараларын
    жүргізе отырып,табиғатты пайдаланудың экономикалық тетіктерін пайдалану,эко
    логиялық төлемдерді реттеу.ол төлемдер арқылы ресурстарды шамадан артық
    пайдаланғаны үшін нормадан тыс қалдық заттарды ауаға таратқаны үшін төлем
    ақыны көтеріп, табиғатты тиімді пайдалануға болатындығ анықталған;


    20
    Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Тауағаш орта мектебінің
    9 – сынып оқушысы Смағұлов Даниялдың
    «Экология және адам»
    атты ғылыми жобасына пікір

    Ғылыми жоба кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және
    пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Аңдатпада осы жұмыстың
    мақсаты мен міндеті, оның зерттеу өзектілігі және күтілетін нәтиже
    көрсетілген.
    Қоршаған ортаны қорғаудағы экологиялық проблемалар ұтымды
    шешім қабылдауды қажет етеді. Қазіргі уақыттағы экологиялық проблема
    лар бірнеше деңгейге бөлінеді.Қазақстан жеріндегі Арал мен Балқаш,
    Каспий теңізінің проблемалары, шөлейттену, ғарыштық зымырандырдың
    ластауы, ауа бассейінің ластануы,өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтар
    және де көптеген проблемаларды қарастырып оған түсінік береді.
    Ғылыми жобада мақсаты мен сол мақсатқа жету үшін қандай міндеттер
    орындау керек екендігі көрсетіледі. Қазақстан даму стратегиясының
    ішінде экологиялық қауіпсіздік басым бағыттарының бірі болып табылады.
    Оқушы осы эколгиялық проблемаларды шешудің жолдарын өзінше көрсету
    ге тырысады.

    « Тауағаш орта мектебі» КММ
    География пәні мұғалімі: Сабитов Қ.М.

    Қолданылған әдебиеттер тізімі:
    1.К.Р.Нұрғалиев, А.К. Нұрғалиев. Қазақстанның экономикасы.
    Оқу құралы. –Алматы: «Қазақ университеті», 2005.
    2.Ә.С.Бейсенова. Экология ел тағдыры. – Мектеп, 2006 ж.
    3. «Жер бетіндегі суларды қорғау » География және табиғат №4 2005 ж
    4. «География және табиғат» журналы №3 2012ж
    5.Қазақ энциклопедиясы.Алматы 2001 ж
    6.ҚР энциклопедиялық анықтамасы.Алматы 2001 ж
    7.География мектепте журналы №2 2005 ж
    8.Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы, 9 –сынып
    Алматы. Атамұра 2013 ж
    9.Қазақ энциклопедиясы. 7-том.


    21
    Категория: География | Добавил: Kair (16.01.2016) | Автор: Сабитов Каир E
    Просмотров: 1890 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Сделать бесплатный сайт с uCoz Copyright MyCorp © 2024